О внесении изменения в решение районного маслихата от 31 января 2006 года № 22/4 «О ставках налогов и отдельных видов платежей» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 31 қаңтардағы №22/4 «Салықтар мен төлемдердің жеке түрлерінің ставкалары туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы №209-ІІ Кодексіне, Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 29 қарашасындағы №601 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс Министрлігінің 2001 жылғы 30 қазандағы №1469 бұйрығына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы «Біржолғы талондардың берілу тәртібін бекіту туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 4493 2006 жылғы 23 желтоқсаннан) бұйрығына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың «Салық және жеке төлемдер түрлерінің ставкалары туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы №22/4 шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 13-10-26 2006 жылғы 7 ақпаннан, 2006 жылғы 1 наурыздағы №12 «Знамя труда» газетінде жарияланған) оның аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 11 шілдедегі №26/4 «Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 31 қаңтардағы №22/4 «Салықтар және жеке төлемдер түрлерінің ставкалары туралы» шешімінің (мемлекеттік тіркеу нөмірі 13-10-36 2006 жылғы 8 тамыздан, 2006 жылғы 18 тамыздағы №38 «Знамя труда» газетінде жарияланған) голықтырылуын ескере келе, келесі өзгертулер енгізілсін: 2 қосымшада: 3 тармакты шығарып тастау.
Тармақ 2
2. Осы шешім арнайы бірінші жарияланған күннен соң, күнтізбе бойынша он күн мерзім өткеннен кейін іске енеді. Келісілген Салық комитетінің төрағасы Зейнуллин Б.З. 2007 жылғы сәуірдің 16 Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Вишневская Н.В. 2007 жылғы сәуірдің 16