О внесении изменений в постановление от 31 мая 2006 года № 850 «О проведении призыва на срочную воинскую службу граждан 1979-1988 годов рождения весной и осенью 2006 года на территории города Курчатов» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Курчатов қаласының аумағында 1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» 2006 жылғы 31 мамырдағы № 850 қаулысына өзгертулер енгізу туралы Кадрлық өзгерістерге байланысты Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Курчатов қаласының аумағында 1979-1988 жылдары туған азаматтарды 2006 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери шетке шақыруды өткізу туралы» 2006 жылғы 31 мамырдағы № 850 қаулысына (тіркеу нөмірі 5-3-23, «Дидар» газетінің 2006 жылғы 24 маусымдағы 63 нөмірінде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін: аталған қаулының 4-тармағындағы «(Мұсағалиева Қ.Қ., келісім бойынша)» сөздері «(Сейітқалиева М.Т., келісім бойынша)» сөздеріне ауыстырылсын; аталған қаулының қосымшасында шақыру комиссиясының құрамына енгізілсін:
Тармақша 1
1) Сейітқалиева Мейрамгүл Темірханқызы - «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын емханасының меңгерушісі (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес комиссия мүшесі болып;
Тармақша 2
2) аталған комиссияның құрамынан Мұсағалиева Қарлығаш Қысатайқызы шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е.В. Старенковаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Шығыс Қазақстан облысы Әділет Департаменті Курчатов қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа кіреді. КЕЛІСІЛДІ: «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бас дәрігері А. СҰЛТАНОВ
Басқа 6. Шақыру комиссиясының құрамы
Курчатов қаласы әкімдігінің 2006 жылғы «16» қазандағы № 1287 қаулысына қосымша Шақыру комиссиясының құрамы Курчатов қаласы әкім аппаратының басшысы А. ӘЛІМХАНОВ