О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 мая 2007 года № 441 «Об утверждении базовых ставок для исчисления размеров вреда, причиненного нарушением лесного законодательства Республики Казахстан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 441 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 441 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларында: «2. Жеке және заңды тұлғалардың ағаш және бұта тұқымдастарын, екпелерді, көшеттерді, орман фаунасы үшін пайдалы шөп өсімдіктерін жойғаны немесе зақымдағаны, ормандағы санитарлық ережелерді, ағаш кесу ережелерін бұзғаны үшін» деген бөлімде: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жеке және заңды тұлғалардың ағаш және бұта тұқымдастарын, екпелерді, көшеттерді, орман фаунасы үшін пайдалы шөп өсімдіктерін жойғаны немесе зақымдағаны, ормандағы санитарлық ережелерді, ағаш кесу ережелерін бұзғаны және заңсыз құрылыстар тұрғызғаны үшін»; мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 23, 24, 25 және 26-жолдармен толықтырылсын: « 23 Ша­бын­дық­тар мен жай­ы­лым­дық ал­қап­тар­ды за­қым­дау 1 м2 үшін 3,0 24 Ағаш ке­сі­л­ген жер­лер мен өр­тең­дер­ді заң­сыз те­гі­стеу 1 м2 үшін 0,5 25 Заң­сыз құ­ры­лы­стар тұр­ғы­зу және қой­ма­лар ор­на­ла­сты­ру 1 м2 үшін 2,0 26 Мы­на: 1) шай­ыр мен ағаш шы­рын­да­рын алу; 2) қо­сал­қы сү­рек ре­сур­ста­рын дай­ын­дау қа­ғи­да­ла­рын бұ­зу 1 литр үшін 1 м2 үшін 0,5 0,5 »; «3. Жеке және заңды тұлғалардың жердің барлық санаттарында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз өндіргені, дайындағаны, зақымдағаны немесе жойғаны үшін» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жеке және заңды тұлғалардың жердің барлық санаттарында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз өндіргені, дайындағаны, зақымдағаны немесе жойғаны үшін Р/с № Өсім­дік­тер то­бы мен за­қым­ның тү­рі Ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер­мен ал­ған­да за­лал­ды өтеу мөл­ше­рі 1 Аға­штың, бұ­та­ның, ли­а­на­ның әр­бір да­на­сы үшін: 1) өсу­ін тоқ­та­ту дә­ре­же­сіне жет­кіз­бей за­қым­дан­ған кез­де 500,0 2) жой­ы­л­ған неме­се өсу­ін тоқ­та­ту дә­ре­же­сіне дей­ін за­қым­дан­ған кез­де 1000,0 2 Мөл­ше­ріне қа­ра­ма­стан, ар­найы рұқ­сат­сыз өн­ді­рі­л­ген, за­қым­дан­ған неме­се жой­ы­л­ған әр­бір шөп тұқым­дас өсім­дік неме­се са­ңы­ра­у­құ­лақ­тың же­мі­сті бө­лі­гі үшін 0,5 3 За­қым­дан­ған неме­се жой­ы­л­ған мүк пен қы­на­ның әр­бір шар­шы мет­рі үшін 2,3 »; «4. Қалалар немесе елді мекендер шегінде өсетін ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, зақымдағаны немесе жойғаны үшін» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қалалар немесе елді мекендер шегінде өсетін ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, зақымдағаны немесе жойғаны үшін Р/с № Аға­штар мен бұ­та­лар тұқы­мы Ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер­мен ал­ған­да бір ағаш үшін за­лал­ды өтеу мөл­ше­рі Аға­штар мен бұ­та­лар­дың жа­сы, жыл 10-ға дей­ін 11-ден 20-ға дей­ін 21-ден 30-ға дей­ін 31-ден және одан жо­ға­ры 1 Қа­ра­ғай 15 25 35 45 2 Шыр­ша­ның бар­лық тү­рі 15 25 35 45 3 Бал­қа­ра­ғай 15 25 35 45 4 Са­мыр­сын 17 27 37 47 5 Ағаш тек­тес ар­ша 14 24 34 44 6 Үй­ең­кі, ше­гір­шін, жө­ке 10 20 30 40 7 Қай­ың 12 22 32 42 8 Көк­те­рек, ағаш тек­тес тал, те­рек 10 20 30 40 9 Грек жаң­ға­ғы, ше­кіл­де­уік жаң­ғақ 50 60 70 80 10 Өрік, ақ қа­ра­ған, ал­ша, до­ла­на, шие, жи­де, ше­тен, ал­хо­ры, мой­ыл, тұт аға­шы, ор­ман ал­ма аға­шы 10 20 30 40 11 Ар­ша, жа­та­ған қа­ра са­мыр­сын 12 22 32 42 12 Са­ры қа­ра­ған, бұ­та тек­тес тал­дар, шыр­ға­нақ, бас­қа да бұ­та­лар 9 19 29 39 Ескертпе:
Тармақша 1
1) мемлекеттік орман қоры аумағында орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған осы базалық ставкаларда көзделген залал келтіргені үшін жеке және заңды тұлғаларға талап-арыздарды мемлекеттік орман иеленушілер не орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары есептейді және ұсынады;
Тармақша 2
2) мемлекеттік орман иеленушілер, орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары және жергілікті атқарушы органның жасыл екпелерді ұстау және қорғау мәселелерін реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей өзі тіркелген жердегі салық органдарына орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған осы базалық ставкаларда көзделген залал келтіргені үшін бюджетке өндіріп алынған сомалар бойынша мәліметтер жібереді;
Тармақша 3
3) мемлекеттік орман қорынан тыс жерде орман заңнамасын бұзудан келтірілген залал мөлшерін есептеу үшін осы базалық ставкаларда көзделген залал келтіргені үшін жеке және заңды тұлғаларға талап-арыздарды жергілікті атқарушы органның жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау мәселелерін реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі есептейді және ұсынады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.