О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2007 года № 506 «О квоте иммиграции оралманов на 2008 год» и постановления Правительства Республики Казахстан от 15 февраля 2008 года №137 «О распределении квоты иммиграции оралманов на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу қвотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 30 желтоқсандағы № 506 Жарлығын және «Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 137 қаулысын іске асыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 2 тармағына сәйкес, «Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу қвотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 30 желтоқсандағы № 506 Жарлығын және «Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 137 қаулысын және «Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 30 желтоқсандағы № 506 Жарлығы» мен «Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 137 каулысынының жүзеге асырылу барысы туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 27 наурыздағы № 73 қаулысын орындау үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Белгіленген оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы 35 отбасы Есіл ауданының селолық округтері бойынша 1 косымшаға сәйкес бөлінсін.
Тармақ 2
2. Оралмандарды кабылдау және жайғастыру жөніндегі аудандық комиссия құрамы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Білім бөлімі: мектеп жасындағы оралмандардың балаларын оқыту және оларды интернаттарға орналастыру бойынша шаралар қолдансын; оралмандардың балаларын бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орнындарына тарту жұмысын тұрақты жүргізсін. мектептерде, мектепке дейінгі ұйымдарда орын қажет еркендерді орналастыру жөніндегі шаралар қабылдасын; оралмандардың балаларына қазақ және орыс тілдерін оқуға барлық қажетті жағдайлар жасасын, оқулықтармен және көрнекі құралдармен, материалдрамен және жабдықтармен толық көлемде қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мыналарды қамтамасыз етсін: әлеуметтік мәселелерді және жұмыска орналастыру мәселелерінің шешілуін; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді; жаңа кәсіби мамандыққа оралмандарды кәсіби даярлау және оқытуды ұйымдастыруды;
Тармақ 5
5. Селолық округтер әкімдері мыналарды қамтамасыз етсін: оралмандарды орналасқан жерлеріне жайғастыруды ұйымдастырсын, олардың бейімделуі үшін жағдай жасасын; Қазакстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жер телімдерін берсін;
Тармақ 6
6. Оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөніндегі аудандық комиссия селолық округтер әкімдерінің, ауданның атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын комиссия отырыстарында ормалмандарды қабылдау және жайғастыру мәселелері бойынша есебін кезең-кезеңмен тындасын.
Тармақ 7
7. Ішкі саясат бөлімі аудан жұртшылығын оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жүйелі түрде хабардар етуді, тақырыптық кездесулер мен хабарлар өткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Осы каулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мұқашев Мақсұт Төлегенұлына жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қодданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Барабаш Александр Иванович 23.05.2008 ж. Есіл ауданының көші-қон полиция бөлімінің бастығы Есентеміров Құрманбай Есентайұлы 23.05.2008 ж. Есіл ауданының Әділет басқармасының бастығы Николаев Юрий Александрович 23.05.2008 ж. Халыққа қызмет көрсету орталығы өлімшесінің операциялық залының меңгерушісі Бұжықаев Жасұлан Серікұлы 23.05.2008 ж.
Басқа 10. Есіл ауданы бойынша 2008 жылға Оралмандар отбасыларын бөлу
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 26 мамырдағы № 115 қаулысына 1 косымша Есіл ауданы бойынша 2008 жылға Оралмандар отбасыларын бөлу Селолық округтер Барлығы 1 Алматы 3 2 Амангелді 3 3 Бесқұдық 2 4 Бұлақ 1 5 Волошинка 1 6 Заградовка 2 7 Заречный 2 8 Ильинка 2 9 Корнеевка 2 10 Николаевка 2 11 Петровка 3 12 Покровка 2 13 Спасовка 1 14 Торанғұл 1 15 Явленка 7 16 Ясновка 1 Барлығы 35
Басқа 11. Оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөніндегі комиссияның құрамы
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 26 мамырдағы № 115 қаулысына 2 косымша Оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөніндегі комиссияның құрамы Мұқашев Мақсұт Төлегенұлы - Аудан әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы Бұжықаев Төлеген Серикұлы - Комиссия төрағасының орынбасары, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бөлімінің бастығы Кравчук Александр Юрьевич - Комиссия хатшысы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бөлімінің жетекші маманы Бектасова Айнагүл Кәкімжолқызы - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Николаев Юрий Александрович - Аудандық әділет басқарма бастығы (келісім бойынша) Бұжықаев Жасұлан Серікұлы - Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімшесінің операциялық залының меңгерушісі (келісім бойынша) Есентеміров Кұрманбай Есентайұлы - Аудандык көші-қон полиция бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Ткаченко Владимир Сергеевич - Аудандык білім бөлімінің бастығы Барабаш Александр Иванович - Ауандык орталык ауруханасының бас дарігері (келісім бойынша )