О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2008 года N 309 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 наурыздағы N 309 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлерін өндіру үшін егістік алқаптың бір гектарына жұмсалатын шығындардың 2008 жылға арналған нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 наурыздағы N 309 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлерін өндіру үшін егістік алқаптың бір гектарына жұмсалатын шығындардың 2008 жылға арналған нормативтерінде: 5-бағанда: "Ақтөбе облысы" деген 2-бөлімде: "II дала аймағы" деген кіші бөлімде: "Мақсары" деген жолдағы "2637" деген сандар "3081" деген сандармен алмастырылсын; "Шығыс Қазақстан облысы" деген 4-бөлімде: "II дала аймағы" деген кіші бөлімде: "Қара құмық" деген жолдағы "2880" деген сандар "3880" деген сандармен алмастырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.