О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 июля 2009 года № 1167 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 34, 329-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: тақырып «ережесін» деген сөзден кейін «және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін» деген сөздермен толықтырылсын; кіріспеде «конкурс» деген сөзден кейін «және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме конкурсы» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Қоса беріліп отырған «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесі бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесінде: «Жалпы ережелер» деген 1-бөлімде: 1-тармақта «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс» деген сөздерден кейін «және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, 2-3-тармақтармен толықтырылсын: «2-1. Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен, қызметтер көрсетумен айналысатын заңды тұлғалар (бұдан әрі - конкурсқа қатысушылар) мынадай номинациялар бойынша сыйлық алуға үміттенуі мүмкін: 1) «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»; 2) «Халық тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын»; 3) «Қызметтер көрсететін үздік кәсіпорын». 2-2. Әрбір номинация бойынша мынадай санаттар бойынша екі сыйлық беріледі: 1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі; 2) ірі кәсіпкерлік субъектісі. 2-3. Сыйлық алуға арналған конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады.»; «Материалдарды ресімдеу және ұсыну тәртібі» деген 2-бөлімде: «заңды тұлға», «заңды тұлғаның», «Заңды тұлғаның», «Заңды тұлға» деген сөздер «конкурсқа қатысушы», «конкурсқа қатысушының», «Конкурсқа қатысушының», «Конкурсқа қатысушы» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне» (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушы)» деген сөздер «конкурсты ұйымдастырушыға» деген сөздермен ауыстырылсын; «Материалдарды алдын ала бағалау тәртібі» деген 3-бөлімнің 13-тармағында «қатысушы-үміткерлердің» деген сөздер «қатысушылардың» деген сөзбен ауыстырылсын; «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесіне 3-қосымшада: мына: « 9 ай ағым­да­ғы жы­лы өт­кен жы­лы » деген бағанда тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: « ал­дың­ғы 2 жыл­да 20___­жы­лы 20___­жы­лы »; осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесі»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 757 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысымен бекітілген «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесі» 1. Жалпы ережелер 1. «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына сәйкес әзірленді. 2. Осы Ереже «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына (бұдан әрі - өңірлік конкурс, республикалық конкурс) ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау тәртібін белгілейді. 3. Республикалық конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушы), өңірлік конкурстардың ұйымдастырушылары Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері (бұдан әрі - өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылар) болып табылады. 4. Республикалық конкурсты және республикалық конкурстың марапаттау рәсімін өткізу Жарлыққа сәйкес Дүниежүзілік сапа күніне орайластырылған салтанатты жағдайда өткізіледі. 2. Өңірлік конкурстарға ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау тәртібі 5. Өңірлік конкурсқа қатысуға: 1) Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсіп, азық-түлік тауарларын және өндірістік-техникалық мақсаттағы (қару-жарақ пен әскери техника өндірісін қоспағанда) өнімдерді өндіруді жүзеге асыратын; 2) өнім сапасының тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз ету және оны жүйелі түрде жақсарту бойынша оң нәтижелері бар заңды тұлғалар немесе дара кәсіпкерлер (бұдан әрі - конкурсқа қатысушылар) үміткер бола алады. 6. Конкурсқа қатысушылар мынадай құжаттарды ұсынады: 1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес өтінім; 2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес сауалнама-декларация; 3) сәйкестік сертификаттары мен сапа және қауіпсіздік туралы қорытындылардың көшірмелері (бар болса); 4) менеджмент жүйесіне арналған сертификаттардың көшірмелері (бар болса); 5) негізгі параметрлер мен сипаттамалардың сандық мәндері көрсетілген өнімнің негізгі тұтынушылық қасиеттерінің сипаты; 6) конкурсқа қатысушылар өз нәтижелерін және осы көрсеткіштердің өзгеру үрдісін бағалайтын көрсеткіштер; 7) конкурсқа қатысушылар қызметінің нәтижелері туралы ақпарат (ұсынылған сандық деректердің маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік беретін қысқаша түсініктермен сүйемелденуге тиіс кестелер немесе диаграммалар түрінде ұсынылады). 7. Өңірлік конкурсқа ұсынылатын материалдар мен өнімдерді алдын ала сараптамалық бағалауды жүргізу үшін өңірлік сараптамалық топ құрылады. 8. Өңірлік сараптамалық топтар өңірлік конкурсты ұйымдастырушының шешімімен құрылады. Сараптамалық топтардың құрамына жергілікті атқарушы органдардың, конкурсты ұйымдастырушы өкілдерінің, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатарынан тағайындалатын төраға, сарапшылар кіреді. Сараптамалық топтардың сандық құрамы кемінде үш адамды құрауы тиіс. 9. Сараптамалық топтар жергілікті жерлерде конкурсқа қатысушылардың материалдарын және өнімді алдын ала сараптамалық бағалауды өңірлік конкурсты ұйымдастырушы бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады. Сараптамалық топтар конкурсқа қатысушылардың материалдары мен өнімді алдын ала сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша алдын ала сараптамалық қорытынды жасайды. 10. Өңірлік конкурстар өңірлік конкурстарды ұйымдастырушы белгілеген мерзімде, бірақ конкурстар өткізілетін жылдың 30 тамызынан кешіктірілмей өткізіледі. 11. Өңірлік конкурстардың ұйымдастырушылары конкурстар өткізілетін жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей өңірлік конкурстар жеңімпаздарының қажетті құжаттарын конкурсты ұйымдастырушыға жібереді. Өңірлік конкурстардың ұйымдастырушылары сараптамалық топтардың алдын ала сараптамалық қорытындыларын ескере отырып: 1) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»; 2) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес «Халық тұтынатын үздік тауарлар»; 3) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша өңірлік конкурстардың жеңімпаздарын анықтайды. 12. Өңірлік конкурстардың жеңімпаздары республикалық конкурсқа қатысады. 3. Республикалық конкурсқа ұсынылатын материалдар мен өнімді алдын ала сараптамалық бағалау тәртібі 13. Республикалық конкурсқа ұсынылатын материалдар мен өнімді алдын ала сараптамалық бағалауды жүргізу үшін республикалық конкурсты ұйымдастырушының шешімімен сараптамалық топтар (бұдан әрі - сараптамалық топтар) құрылады. 14. Сараптамалық топтардың сандық құрамы кемінде бес адамды құрауы тиіс. 15. Сараптамалық топтардың құрамына: 1) осы Ережеге 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес қалған ұстанымдарды сызып тастай отырып, кестеде өзінің құзыреттілігінің деңгейі жеткілікті деп есептейтін ұстанымдарға ғана баға қоятын; 2) алдын ала сараптамалық қорытынды дайындайтын және беретін конкурсты ұйымдастырушы, өзге де мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің, сондай-ақ, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатарынан тағайындалатын төраға, оның орынбасары, сарапшылар кіреді. 16. Конкурсты ұйымдастырушы сараптамалық топтардың алдын ала сараптамалық қорытындыларын және жинақталған құжаттар құрамында сараптамалық бағалаудың толтырылған кестелерін Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияға жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілгенге дейін бес күн бұрын жібереді.
Басқа 1. Тіркеу нөмірі________________ Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне Өтінім
«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесіне 1-қосымша Тіркеу нөмірі________________ Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне Өтінім 1. Өтінім беруші Конкурсқа қатысушының атауы__________________________________________ _____________________________________________________________________ Мекенжайы____________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Қызмет ету кезеңі____________________________________________________ 2. Басшы Тегі, аты, әкесінің аты______________________________________________ Лауазымы_____________________________________________________________ Мекенжайы____________________________________________________________ Жұмыс телефоны, факс_________________________________________________ 3. Конкурсқа қатысушының сипаттамасы Жұмысшылардың жалпы саны_____________________________________________ Филиалдар саны_______________________________________________________ Қосымша: Құжаттар жинағы. Басшының қолы 20 жылғы « »
Басқа 2. Тіркеу нөмірі__________________ Сауалнама-декларация
«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесіне 2-қосымша Тіркеу нөмірі__________________ Сауалнама-декларация 1. Конкурсант Конкурсқа қатысушының атауы__________________________________________ Заңды мекенжайы______________________________________________________ _____________________________________________________________________ 2. Басшы Тегі, аты, әкесінің аты______________________________________________ _____________________________________________________________________ Лауазымы_____________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Пошталық мекенжайы___________________________________________________ _____________________________________________________________________ Жұмыс телефоны ______________________________________________________ 3. Конкурсқа қатысушының атауы туралы мәліметтер Жұмыскерлердің жалпы саны____________________________________________ Филиалдар саны_______________________________________________________ Шығарылатын өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) аса маңызды түрлерінің үш атауы, СЭҚ ТН коды_____________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ 4. Өкілетті және конкурсқа жауапты тұлға Тегі, аты, әкесінің аты______________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Лауазымы_____________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Телефон______________________________________________________________ факс_________________________________________________________________ 5. Декларация Кәсіпорын атынан конкурсқа қатысушылар үшін белгіленген ережелерді орындауға келісетінімізді мәлімдеймін және Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттары атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия шешімін түпкілікті деп қабылдайтын боламыз. Жер-жерде алдын ала бағалауды жүргізу қажет болған жағдайда, біз оны ашық және күнілгері кесіп-пішпей өткізуге көмек көрсетеміз. Біз осындай сараптамаға байланысты шығыстарды кәсіпорын көтеретінін түсінеміз. Басшының қолы 20 жылғы « »
Басқа 3
«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесіне 3-қосымша «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы Облыс________________________________________________________________ Ұйым_________________________________________________________________ Өнім_________________________________________________________________ Бұйымның қорытынды балы______________________________________________ Сараптамалық бағалау кестесі Р/с № Өл­шем­дер, та­лап­тар, көр­сет­кіш­тер Са­рап­шы­лар Ор­та­ша балл 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 1 2 3 4 1 Отан­дық ана­логпен са­лы­стыр­ған­да тех­ни­ка­лық дең­гейі (1-10 балл) 2 Өн­ді­рі­ле­тін өнім кө­ле­мін­де­гі экс­порт­қа шы­ға­ры­ла­тын өнім үле­сі (10 % үшін 1 балл) 3 Өт­кен жыл­дың ұқсас ке­зе­ңі­мен са­лы­стыр­ған­да кон­кур­сқа ұсы­ны­л­ған өнім­ді өн­ді­ру кө­ле­мі­нің ар­туы (10 % үшін 1 балл) 4 Тұ­ты­ну­шы­лар, мем­ле­кет­тік ба­қы­ла­у­шы ор­ган­дар, са­тып ала­тын ұй­ым­дар та­ра­пы­нан са­рап­та­ма­лық-рас­тал­ған ша­ғым­дар­дың бо­луы/жоқ­тығы (0, 10 балл) 5 Тұ­ты­ну­шы­лар­дың, са­тып ала­тын ұй­ым­дар­дың пі­кір­ле­рі (рес­пуб­ли­ка­ның әр­түр­лі өңір­ле­рі­нен және одан тыс жер­лер­ден ке­мін­де 10 ре­сми ре­сім­дел­ген) 6 Қа­зақ­стан­дық ши­кі­зат пен және өңір­лік ма­те­ри­ал­дар­ды пай­да­ла­ну %-ы (әр­бір 10 % үшін 1 балл) 7 Са­па көр­сет­кіш­те­рі­нің, тұ­рақ­ты­лық дең­гейі, ме­недж­мент­тің сер­ти­фи­кат­тал­ған жүй­е­сі­нің бо­луы (1, 10 балл) 8 Мар­ке­тинг­тік са­я­сат ти­ім­ді­лі­гі­нің, бә­се­ке­ге қаб­лет­ті­лік­ті бас­қа­ру­дың дең­гейі (1-10 балл) 9 Бұй­ым­ды жа­сау ке­зін­де пай­да­ла­ны­ла­тын тех­но­ло­ги­я­лар­дың жа­ңа­лы­ғы, про­грес­с­шіл­ді­гі («ноу-ха­удың», өнер­та­быст­ың, па­тент­тің бо­луы) (1-10 балл) 10 Өнім­нің, орам­ның ди­зай­ны, эс­те­ти­ка­лық ерекше­лі­гі (1-10 балл) Бұй­ым­ның қо­ры­тын­ды ба­лы (S (со­ма­сы) орт. балл) Жауапты адам (т.а.ә.)________________ Қолы_________________________________
Басқа 4
«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесіне 4-қосымша «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы Облыс________________________________________________________________ Ұйым_________________________________________________________________ Өнім_________________________________________________________________ Бұйымның қорытынды балы______________________________________________ Сараптамалық бағалау кестесі Р/с № Өл­шем­дер, та­лап­тар, көр­сет­кіш­тер Са­рап­шы­лар Ор­та­ша балл 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 1 2 3 4 1 Отан­дық ана­логпен са­лы­стыр­ған­да тұ­ты­ну қа­си­е­ті­нің дең­гейі (1-10 балл) 2 Өн­ді­рі­ле­тін өнім кө­ле­мін­де­гі экс­порт­қа шы­ға­ры­ла­тын өнім үле­сі (10 % үшін 1 балл) 3 Өт­кен жыл­дың ұқсас ке­зе­ңі­мен са­лы­стыр­ған­да кон­кур­сқа ұсы­ны­л­ған өнім­ді өн­ді­ру кө­ле­мі­нің ар­туы (10 % үшін 1 балл) 4 Әле­умет­тік бә­се­ке­ге қа­бі­лет­ті­лік дең­гейі (ана­логпен са­лы­стыр­ған­да ба­ға­сы және қа­зақ­стан на­ры­ғын­да қол­же­тім­ді­лі­гі)(1- 10 балл) 5 Тұ­ты­ну­шы­лар, мем­ле­кет­тік ба­қы­ла­у­шы ор­ган­дар са­тып ала­тын ұй­ым­дар­дың та­ра­пы­нан са­рап­та­ма­лық-рас­тал­ған ша­ғым­дар­дың бо­луы/жоқ­тығы (0, 10 балл) 6 Тұ­ты­ну­шы­лар­дың, са­тып ал­тын ұй­ым­дар­дың пі­кір­ле­рі (рес­пуб­ли­ка­ның әр­түр­лі өңір­ле­рі­нен және одан тыс жер­лер­ден ке­мін­де 10 ре­сми ре­сім­дел­ген­дер) 7 Қа­зақ­стан­дық және өңір­лік ши­кі­зат пен ма­те­ри­ал­дар­дың % пай­да­ла­ны­луы (әр­бір 10 % үшін 1 балл) 8 Са­па көр­сет­кіш­те­рі­нің тұ­рақ­ты­лық дең­гейі, ме­недж­мент­тің сер­ти­фи­кат­тал­ған жүй­е­сі­нің бо­луы (1, 10 балл) 9 ҚР СТ 1009-2005 азық-тү­лік емес та­у­ар­ла­ры. Тұ­ты­ну­шы­ға ар­нал­ған ақ­па­рат.  Жал­пы та­рап­тар. сақ­та­луы/сақ­тал­мауы (0, 10 балл) 10 Өнім­нің, орам­ның ди­зай­ны, эс­те­ти­ка­лық ерекше­лі­гі (1-10 балл) Бұй­ым­ның қо­ры­тын­ды ба­лы (S (со­ма­сы) орт. балл) Жауапты адам (т.а.ә.)________________ Қолы_________________________________
Басқа 5
«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесіне 5-қосымша «Үздік азық-түлік тауарлар» номинациясы Облыс________________________________________________________________ Ұйым_________________________________________________________________ Өнім_________________________________________________________________ Бұйымның қорытынды балы______________________________________________ Сараптамалық бағалау кестесі Р/с № Өл­шем­дер, та­лап­тар, көр­сет­кіш­тер Са­рап­шы­лар Ор­та­ша балл 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 1 2 3 4 1 Отан­дық ана­логпен са­лы­стыр­ған­да тұ­ты­ну қа­си­е­ті­нің дең­гейі (1-10 балл) 2 Экс­порт­қа шы­ға­ры­ла­тын өнім­нің өн­ді­рі­лу кө­ле­мі­нен үле­сі (10 % үшін 1 балл) 3 Өт­кен жыл­дың ұқсас ке­зе­ңі­мен са­лы­стыр­ған­да кон­кур­сқа ұсы­ны­л­ған өнім­ді өн­ді­ру кө­ле­мі­нің ар­туы (10 % үшін 1 балл) 4 Тұ­ты­ну­шы­лар, мем­ле­кет­тік ба­қы­лау ор­ган­да­ры, са­тып алушы ұй­ым­дар та­ра­пы­нан са­рап­та­ма­лық рас­тал­ған та­лап­тар­дың бо­луы/ жоқ­тығы (0, 10 балл) 5 Тұ­ты­ну­шы­лар­дың, са­тып алушы ұй­ым­дар­дың пі­кір­ле­рі (рес­пуб­ли­ка­ның түр­лі өңір­ле­рі­нен  және оның ше­гі­нен тыс жер­лер­ден ке­мін­де 10 ре­сми ре­сім­дел­ген­дер) (0, 10 балл) 6 Қа­зақ­стан­дық және өңір­лік ши­кі­зат пен ма­те­ри­ал­дар­дың % пай­да­ла­ны­луы (әр­бір 10 % үшін 1 балл) 7 Са­па көр­сет­кіш­те­рі­нің тұ­рақ­ты­лық дең­гейі, сер­ти­фи­кат­тал­ған ме­недж­мент жүй­е­сі­нің бо­луы (1-10 балл) 8 Мар­ке­тинг­тік са­я­сат, бә­се­ке­ге қа­бі­лет­ті­лік­ті бас­қа­ру ти­ім­ді­лі­гі­нің дең­гейі(1-10 балл) 9 Бұй­ым­ды дай­ын­дау ке­зін­де пай­да­ла­ны­ла­тын жа­ңа­лық­тар, тех­но­ло­ги­я­лар про­грес­сив­ті­лі­гі («ноу-ха­удың», өнер та­быст­а­ры­ның, па­тент­тер­дің бо­луы) (1-10 балл) 10 ҚР СТ 1010-2008 Та­мақ өнім­де­рі. Тұ­ты­ну­шы­ға ар­нал­ған ақ­па­рат. Жал­пы та­лап­тар. сақ­та­луы/сақ­тал­мауы (0, 10 балл) 11 Өнім­нің, ора­уы­штың ди­зай­ны, эс­те­ти­ка­лық қа­си­ет­те­рі (1-10 балл) Бұй­ым­ның қо­ры­тын­ды ба­лы (S (со­ма­сы) орт. балл) Жауапты адам (т.а.ә.)________________ Қолы_________________________________