О внесении дополнений в постановление акимата города Актау от 31 декабря 2010 года № 1336 "Об утверждении перечня предприятий, организаций и учреждений,представляющих или создающих социальные рабочие места для целевых групп населения на 2011 год" Қолданыста
Басқа 0
Актау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1336 "2011 жылға арналған халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер тізбесін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурызындағы № 316 «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» қаулысын іске асыру мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қала әкімдігінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1336 «2011 жылға арналған халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер тізбесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-145 болып тіркелген, 2011 жылғы 25 ақпандағы № 26 - 27 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде 2011 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер тізбесі 2 қосымшаға сәйкес толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Т. Елтизаровқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
2011 жылдың 03 қараша № 1375
қаулысына сәйкес келісім парағы
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Ақтау қалалық экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі» ММ - нің бастығы
А.Н. Ким
03 қараша 2011 ж.
«Ақтау қалалық кәсіпкерлік
бөлімі» ММ - нің бастығы
А.Ш. Ержанов
03 қараша 2011ж.
«Ақтау қалалық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» ММ - нің
бастығы
Г.Н. Хайрлиева
03 қараша 2011 ж.
«Ақтау қалалық жұмыспен
қамту Орталығы» ММ - нің
директоры
Х. Нұрбасинова
03 қараша 2011 ж.
Басқа 4
Ақтау қаласы әкімдігінің
03 қараша 2011 жылғы
№ 1375 қаулысына
2 қосымша
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде 2011 жылға
арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе
құрушы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер тізбесі
№
Кәсіпорындар, ұйымдар мен мекелердің атаулары
Әлеуметтік жұмыс орны (адам)
Жұмыс түрлері, көлемі және мерзімі
Қаржыландыру көздері мен еңбекақы мөлшері
Айлық еңбекақы мөлшері (теңге)
Республикалық бюджеттен өтемақы мөлшері (теңге)
1
«М-Техсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ақтау қаласындағы филиалы
3
келісімге сай
келісімге сай
26 000
2
«OPTIMUM» жобалау институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
7
келісімге сай
келісімге сай
26000
3
«Актауская кондитерская фабрика «Волна» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
12
келісімге сай
келісімге сай
26000
4
«Caspian Stal» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
25
келісімге сай
келісімге сай
26000
5
«Фирма «Пирамида» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
4
келісімге сай
келісімге сай
26000
6
«Компания «CP Hotel Aktau» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
3
келісімге сай
келісімге сай
26000
7
«Ақтаулифт» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
2
келісімге сай
келісімге сай
26000
8
«Ақтау Тұрғын Үй» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
10
келісімге сай
келісімге сай
26000
9
«SKY SILK» акционерлік қоғамы
1
келісімге сай
келісімге сай
26000
10
«Ғылыми-зерттеу және мұнай мен газ жобалау институты» акционерлік қоғамы
2
келісімге сай
келісімге сай
26000
11
«Энергопроект-Високоградня» акционерлік қоғамы филиалы
65
келісімге сай
келісімге сай
26000
12
«Маңғыстау гидрометеороло-гия орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорыны
12
келісімге сай
келісімге сай
26000
13
«КазАзот» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
3
келісімге сай
келісімге сай
26000
Барлығы
149