О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 марта 2010 года № 213 "Об утверждении Инструкции по поощрению работников агропромышленного комплекса" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін көтермелеу жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 213 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
«Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін көтермелеу жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 213 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6213 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылы 26 тамызда № 14, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылы 14 тамызда № 330-331 (26174) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына сәйкес, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін және агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпорындары мен ұйымдарының еңбек ұжымдарын көтермелеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - нұсқаулық) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6-бабы 1-тармағының 24) тармақшасы негізінде, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін (бұдан әрі - қызметкерлер) және агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпорындары мен ұйымдарының еңбек ұжымдарын (бұдан әрі – еңбек ұжымдары) көтермелеу мақсатында әзірленді.»; 3-тармақ алып тасталсын; 4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға елеулі үлес қосу;»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Министрліктің Құрмет грамотасымен адал жұмысы, кәсіби шеберлігі, саланың алдына қойылған міндеттерді орындауға қосқан жеке үлесі үшін қызметкерлер, сондай-ақ жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін еңбек ұжымдары марапатталады.»; 21-тармақ алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әкiмшiлiк қамтамасыз ету департаменті (Ж.Е. Аманбаев):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты оның ресми тіркелуінен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Е.И. Аманға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.