О внесении изменении в постановление акимата Алакольского района от 31 марта 2011 года "Об организации и обеспечивании очередного призыва граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года" N 3-59 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алакөл аудан әкімдігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" N 3-59 қаулысына өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19-бабының 3-тармағы, 20-бабының 1-тармағы негізінде Алакөл аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алакөл аудан әкімдігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастырып қамтамасыз ету туралы" N 3-59 Қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылдың 8 сәуірінде N 2-5-146 тіркелген, 2011 жылдың 23 сәуіріндегі N 18 (7444) аудандық "Алакөл" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: қосымшаға: -комиссия мүшесі болып, аудандық шақыру комиссиясының құрамына "Алакөл аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бөлім бастығының орынбасары Байжуманов Бағлан Байжуманұлы енгізілсін; -аудандық шақыру комиссиясының құрамынан Ирмекеев Ерлан Аяжанұлы шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Салтанат Дәулетханқызы Меңлібаеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.