О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 марта 2011 года № 126 "Об утверждении Типового положения о диссертационном совете" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6929 болып тіркелген, 2011 жылғы 5 мамырдағы № 184-185 (26587) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеде»: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Диссертациялық кеңестерді Комитет докторантура мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары оқу орындарында (бұдан әрі - ЖОО) күнтізбелік бір жылға құрады.»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Диссертациялық кеңестің құрамы ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің хаттамалық шешімімен бекітіледі.»; 11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы құжаттарды қабылдайды, тіркейді және диссертациялық кеңеске ұсынады.»; 14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) диссертация орындалған және/немесе докторант тапсырыс беруші немесе орындаушы (тең орындаушы) болып табылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілетін ЖОО немесе ғылыми ұйымдардың басшылары және бөлімшелерінің (кафедралардың, зертханалардың, бөлімдердің) қызметкерлері;»; мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын: «15-1. Диссертация ЖОО-ның интернет-ресурстарында орналастырылғанда авторлық құқықтарды қорғау қамтамасыз етіледі және диссертация материалдарын көшіруден және одан әрі пайдаланудан қорғау технологиялары қолданылады.»; 16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «16. Рецензент диссертацияны және жарияланған жұмыстарды зерделеу негізінде диссертациялық кеңеске жазбаша пікірін ұсынады, онда аталған тақырыптың өзектілігі, диссертацияда тұжырымдалған ғылыми қағидалар, қорытындылар, ұсынымдар және практикалық құндылығы негіздемесінің дәрежесі, олардың жаңалығы бағаланады, сондай-ақ тиісті мамандық бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру мүмкіндігі туралы қорытынды беріледі.»; 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «20. Диссертация қорғалғаннан кейін ғалым хатшы докторанттың аттестациялық ісін жинақтайды, ол Комитетке күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жіберіледі. Осы мерзім өтіп кеткен жағдайда аттестациялық іс қарауға қабылданбайды. Докторанттың аттестациялық ісінде келесі құжаттар қоса беріледі: 1) диссертацияның Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығына жіберілген күні көрсетіліп, диссертациялық кеңес төрағасы қол қойған диссертациялық кеңес құрылған ЖОО-ның ілеспе қолдаухаты; 2) берік түптелген және электронды тасымалдағыштағы (CD-диск) диссертация; 3) диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдар тізімі мен көшірмелері; 4) осы Үлгі ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысанда қазақ және орыс тілдерінде диссертацияның тіркеу-есеп карточкасы; 5) диссертацияның авторы мен дереккөзіне сілтеме жасамай бөтен материалды пайдаланғанына тексерілгені туралы Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының анықтамасы; 6) ғылыми кеңесшілердің пікірлері; 7) 2 (екі) рецензентің пікірі; 8) осы Үлгі ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша диссертациялық кеңес мүшелерінің келу парағы; 9) төраға және ғалым хатшы қол қойған диссертацияны қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес отырысының бейнежазбасы мен стенограммасы; 10) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдардың көшірмелері, оларға қосымшалар (транскрипт көшірмелері); 11) докторантураның кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгергені туралы транскрипттің көшірмесі. 12) осы Үлгі ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша докторант туралы мәлімет»;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Ә. Ырсалиев):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице - министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 мамырдағы № 225 бұйрығымен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеге 4-қосымша Фо­то 3х4 Докторант туралы мәлімет _________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) 1 Ту­ған кү­ні және же­рі, аза­мат­тығы, ұл­ты 2 Жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу­дан кей­ін­гі бі­лі­мі ту­ра­лы ақ­па­рат (ЖОО және оқу мер­зі­мі) 3 Док­то­ран­ту­ра ма­манды­ғы 4 Дис­сер­та­ци­я­ның қор­ғал­ған ор­ны және кү­ні 5 Дис­сер­та­ци­я­ның та­қы­ры­бы және жа­зы­л­ған ті­лі 6 Ғы­лы­ми ке­ңес­ші­лер (Т.А.Ә., ла­у­а­зы­мы, ғы­лы­ми дә­ре­же­сі, ғы­лы­ми ата­ғы, аза­мат­тығы) 7 Ре­сми ре­цен­зент­тер (Т.А.Ә., ла­у­а­зы­мы, ғы­лы­ми дә­ре­же­сі, ғы­лы­ми ата­ғы, аза­мат­тығы) 8 Жа­ри­я­ла­ным­дар са­ны, бар­лы­ғы, оның ішін­де: Ко­ми­тет ұсы­на­тын ба­сы­лым­дар­да Том­сон Рей­тер, Scopus ба­за­сын­да­ғы ше­тел ба­сы­лым­да ха­лы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ция ма­те­ри­а­лын­да, оның ішін­де: ше­тел­дік кон­фе­рен­ция ма­те­ри­а­лын­да 9 Ең­бек жо­лы Қа­был­дау мер­зі­мі Боса­ту мер­зі­мі Жұ­мыс ор­ны, ла­у­а­зы­мы Ме­ке­ме­нің ме­кен-жайы 10 Ме­кен-жайы, бай­ла­ныс де­ректе­рі Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы ____________(Т.А.Ә., қолы) Мөр орны, күні