О внесении изменения в Совместный приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 31 января 2011 года № 59 и Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 25 февраля 2011 года № 45 "Об утверждении критериев оценки степени рисков в сфере частного предпринимательства в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 59 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 45 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 59 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 45 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6841 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 31 мамырда № 226-227 (26625) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: қоса беріліп отырған Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріндегі 13-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауға жіберсін;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Экономикалық даму және сауда министрі ___________С. Қайырбекова ____________ Б. Сағынтаев