О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2012 года № 1384 "Об утверждении Правил размещения отчетности, необходимой государственным органам, на интернет-ресурсе Фонда национального благосостояния, а также перечня, форм и периодичности размещения отчетности" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1126-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастырылатын мемлекеттік органдарға қажетті есептілік нысандарында: 1, 2, 3, 4 және 5-нысандар алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 523 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі Р/с № Есеп­ті­лік­тің ата­уы Ор­на­ла­сты­ру ке­зең­ді­лі­гі Есеп­ті­лік­ке қол­же­тім­ді­лі­гі бар мем­ле­кет­тік ор­ган 1 2 3 4 1. Қарыз алу құ­ры­лы­мы және оны өтеу кесте­сі (ке­піл­дік­тер құ­ры­лы­мы) (6-ны­сан) тоқ­сан сай­ын, есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі ай­дың 30-кү­ніне дей­ін ПӘ, ПМК, ЭБ­ЖМ, Қар­жы­ми­ні 2. Қар­жы тұ­рақ­ты­лы­ғы­ның көр­сет­кіш­те­рі (7-ны­сан) жы­лы­на бір рет, 1 шіл­де­ге дей­ін, 2013 жыл­дан ба­стап тоқ­сан сай­ын, есеп­ті ке­зең­нен ба­стап күн­тіз­бе­лік 80 күн өт­кен­нен кей­ін ПӘ, ПМК, ЭБ­ЖМ, Қар­жы­ми­ні 3. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қо­ры­ның ақ­ша­лай қа­ра­жа­тын иге­ру жө­нін­де­гі есеп (8-ны­сан) тоқ­сан сай­ын, есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі ай­дың 15-кү­ніне дей­ін ПӘ, ПМК, ЭБ­ЖМ, Қар­жы­ми­ні, БП, ЭСЖ­КА 4. Ұлт­тық ком­па­ни­я­лар мәр­те­бе­сі бар ен­ші­лес ұй­ым­дар­дың әле­умет­тік көр­сет­кіш­те­рі жө­нін­де­гі есеп (9-ны­сан) жыл сай­ын, есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі үшін­ші ай­дың 15-кү­ніне дей­ін (1 қаң­тар­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша) ПӘ, ПМК, ЭБ­ЖМ, Қар­жы­ми­ні 5. ________ жағ­дай бой­ын­ша ин­ве­сти­ци­я­лар­дың иге­рі­луі және ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар бой­ын­ша қу­а­ты ту­ра­лы ақ­па­рат (10-ны­сан) тоқ­сан сай­ын, есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі ай­дың 10-кү­ніне қа­рай ПӘ, ПМК, ИЖТМ, ЭБ­ЖМ, Қар­жы­ми­ні, ККМ, БАА 6. Бай­ла­ныс са­ла­сы бой­ын­ша тал­да­ма­лық ақ­па­рат (11-ны­сан) ай сай­ын, есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі ай­дың 10-кү­ніне дей­ін және 11-ны­сан­да көр­се­ті­л­ген мер­зім­дер­де ПӘ, ПМК, БАА 7. 20 ___ ж. «___» _______ жағ­дай бой­ын­ша Қор­дың бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­ла­ры­ның иге­рі­луі жө­нін­де­гі есеп (12-ны­сан) жар­ты­жыл­дық­тың және жыл­дың қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша, есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі ай­дың 15-кү­ніне дей­ін ПӘ, ПМК, ЭБ­ЖМ, Қар­жы­ми­ні 8. 20 ___ ж. «___» _______ жағ­дай бой­ын­ша Қор­дың бюд­жет­тік кре­дит­те­рі­нің иге­рі­луі жө­нін­де­гі есеп (13-ны­сан) жар­ты­жыл­дық­тың және жыл­дың қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша, есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі ай­дың 15-кү­ніне дей­ін ПӘ, ПМК, ЭБ­ЖМ, Қар­жы­ми­ні 9. Қор то­бы­ның IT-ма­ман­да­ры бой­ын­ша ақ­па­рат (14-ны­сан) жыл сай­ын, есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі екін­ші ай­дың 15-кү­ніне дей­ін (1 қаң­тар­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша) ПӘ, ПМК, БАА 10. Қор­дың ұй­ым­дық құ­ры­лы­мы (қыз­мет­кер­лер­дің штат са­нын көр­се­те оты­рып) жыл сай­ын, есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі ай­дың 20-кү­ніне дей­ін (1 қаң­тар­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша) ПӘ, ПМК, ЭБ­ЖМ, Қар­жы­ми­ні 11. Қор­дың Ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі бе­кіт­кен Қор­дың да­му жос­па­ры және оның орын­да­луы жө­нін­де­гі есеп да­му жос­па­ры бе­кі­ті­л­ген­нен және Қор­дың Ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі есеп­ті қа­ра­ған­нан кей­ін бір ап­та ішін­де ПӘ, ПМК, ЭБ­ЖМ, Қар­жы­ми­ні Аббревиатуралардың толық жазылуы: ПӘ – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі ПМК – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы ЭСЖКА – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) БАА – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Қор – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы.