О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2012 года № 1384 «Об утверждении Правил размещения отчетности, необходимой государственным органам, на интернет-ресурсе Фонда национального благосостояния, а также перечня, форм и периодичности размещения отчетности» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі – Қор) мен Қордың тобына кіретін ұйымдардың (бұдан әрі – ұйымдар) мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Қордың интернет-ресурсына орналастыру тәртібін айқындайды.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Қордың интернет-ресурсында орналастырылған қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құқықтық, ұйымдық және техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларын Қор қабылдайды.»; көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесінде және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігінде: реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 12. «Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысында көзделген Қор объектілерін бәсекелес ортаға беру жөніндегі есеп (12-нысан) ттоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін ПӘ (келісу бойынша), ПМК, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша) »; ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында: мына: «ИИДМБ – Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «ИИДМБ – Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»; көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастырылатын, мемлекеттік органдарға қажетті есептілік нысандарында: 5 және 12-нысандар осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2. ИИДМБ1, «Нұрлы жол»2 шеңберінде және Қордың Директорлар кеңесінің қарауына шығарылатын Қордың инвестициялық жобалары туралы ақпарат
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы « » қазандағы № қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысымен бекітілген 5-нысан ИИДМБ1, «Нұрлы жол»2 шеңберінде және Қордың Директорлар кеңесінің қарауына шығарылатын Қордың инвестициялық жобалары туралы ақпарат Р/с № Жо­ба­ның ата­уы Қа­ты­су­шы­лар Өңір Мақ­са­ты/әсе­рі Іс­ке асы­ру мер­зім­де­рі Өн­ді­ріс қу­а­ты Жы­лы­на заттай мән­де Жы­лы­на құн­дық мән­де, млн тең­ге 1 2 3 4 5 6 7 8 1. 2. кестенің жалғасы: Ке­зең­де­гі жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны Жо­ба­ны іс­ке асы­ру ба­стал­ған­нан бе­рі иге­рі­л­ген ин­ве­сти­ци­я­лар Жо­ба­ның құ­ны, млн тең­ге Қар­жы­лан­ды­ру схе­ма­сы Құ­ры­лыс Пай­да­ла­ну млн тең­ге­мен жо­ба­ның жал­пы құ­ны­нан %-бен Мен­шік­ті (Қор және ЕТҰ3) қарыз РБ4 оның ішін­де РБ (ҰҚ5) БЖЗҚ6 (қарыз) 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 кестенің жалғасы: Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні (АА. ЖЖ.) Жо­ба­лық қу­ат­қа шық­қан кү­ні (АА. ЖЖ.) Өн­ді­рі­л­ген өнім­нің заттай мән­де­гі кө­ле­мі (пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап), тон­на, да­на және т.б. Құн­дық мән­де­гі өн­ді­рі­л­ген өнім­нің кө­ле­мі (пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап), млн тең­ге Ағым­да­ғы жағ­дайы (жо­ба бой­ын­ша орын­дал­ған іс-ша­ра­лар және жүр­гі­зі­ле­тін жұ­мыстар) Про­бле­ма­лық мә­се­ле­лер Мә­се­ле Құ­зы­рет­ті ор­ган­ды көр­се­те оты­рып, ше­шу жол­да­ры 19 20 21 22 23 24 25 _____________________________ 1 Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 2 Инфрақұрылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы 3 Еншілес және тәуелді ұйымдар 4 Республикалық бюджет 5 Ұлттық қор 6 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 12-нысан «Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысында (бұдан әрі – № 908 ҚРҮҚ) көзделген Қор объектілерін бәсекелес ортаға беру жөніндегі есеп Ак­тив­тің ата­уы № 908 ҚРҮҚ-ға № 2/№ 5/№ 6 қо­сым­ша­да бе­рі­л­ген Мен­шік­ті үлес, бар­лы­ғы, % Са­ты­ла­тын (бе­рі­ле­тін) үлес, % Бә­се­ке­лес ор­та­ға бе­ру, кү­ні Са­ту кү­ні (са­тып алу-са­ту шар­ты­на қол қою) Қор­дың құ­ра­мы­нан шы­ғу ны­са­ны (са­тыл­ды, та­ра­тыл­ды, қай­та ұй­ым­да­сты­рыл­ды) Са­ту тә­сі­лі 1 2 3 4 5 6 7 Жиы­ны № 908 ҚРҮҚ бой­ын­ша бар­лы­ғы № 908 ҚРҮҚ 2-қо­сым­ша бой­ын­ша № 908 ҚРҮҚ 5-қо­сым­ша бой­ын­ша № 908 ҚРҮҚ 6-қо­сым­ша бой­ын­ша Қалдық кестенің жалғасы: Құ­ны12, мың тең­ге Өзге­лер Ба­лан­стық13 (мен­шік­ті ка­пи­тал) Ба­ға­лау (ба­стап­қы) Са­ту Ай­ыр­ма­сы ба­лан­стық ба­ға­лау 8 9 10 11=10-8 12=10-9 13 Жиы­ны ______________________________ 12 Таратылған және қайта ұйымдастырылған активтер бойынша толтыру талап етілмейді. 13 Активті сату жылының алдындағы есепті жылдың ішіндегі қаржылық көрсеткіштер көрсетіледі.