О внесении изменения и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 32 "Об утверждении Правил по нотариальному делопроизводству" Қолданыста
Басқа 0
"Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7445 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, № 269-273 (27347):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережеде:
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«65. Жекеше нотариустың мөрі осы Ережелерге 16-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жекеше нотариус мөрінің эскизіне сәйкес дайындалады.»;
Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда 16-1 қосымшамен толықтырылсын;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 1999 жылғы 24 ақпанда бекітілген № 16 «Жекеше нотариустың мөрі туралы» бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 702 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Жекеше нотариустың
мөрінің эскизі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 309 бұйрығына
қосымша
Нотариаттық іс жүргізу
жөніндегі ережеге
16-1 қосымша
Жекеше нотариустың
мөрінің эскизі
Жекеше нотариустың
жеке мөрінің сипаттамасы
Тармақ 1
1. Жекеше нотариустың мөрі (бұдан әрі – мөр) арнайы құралда дайындалады, оны дайындауға қойылатын барлық талаптарға сәйкес келуі және жоғары сапалы дайындалуымен, жасандылықтан қорғалуымен, ұзақ мерзімділігімен және бояғыштарға төзімділігімен сипатталуы тиіс.
Тармақ 2
2. Мөрдің диаметрі 44 миллиметр болуы тиіс (бұдан әрі - мм).
Тармақ 3
3. Жекеше нотариустың мөрінің мәтіні «жекеше нотариус», нотариустың тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ лицензияның нөмірі мен берген күні деген сөздерден тұрады. Жекеше нотариустың мөріндегі барлық жазбалардың мазмұны мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылады.
Тармақ 4
4. Мөрдің мәтінінде үш жиек және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленуі тиіс.
Тармақ 5
5. Бірінші жиек 3 мм қалыңдықпен шеңберлі шағын қаріптермен жасалады және «Қазақстан Республикасы» деген сөздерден тұрады.
Тармақ 6
6. Екінші жиек желісінің қалыңдығы 5 мм-ді құрайды. Екінші жиектің ішінде мынадай мазмұндағы мәтін орналасуы тиіс: "№ 0000 Лицензияны ________ жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген".
Тармақ 7
7. Үшінші жиектің қалыңдығы 2,5 мм құрайды, үшінші жиектің ішіндегі мәтін «жекеше нотариус», сондай-ақ жекеше нотариустың тегі, аты, әкесінің аты деген сөздер тұруы тиіс.
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасы» жазуының беті қара бояумен толтырылуы тиіс.
Тармақ 9
9. Бояу нүктелерінің нысаны әртүрлі: шеңбер, эллипс, шаршы және т.б. түрде болуы мүмкін.
Тармақ 10
10. Мөрдің ортасында диаметрі 24 мм Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының айналы бейнесі орналасады.