О внесении изменения в постановление акимата Жамбылской области от 31 октября 2013 года №328 «Об установлении норматива отчисления части чистого дохода областных коммунальных государственных предприятий» Қолданыста
Басқа 0
«Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 31 қазандағы №328 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза
табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 31 қазандағы №328 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2060 болып тіркелген, 2013 жылдың 14 желтоқсанында «Ақ жол» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында
орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі
Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы «7» тамыздағы
№164 қаулысына қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің
2013 жылғы 31 қазандағы
№328 қаулысымен бекітілген
Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі
Тармақ 1
1. Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін облыстық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:
Таза табыс 3 000 000 теңгеге дейін
Таза табыс сомасынан 5 пайыз
Таза табыс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 тенгеге дейін
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз
Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз
Таза табыс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз
Таза табыс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін
97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 30 пайыз
Таза табыс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары
247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 50 пайыз
Тармақ 2
2. Денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыратын облыстық мемлекеттік кәсіпорындар үшін аудару нормативі 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 3
3. Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігі мемлекеттік басқару органымен келісілген нақты жобалар бойынша кәсіпорынның дамуына жұмсалады.