О внесении изменений в решение маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 31 марта 2014 года № 23-13 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей улиц и многоквартирных жилых домов села Новоишимское Новоишимского сельского округа района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области для участия в сходе местного сообщества» Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов
атындағы ауданы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 23-13 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов
атындағы ауданының Новоишим ауылдық округі Новоишим
ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын көше және көп пәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишим ауылдық округі Новоишим ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын көше және көп пәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-13 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2744 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишим ауылдық округі Новоишим ауылында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін шағын аудандар мен көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»;
аталған шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі Новоишим ауылында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
Новоишим ауылдық округі Новоишим ауылында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан мәслихатының
2021 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 14-25 шешіміне
1-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 23-13 шешімімен
бекітілді
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
Новоишим ауылдық округі Новоишим ауылында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишим ауылдық округі Новоишим ауылының шағын аудандары мен көшелері тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылының аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – шағын аудандар мен көшелер тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2 тарау. Жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2 тарау. Жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастық бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (шағын аудандар мен көшелер) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округінің әкімі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишим ауылдық округінің әкімі бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер немесе мемлекеттік мекеменің веб-сайты арқылы өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.
Тармақ 7
7. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишим ауылдық округінің әкімі шағын аудан мен көше шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді ұйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті шағын аудан мен көшенің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишим ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудан және көше тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
11.Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы екі жұмыс күні ішінде қол қояды және қол қойылғаннан бастап бір жұмыс күні ішінде Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишим ауылдық округі Новоишим ауылының шағын аудандары мен көшелері тұрғындары өкілдерінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін сандық құрамы
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан мәслихатының
2021 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 14-25 шешіміне
2-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 23-13 шешімімен
бекітілді
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишим ауылдық округі Новоишим ауылының шағын аудандары мен көшелері тұрғындары өкілдерінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін сандық құрамы
№ р/с
Шағын аудандар мен көшелердің атауы
Новоишим ауылының шағын аудандары мен көшелері тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
1
Новоишим ауылының Советская көшесінің тұрғындарына
3
2
Новоишим ауылының Мағжан Жұмабаев шағын ауданы тұрғындарына
3
3
Новоишим ауылының Больничная көшесінің тұрғындарына
3
4
Новоишим ауылының Степная көшесінің тұрғындарына
3
5
Новоишим ауылының Мир көшесінің тұрғындарына
3
6
Новоишим ауылының Строительная көшесінің тұрғындарына
3
7
Новоишим ауылының Прудовая көшесінің тұрғындарына
2
8
Новоишим ауылының Уәлиханов көшесінің тұрғындарына
3
9
Новоишим ауылының Солнечный шағын ауданы тұрғындарына
3
10
Новоишим ауылының Терешкова көшесінің
тұрғындарына
3
11
Новоишим ауылының Абай Құнанбаев көшесінің тұрғындарына
3
12
Новоишим ауылының Интернациональная көшесінің тұрғындарына
3
13
Новоишим ауылының Әуелбеков көшесінің тұрғындарына
3
14
Новоишим ауылының Зерновая көшесінің тұрғындарына
3
15
Новоишим ауылының Луначарский көшесінің тұрғындарына
3
16
Новоишим ауылының Ишимская көшесінің тұрғындарына
3
17
Новоишим ауылының Чапаев көшесінің тұрғындарына
3
18
Новоишим ауылының Набережная көшесінің тұрғындарына
3
19
Новоишим ауылының Жаңауыл көшесінің тұрғындарына
3
20
Новоишим ауылының Комсомольская көшесінің тұрғындарына
3
21
Новоишим ауылының Абылай хан көшесінің тұрғындарына
3
22
Новоишим ауылының Тәуелсіздік көшесінің тұрғындарына
3
23
Новоишим ауылының Ғ.Мүсірепов көшесінің тұрғындарына
3
24
Новоишим ауылының Школьная көшесінің тұрғындарына
3
25
Новоишим ауылының Ленин көшесінің тұрғындарына
3
26
Новоишим ауылының Ақан Сері көшесінің тұрғындарына
3
27
Новоишим ауылының Сейфуллин көшесінің тұрғындарына
3
28
Новоишим ауылының Гаражная көшесінің тұрғындарына
3
29
Новоишим ауылының Октябрьская көшесінің тұрғындарына
3
30
Новоишим ауылының Локомотивная көшесінің тұрғындарына
3
31
Новоишим ауылының Станционная көшесінің тұрғындарына
3
32
Новоишим ауылының Ә.Молдағұлова көшесінің тұрғындарына
3
33
Новоишим ауылының М.Мәметова көшесінің тұрғындарына
3
34
Новоишим ауылының Юбилейная көшесінің тұрғындарына
3
35
Новоишим ауылының Энгельс көшесінің тұрғындарына
3
36
Новоишим ауылының К.Маркс көшесінің тұрғындарына
3
37
Новоишим ауылының Трудовая көшесінің тұрғындарына
2
38
Новоишим ауылының Пионерская көшесінің тұрғындарына
3
39
Новоишим ауылының ДЭУ көшесінің тұрғындарына
3
40
Новоишим ауылының Ворошилов көшесінің тұрғындарына
3
41
Новоишим ауылының Заслонов көшесінің тұрғындарына
3
42
Новоишим ауылының Путейская көшесінің тұрғындарына
2
43
Новоишим ауылының Островский көшесінің тұрғындарына
3
44
Новоишим ауылының Гагарин көшесінің тұрғындарына
3
45
Новоишим ауылының Маслозаводская көшесінің тұрғындарына
1
46
Новоишим ауылының Жаңауыл шағын ауданы тұрғындарына
3
47
Новоишим ауылының Элеваторный көшесінің тұрғындарына
3
48
Новоишим ауылының Больничный
шағын ауданы тұрғындарына
3