О внесений изменений в решение маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 31 марта 2014 года № 23-18 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей улиц и сел для участия в сходе местного сообщества Червонного сельского округа района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-18 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Червонный ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын көше және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-18 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Червонный ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысатын көше және мен ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2755 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Червонный ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер мен ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»; аталған шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Червонный ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Червонный ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 14-30 шешіміне 1-қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-18 шешімімен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Червонный ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Червонный ауылдық округі аумағындағы ауыл, көшелер тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Червонный ауылдық округінде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі 2-тарау
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі 2-тарау
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (селоларға, көшелерге) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін үш адамнан аспайтын мөлшерде өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Червонный ауылдық округінің әкімімен шақырылады және ұйымдастырылады.
Тармақ 6
6. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Червонный ауылдық округінің әкімі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Ауыл, көше шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Червонный ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны ашылғанға дейін оған қатысуға құқығы бар тиісті ауылдың, көшенің тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан жағдайда өткізілген болып есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Червонный ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам ашады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Червонный ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын жасау үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл тұрғындары мен көшелерiнiң өкiлдерiне кандидаттарды Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудандық мәслихаты бекiткен сандық құрамына сәйкес жергiлiктi қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидат бойынша жеке жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған кандидаттар сайланды деп есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы екі жұмыс күні ішінде қол қояды және қол қойылғаннан бастап бір жұмыс күні ішінде Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Червонный ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Червонный ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысу үшін көшелер мен ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 14-30 шешіміне 2-қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-18 шешімімен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Червонный ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысу үшін көшелер мен ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы № Ауылдар мен көшелердің атаулары Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Червонный ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысу үшін көшелер мен ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) 1 Червонное ауылы, Набережная көшесінің тұрғындарына 3 2 Червонное ауылы, Центральная көшесінің тұрғындарына 3 3 Червонное ауылы, Комсомольская көшесінің тұрғындарына 3 4 Червонное ауылы, Школьная көшесінің тұрғындарына 1 5 Червонное ауылы, Молодежная көшесінің тұрғындарына 1 6 Червонное ауылы, Целинаға 30 жыл көшесінің тұрғындарына 1 7 Червонное ауылы, Дружба көшесінің тұрғындарына 1 8 Червонное ауылы, Новоселов көшесінің тұрғындарына 3 9 Червонное ауылы, Степная көшесінің тұрғындарына 2 10 Пески ауылы, Зеленая көшесінің тұрғындарына 3 11 Пески ауылы, Набережная көшесінің тұрғындарына 2 12 Пески ауылы, Калинин көшесінің тұрғындарына 3 13 Пески ауылы, Юбилейная көшесінің тұрғындарына 1 14 Пески ауылы, 22-партсъезд көшесінің тұрғындарына 1 15 Пески ауылы, Школьная көшесінің тұрғындарына 1 16 Ұзынкөл ауылының тұрғындарына 1