О внесений изменений в решение маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 31 марта 2014 года № 23-20 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Шоптыкольского сельского округа района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-20 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Шөптікөл ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Шөптікөл ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2746 болып тіркелді) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Шөптікөл ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер мен ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»; аталған шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 14-32 шешіміне 1-қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-20 шешімімен бекітілді Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6 тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі аумағындағы ауылдар мен көшелерінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округінің әкімімен шақырылады және ұйымдастырылады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастық халқы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық орындарға (ауылдық округ әкімдігінде, хабарлама тақтасында, дүкендерде) хабарландырулар ілу арқылы, олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Ауылдарының, көшелердің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдардың, көшелердің тұрғындарының өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатымен бекітілген сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынның қатысушыларымен ұсынылады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы екі жұмыс күні ішінде қол қояды және қол қойылғаннан бастап бір жұмыс күні ішінде Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысу үшін көшелер мен ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 14-32 шешіміне 2-қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-20 шешіміне қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысу үшін көшелер мен ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы № Ауылдар мен көшелер атауы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Шөптікөл ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысу үшін көшелер мен ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) 1 Шөптікөл ауылы, Рақымжан Қошқарбаев көшесінің тұрғындарына 1 2 Шөптікөл ауылы, Молодежная көшесінің тұрғындарына 1 3 Шөптікөл ауылы, Интернациональная көшесінің тұрғындарына 1 4 Шөптікөл ауылы, Садовая көшесінің тұрғындарына 1 5 Шөптікөл ауылы, Мир көшесінің тұрғындарына 1 6 Шөптікөл ауылы, Абай көшесінің тұрғындарына 2 7 Шөптікөл ауылы, Школьная көшесінің тұрғындарына 2 8 Шөптікөл ауылы, Целинная көшесінің тұрғындарына 2 9 Шөптікөл ауылы, Набережная көшесінің тұрғындарына 3 10 Шөптікөл ауылы, Ақанұлы Жанатай батыр көшесінің тұрғындарына 3 11 Шөптікөл ауылы, Гагарина көшесінің тұрғындарына 3 12 Шөптікөл ауылы, Куйбышева көшесінің тұрғындарына 2 13 Шөптікөл ауылы, Космонавтов көшесінің тұрғындарына 1 14 Шөптікөл ауылы, Зерновая көшесінің тұрғындарына 2 15 Шөптікөл ауылы, Терешкова көшесінің тұрғындарына 1 16 Шөптікөл ауылы, Речная көшесінің тұрғындарына 1 17 Разгульное ауылы, 50 лет ВЛКСМ көшесінің тұрғындарына 2 18 Разгульное ауылы, Школьная көшесінің тұрғындарына 3 19 Разгульное ауылы, Советская көшесінің тұрғындарына 3 20 Разгульное ауылы, Терешкова көшесінің тұрғындарына 3 21 Разгульное ауылы, Набережная көшесінің тұрғындарына 3 22 Жаркөл ауылының тұрғындарына 3 23 Үлкен Талсай ауылының тұрғындарына 2 24 Қонырсу ауылының тұрғындарына 2