О внесений изменений в решение маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 31 марта 2014 года № 23-21 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей улиц и сел для участия в сходе местного сообщества Шукыркольского сельского округа района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-21 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Шұқыркөл ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қөшелер мен ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Шұқыркөл ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қөшелер мен ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-21 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2747 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасындағы кестенің «Ауылдар мен көшелері атауы» бағанында 4-жолдағы «Новая» деген сөз «Еркін Әуелбеков» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.