О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Семей от 31 марта 2014 года № 28/150-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабының 2-3 - тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 25 сәуірде № 3267 тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырдағы «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінің № 35-36 нөмірлерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының: 2 - тармағы: мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын: «1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электронды нысанда мемлекеттік қызметер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға;»; 1) тармақша 1-1) тармақша болып есептелсін; 8) тармақша алып тасталсын; 10 – тармақтың 4) тармақшасы мынадай абзацпен толықтырылсын: «1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталмаған тұлғаларға - 1,6 айлық есептік көрсеткіш»; 23 – тармақ алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.