О внесении изменений и дополнения в решение маслихата города Семей от 31 марта 2014 года № 28/150-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған
Басқа 0
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде 2014 жылғы 25 сәуірде № 3267 тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырдағы «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінің № 35-36 нөмірінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Аталған шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының:
2-тармағының 7) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«7) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсететін «ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі;»;
7-тармақ:
келесі мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) ерекше күтім режіміндегі білім беру ұйымдарында ұсталатын кәмелетке толмағандар;»;
10) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«10) пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.