О внесении изменений в решение маслихата города Семей от 31 марта 2014 года № 28/150-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабының 2-3 - тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 3267 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырдағы «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерінің № 35-36 сандарында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының 10 – тармағының 4) тармақшасында: бірінші абзац келесі редакцияда жазылсын: «Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына - 82,5 айлық есептік көрсеткіш;»; үшінші абзац келесі редакцияда жазылсын: «қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің зайыптарына – 47,6 айлық есептік көрстекіш;»; төртінші абзац келесі редакцияда жазылсын: «қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтарға – 47,6 айлық есептік көрсеткіш;»; бесінші абзац келесі редакцияда жазылсын: «екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 47,6 айлық есептік көрсеткіш;»; жетінші абзац келесі редакцияда жазылсын: «Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталғандарға – 12,7 айлық есептік көрсеткіш»;».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.