О внесении изменений в решение маслихата от 31 октября 2014 года № 283 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи» Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5173 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 желтоқсанда «Айна» аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегі «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) тоқсанына бір рет көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі – қызмет алушы) (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі – портал) балама негізде өтініш береді және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда № 11015 болып тіркелген) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.».
3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Стандарттың 4-тармағымен қарастырылған мерзімде ұсынады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қарабалық ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
________________ С. Коваленко
«1» қараша 2018 жыл