О внесении изменения в решение маслихата от 31 октября 2014 года № 283 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 – бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97- бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5173 тіркелген, 2014 жылғы 4 желтоқсанда «Айна» аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында: 1- тармақтың 1- тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «1)       жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы ___________________Д. Шрейдер