О внесении изменений в решение маслихата от 31 октября 2014 года № 283 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы2 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 – бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 97- бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5173 тіркелген, 2014 жылғы 4 желтоқсанда аудандық «Айна» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: Жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында: 2, 3- тармақтары жаңа редакцияда жазылсын: «2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) «Қостанай облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Қарабалық бөліміне (бұдан әрі – ХҚКО) немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі – портал) балама негізде өтінішпен жүгінеді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9- тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады. 3. Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады және көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетіледі.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.