О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 31 октября 2014 года № 470 «Об утверждении Правил разработки проектов местных бюджетов» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9950 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов 2017 жылғы 28 тамыз
Басқа 0. Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 21 августа № 507 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығымен бекітілді Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне (бұдан әрi – Кодекс) сәйкес әзiрлендi және жергiлiктi бюджеттердің жобаларын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Жергiлiктi бюджеттердің жобаларын әзiрлеу үдерісі:
Тармақша 1
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеуді және оны жергiлiктi атқарушы органның мақұлдауын;
Тармақша 2
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау;
Тармақша 3
3) жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдері, тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері бар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, бюджеттік өтінімдерді және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауын;
Тармақша 4
4) жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзірлеуді қамтиды.
Тармақ 3
3. Кодекстің 61-бабының 8-тармағына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган әзiрлейдi.
Тармақ 4
4. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары айқындайтын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамаларға арналған лимиттерін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар айқындайды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштері, республикалық және жергілікті бюджеттердің, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының, жоспарлы кезеңге арналған тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындалады. Кодекстің 65-1-бабына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын тәртіппен айқындалады.
Тарау 2. 2-тарау. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және бюджеттiк өтiнiмдерді әзiрлеу
2-тарау. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және бюджеттiк өтiнiмдерді әзiрлеу
Тармақ 5
5. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінiң шығыстарын жоспарлау үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын әзірлейді және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады. Нәтижелердi бағалау жүргiзiлген жағдайда Қағидалардың осы тармағында көрсетiлген құжаттарға бағалау нәтижелерi қоса берiледi.
Тармақ 6
6. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің шығыстары базалық шығыстар және жаңа бастамаларға арналған шығыстар болып бөлiнеді. Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобаларға және қабылданған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады. Мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi орындауға және мемлекеттiк қызметтер көрсетуге, сондай-ақ трансферттер төлеуге және жергiлiктi атқарушы органның басқа да мiндеттемелерiне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады. Жаңа бастамаларға арналған шығыстарға: кейіннен жаңа бюджеттiк бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтiк-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын iске асыруға; макроэкономикалық және әлеуметтiк көрсеткiштердiң өзгеруiне байланысты емес және iс жүзiндегi бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттiк функциялар, өкiлеттiктер және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер көлемiн кеңейтудi) көздейтiн базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.
Тармақ 7
7. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi шығыстарының көлемін базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясы мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның ұсыныстары негiзiнде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында бөледі. Базалық шығыстар шығыстардың қолданыстағы құрылымы мен болжамды макроэкономикалық көрсеткiштер негiзiнде есептелген кезектi жоспарлы кезеңнiң үшiншi жылына арналған болжамды көлемдердi қоса отырып, ағымдағы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдары шығыстарының бекiтiлген көлемi негiзiнде айқындалады. Жаңа бастамаларға арналған шығыстар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген өңірді дамыту басымдықтарын, есепті қаржы жылының бюджеттік мониторинг нәтижелерін, нәтижелерді бағалауды ескере отырып, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында бөлуге жатады.
Тармақ 8
8. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң жаңа бастамаларға арналған шығыстарды жоспарлауы қосымша бюджет қаражатын бөлу есебінен де, алдыңғы жоспарлы кезеңде облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнде бекiтiлген осы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебiнен де жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгермейтiн болса, онда осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) шығыстарының түрлерi бойынша есептеулер жасалмайды.      Осы бағдарламалар шығыстарының түрлерi бойынша есептеулер үшiншi жылға ғана жасалады. Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнiң екiншi және (немесе) үшiншi жылдарының шығыстар сомасы облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгеретiн болса, онда шығыстар түрлерi бойынша есептер осы бағдарламаларға (кiшi бағдарламаларға) жоспарланатын жоспарлы кезең жылдары бөлiнiсiнде жасалады және ұсынылады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуын талдаудың және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:
Тармақша 1
1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына, бюджеттік бағдарламалар жобаларына және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге арналған бағалар дерекқоры да пайдаланылады;
Тармақша 2
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобалары нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің аумақтарды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларымен өзара байланыстылығы, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жетімділік дәрежесі тұрғысынан, сондай-ақ олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Тармақ 11
11. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тиісті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерін қарау кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың атқарылуын талдау және оларды келесі жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімде ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың сомаларымен салыстыру жолымен өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылу нәтижелерін, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатының игерілмеуіне әкеп соқтырған себептерді;
Тармақша 2
2) бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне қол жеткізу бөлігінде бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін;
Тармақша 3
3) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері өтінім берген шығыстарды оның негізділігі тұрғысынан қарау бөлігінде өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есепке облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары берген қорытындылары мен ұсынымдарын ескереді;
Тармақша 4
4) мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет заңнамасына сәйкес құжаттаманың болуы, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды іске асырудан экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштерін ескере отырып, мониторингілеу мен бағалау нәтижелері ескеріледі;
Тармақша 5
5) бюджеттік кредиттер бойынша кредиттік шарт талаптарының орындалуы және бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуы ескеріледі;
Тармақша 6
6) нысаналы даму трансферттері бойынша мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді талдау ескеріледі, олардың шешілуіне нысаналы трансферттер бойынша келісімдердің жобаларында көзделген нысаналы даму трансферттері бөлінеді. Бюджеттік өтінімнің жасалуы мен үсынылуы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган оны қарамастан жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне қайтарады.
Тармақ 12
12. Қайтарылған жағдайда, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, бюджеттiк өтiнiмдерді пысықтайды және оларды қайтарылған күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындысы бойынша келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінімдер және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына жолдайды.
Тармақ 13
13. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган арасындағы келiспеушiлiктердi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы қарайды. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы Қағидалардың 10 және 12-тармақтарында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Тармақ 14
14. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде пысықталған бюджеттік өтінімдерді, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
Тарау 3. 3-тарау. Мәслихаттың облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi туралы шешiмiнiң жобасын әзiрлеу
3-тарау. Мәслихаттың облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi туралы шешiмiнiң жобасын әзiрлеу
Тармақ 15
15. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуы болжамының негізінде облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң жобасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң жобасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен кешіктірмей аяқталады.
Тармақ 16
16. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджет комиссиясының облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасы бойынша ұсыныстары негiзiнде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасын әзiрлейдi және оны ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының қарауына ұсынады.
Тармақ 17
17. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасы Кодекстiң 13-бабында көзделген бюджет құрылымы бойынша және Кодекстiң 72-бабында көзделген талаптарды ескере отырып әзiрленедi.
Тармақ 18
18. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында облыс бюджетінің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын талқылауды жүргізеді.
Тармақ 19
19. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы Кодекстiң 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттар мен материалдарды:
Тармақша 1
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын;
Тармақша 2
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;
Тармақша 3
3) жергілікті бюджеттің жобасында қамтылған шешімдерді ашатын түсіндірме жазбаны, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөліндісінде: есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасын; орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жағдайының қысқаша сипаттамасын; жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын; бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасын; бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасын қамтитын ақпаратты ұсынады.
Тарау 4. 4-тарау. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және бюджеттiк өтiнiмдерiн әзірлеу
4-тарау. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және бюджеттiк өтiнiмдерiн әзірлеу
Тармақ 20
20. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттің шығыстарын жоспарлау үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттiк өтiнiмдердi, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын әзірлейді және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейiнгi мерзiмде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады. Нәтижелерге бағалау жүргiзiлген жағдайда, аталған Қағидалардың осы тармағында көрсетiлген құжаттарға бағалау нәтижелерi қоса берiледi.
Тармақ 21
21. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттің шығыстары базалық шығыстар мен жаңа бастамаларға арналған шығыстар болып бөлiнеді. Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобаларға және қабылданған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады. Мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi орындауға және мемлекеттiк қызметтер көрсетуге және де жергiлiктi атқарушы органның басқа да мiндеттемелерiне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады. Жаңа бастамаларға арналған шығыстарға: кейiннен жаңа бюджеттiк бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтiк-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын iске асыруға; макроэкономикалық және әлеуметтiк көрсеткiштердiң өзгеруiне байланысты емес және iс жүзiндегi бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттiк функциялар, өкiлеттiктер және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер көлемiн кеңейтудi) көздейтiн базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.
Тармақ 22
22. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарының көлемi базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның ұсыныстары негiзiнде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында бөлінедi. Базалық шығыстар шығыстардың қолданыстағы құрылымы мен болжамды макроэкономикалық көрсеткiштері негiзiнде есептелген кезектi жоспарлы кезеңнiң үшiншi жылына арналған болжамды көлемдердi қоса отырып ағымдағы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдары шығыстарының бекiтiлген көлемi негiзiнде анықталады. Жаңа бастамаларға арналған шығыстар жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгiленген өңiрдiң даму басымдықтарын, есептi қаржы жылының бюджеттiк мониторинг нәтижелерiн, нәтижелердi бағалауды ескере отырып бөлiнуге жатады.
Тармақ 23
23. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң жаңа бастамаларға арналған шығыстарды жоспарлауы қосымша бюджет қаражатын бөлу есебiнен сияқты бұған дейiнгi жоспарлы кезеңде аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет туралы мәслихат шешiмiнде бекiтiлген осы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебiнен де жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша бұған дейiнгi жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет туралы мәслихат шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгермейтiн болса, онда осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) шығыстарының түрлерi бойынша есептер жасалмайды. Осы бағдарламалар шығыстарының түрлерi бойынша есептер тек қана үшiншi жылға жасалады. Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша бұған дейiнгi жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет туралы мәслихат шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгеретiн болса, онда осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша шығыстар түрлерi бойынша есептер жоспарланған жоспарлы кезеңнің жылдары бөлінісінде жасалады және беріледі.
Тармақ 25
25. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылында бюджеттің атқарылуын талдаудың және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:
Тармақша 1
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына, бюджеттік бағдарламалар жобаларына және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағалар дерекқоры пайдаланылады;
Тармақша 2
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің аумақтарды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларымен өзара байланыстылығы, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жетімділік дәрежесі тұрғысынан, сондай-ақ олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Тармақ 26
26. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тиісті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерін қарау кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың атқарылуын талдау және оларды келесі жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімде ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың сомаларымен салыстыру жолымен өткен қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылу нәтижелерін, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатының игерілмеуіне әкеп соқтырған себептерді;
Тармақша 2
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өтінім берген шығыстарды олардың негізділігі тұрғысынан қарау бөлігінде өткен қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы есебіне облыстардың тексеру комиссиялары берген қорытындылар мен ұсынымдарды ескереді;
Тармақша 3
3) мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет заңнамасына сәйкес құжаттаманың болуы, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды іске асырудан экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштерін ескере отырып, мониторингілеу мен бағалау нәтижелері ескеріледі;
Тармақша 4
4) бюджеттік кредиттер бойынша кредиттік шарт талаптарын орындау және нысаналы мақсат бойынша бюджеттік кредитті пайдалану ескеріледі. Бюджеттік өтінім оның жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган, оны қарамастан жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне қайтарады.
Тармақ 27
27. Қайтарылған жағдайда, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, бюджеттiк өтiнiмдерді пысықтайды және оларды қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттік өтінімдерді, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындысы бойынша келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінімдер және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
Тармақ 28
28. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган арасындағы келiспеушiлiктердi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қарайды. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы осы Қағидалардың 25 және 27-тармақтарында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Тармақ 29
29. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде пысықталған бюджеттiк өтiнiмдерді, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.
Тарау 5. 5-тарау. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу
5-тарау. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу
Тармақ 30
30. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы негiзiнде жоспарлы кезеңге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттің жобасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi. Жоспарлы кезеңге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттің жобасын қарау және анықтау ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешiктiрмей аяқталады.
Тармақ 31
31. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жоспарлы кезеңге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттiң жобасы бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстары негiзiнде жоспарлы кезеңге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасын әзiрлейдi және оны ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешiктiрмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қарауына ұсынады.
Тармақ 32
32. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет туралы мәслихат шешiмiнiң жобасы Кодекстiң 13-бабында көзделген бюджет құрылымы бойынша және Кодекстiң 73-бабында көзделген талаптар ескеріле отырып әзiрленедi.
Тармақ 33
33. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің жобасын «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын Қоғамдық кеңестің отырысында талқылауды жүргізеді.
Тармақ 34
34. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарлы кезеңге арналған бюджетінің жобасын жергілікті атқарушы орган Кодекстiң 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттар мен материалдарды:
Тармақша 1
1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын;
Тармақша 2
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;
Тармақша 3
3) жергілікті бюджеттің жобасында қамтылған шешімдерді ашатын түсіндірме жазбаны, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөліндісінде: есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасын; орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жағдайының қысқаша сипаттамасын; жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын; бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасын; бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасын қамтитын ақпаратты ұсынады.
Тарау 6. 6-тарау. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетiнен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және бюджеттiк өтiнiмдерiн әзірлеу
6-тарау. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетiнен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және бюджеттiк өтiнiмдерiн әзірлеу
Тармақ 35
35. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кент, ауылдық округтің бюджет шығыстарын жоспарлау үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi – бюджеттiк өтiнiмдерiнің, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын әзірлейді және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырынан кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органына ұсынады. Нәтижелерге бағалау жүргiзiлген жағдайда, осы Қағидалардың аталған тармағында көрсетiлген құжаттарға бағалау нәтижелерi қоса берiледi.
Тармақ 36
36. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджет шығыстары базалық шығыстар мен жаңа бастамаларға арналған шығыстар болып бөлiнеді. Базалық шығыстар - тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобаларға арналған шығыстар болып табылады. Тұрақты сипаттағы шығыстар - мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi орындау мен мемлекеттiк қызметтер көрсетуге және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі аппаратының басқа да мiндеттемелерiне байланысты шығыстар болып табылады. Жаңа бастамаларға арналған шығыстарға: кейiннен жаңа бюджеттiк бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтiк-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын iске асыруға; макроэкономикалық және әлеуметтiк көрсеткiштердiң өзгеруiне байланысты емес және iс жүзiндегi бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттiк функциялар, өкiлеттiктер және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер көлемiн кеңейтудi) көздейтiн базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.
Тармақ 37
37. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджет шығыстарының көлемi базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның ұсыныстары негiзiнде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң арасында бөледi. Базалық шығыстар шығыстардың қолданыстағы құрылымы мен болжамды макроэкономикалық көрсеткiштер негiзiнде есептелген кезектi жоспарлы кезеңнiң үшiншi жылына арналған болжамды көлемдердi қоса отырып, ағымдағы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдары шығыстарының бекiтiлген көлемi негiзiнде айқындалады. Жаңа бастамаларға арналған шығыстар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген өңірді дамыту басымдықтарын, есепті қаржы жылының бюджеттік мониторинг нәтижелерін, нәтижелерді бағалауды ескере отырып, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында бөлуге жатады.
Тармақ 38
38. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң жаңа бастамаларға арналған шығыстарын жоспарлау қосымша бюджет қаражатын бөлу есебiнен, сол сияқты бұдан алдыңғы жоспарлы кезеңде аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеті туралы аудан мәслихатының шешiмiнде бекiтiлген осы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебiнен де жүзеге асырылады.
Тармақ 39
39. Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша бұдан алдыңғы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетi туралы аудан мәслихатының шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгермейтiн болса, онда осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есептер жасалмайды. Осы бағдарламалар бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есептер үшiншi жылға ғана жасалады. Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша бұдан алдыңғы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетi туралы аудан мәслихатының шешiмiнде осы бағдарламалар бойынша бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгеретiн болса, онда осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есептер жасалады және жоспарланған жоспарлы кезеңнің жылдары бөлінісінде ұсынылады.
Тармақ 40
40. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті қаржы жылында аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетiнің атқарылуын талдаудың және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:
Тармақша 1
1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына, бюджеттік бағдарламалар жобаларына және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкестігі тұрғысынан қарайды, бұл ретте Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағалар дерекқоры бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде пайдаланылады;
Тармақша 2
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттарымен, нысаналы индикаторларымен өзара байланысы болуы, нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жетімділік дәрежесі тұрғысынан, сондай-ақ олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің функцияларына, өкілеттіктеріне, бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Тармақ 41
41. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетiнен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тиісті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерін қарау кезінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы:
Тармақша 1
1) өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың атқарылуын талдау және оларды келесі жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімде ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың сомаларымен салыстыру жолымен аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің өткен қаржы жылындағы бюджетінің атқарылу нәтижелерін, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатын игермеуге әкеп соқтырған себептерді;
Тармақша 2
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өтінім берген шығыстарды олардың негізділігі тұрғысынан қарау бөлігінде аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің өткен қаржы жылындағы бюджетінің атқарылуы туралы есебіне облыстардың тексеру комиссиялары берген қорытындылар мен ұсынымдарды ескереді;
Тармақша 3
3) мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет заңнамасына сәйкес құжаттаманың болуы, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды іске асырудан экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштерін ескере отырып, мониторинг пен бағалау нәтижелері ескеріледі. Бюджеттік өтінім оның жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне оны қарамастан қайтарады.
Тармақ 42
42. Қайтарылған жағдайда, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетінен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, бюджеттiк өтiнiмдерін пысықтайды және оларды қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органына ұсынады. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетінен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiнің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша олар келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінімдер, бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
Тармақ 43
43. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетінен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы арасындағы келiспеушiлiктердi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қарайды. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы осы Қағидалардың 40 және 42-тармақтарында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Тармақ 44
44. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетінен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi пысықталған бюджеттiк өтiнiмдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде ұсынады.
Тарау 7. 7-тарау. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу
7-тарау. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу
Тармақ 45
45. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын жасайды және оны жергілікті қоғамдастық жиналысымен келіскеннен кейін ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органының қарауына ұсынады. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей аяқталады.
Тармақ 46
46. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы мәслихат шешiмiнiң жобасы Кодекстiң 13-бабында көзделген бюджет құрылымы бойынша және Кодекстiң  73-1-бабында көзделген талаптар ескеріле отырып әзiрленедi.
Тармақ 47
47. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет комиссиясы мақұлдаған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей жергілікті қоғамдастық жиналысының қарауына ұсынады.
Тармақ 48
48. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына Кодекстiң 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен ағымдағы қаржы жылының 10 қарашасынан кешіктірмей енгізеді. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобаларымен бір мезгілде мынадай құжаттар мен материалдарды:
Тармақша 1
1) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын;
Тармақша 2
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;
Тармақша 3
3) жергілікті бюджеттің жобасында қамтылған шешімдерді ашатын түсіндірме жазбаны, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде: есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтиже көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасын; орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жағдайының қысқаша сипаттамасын; жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын; бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасын; бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасын қамтитын ақпаратты ұсынады.