О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 31 октября 2014 года № 470 «Об утверждении Правил разработки проектов местных бюджетов» Күшін жойған
Басқа 0
«Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9950 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 64-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларында:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (бұдан әрi – Кодекс) сәйкес әзiрлендi және жергiлiктi бюджеттердің жобаларын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды.»;
14-5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«14-5. Тұрғындардың жобалық ұсыныстарын іске асыруға бағытталатын шығыстардың ең төмен көлемі:
1) жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді қоспағанда, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудандар үшін 07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобы бойынша жоспарланатын қала бюджеті шығыстарының жылдық көлемінің 5%-ынан төмен;
2) жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді қоспағанда, облыстық маңызы бар қала үшін және (немесе) облыстық маңызы бар қаладағы аудан үшін 07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобы бойынша жоспарланатын қала бюджеті шығыстарының жылдық көлемінің 10%-ынан төмен болмауы тиіс.
Беру кезінде бір жобалық ұсынысты іске асырудың шекті құны:
1) республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жиырма мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен;
2) облыстық маңызы бар қала үшін және (немесе) облыстық маңызы бар қаладағы аудан үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі