О внесении изменения в решение Айыртауского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 31марта 2014 года № 5-23-13 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Елецкого сельского округа Айыртауского района Северо-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31наурыздағы № 5-23-13 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Елецкий ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы»қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 484 және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 40/5«Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Елецкий ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 5-23-13 шешіміне (2014 жылғы 22 мамырда «Бірінші сөз» және «Первое слово» аудандық газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2766 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Елецкий ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Айыртау аудандық мәслихатының
шешіміне қосымша
2021 жылғы 11 ақпандағы
№ 7-2-4
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық мәслихатының
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 5-23-13 шешіміне
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Елецкий ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Елецкий ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Елецкий ауылдық округінің Айыртау ауылының тұрғындарына
12
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Елецкий ауылдық округінің Елецкий ауылының тұрғындарына
28
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Елецкий ауылдық округінің Колесниковка ауылының тұрғындарына
4
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Елецкий ауылдық округінің Междуозерное ауылының тұрғындарына
4