О внесении изменения в постановление акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 31 декабря 2014 года № 702 «Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Тайыншинского района Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 702 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 702 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3093 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасында 18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «18. Чермошнян ауылы, Василий Шелема көшесі, «Тарту» дүкенінің ауданы».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.