О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 июля 2014 года № 860 «Об утверждении Правил оперирования материальными ценностями государственного материального резерва»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 июля 2014 года № 860 «Об утверждении Правил оперирования материальными ценностями государственного материального резерва»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 288
- Қабылданған күні
- 06.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2022 167368_573631.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000288
- ЭКБ идентификаторы
- 167368
- Редакция идентификаторы
- 167368_573631
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:01
0 «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында:
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«74. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және салдарын жою жөнінде шаралар қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органның шешімі және уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдардан материалдық құндылықтарға қажеттілік, олардың атауы және саны келіп түскен кезден бастап күнтізбелік 1 (бір) күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және салдарын жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару қажет болған кезде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік орган уәкілетті органға әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай құқықтық режимін енгізу туралы шешімнің көшірмесін қоса бере отырып, шешімнің жобасын келісуге жолдайды.
Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және салдарын жою жөнінде шаралар қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім жобасында шығарылатын материалдық құндылықтардың атауы, саны, өлшем бірлігі, материалдық құндылықтарды алушы көрсетіледі.».