О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1149 «Об утверждении Правил разработки и утверждения годового отчета о состоянии регулирования предпринимательской деятельности в Республике Казахстан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1149 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1149 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 80-81-82, 592-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 735 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1149 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 84-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті қалыптастыру мен бекіту тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган – кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган);
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есеп (бұдан әрі – есеп) – мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын реттеуші мемлекеттік орган қалыптастырған есеп;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есеп (бұдан әрі – жылдық есеп) – уәкілетті орган қалыптастырған есеп;
Тармақша 4
4) реттеушілік әсерді талдау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы есеп (бұдан әрі – РӘТ жөніндегі есеп) – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы қалыптастырған есеп;
Тармақша 5
5) реттеуші мемлекеттік органдар – мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын, реттегіш құрал енгізілген немесе енгізілуі жоспарланып отырған мемлекеттік органдар.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту тәртібі
2-тарау. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту тәртібі
Тармақ 3
3. Жылдық есепті уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жыл қорытындылары бойынша есептердің және РӘТ жөніндегі есептердің негізінде қалыптастырады.
Тармақ 4
4. Есептер/РӘТ жөніндегі есептер реттеуші мемлекеттік органдардың/облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында орналастырылады және есепті жылдан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірілмей уәкілетті органға енгізіледі.
Тармақ 5
5. Есеп мыналар жөніндегі ақпаратты қамтиды:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру құжаттары;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау;
Тармақша 3
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпараттық құралдар;
Тармақша 4
4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзін-өзі реттеу ұйымдары;
Тармақша 5
5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша реттеушілік әсерді талдау жөніндегі ақпарат.
Тармақ 6
6. Реттеуші мемлекеттік органдардың осы Қағидалардың 5-тармағының 1), 2), 3) 4) және 5) тармақшаларында көзделген ақпараты талдануға жатады және мыналарды қамтитын талдамалық жазбалармен сүйемелденеді:
Тармақша 1
1) рұқсат беру құжаттары жөніндегі ақпаратқа талдамалық жазба, онда: мемлекеттік орган реттейтін салалардағы рұқсат беру құжаттарының саны мен атауы; халықаралық шарттарға сәйкес енгізілген рұқсат беру құжаттарының саны мен атауы (акт деректемелері мен оның құрылымдық элементін көрсете отырып); есепті кезеңде берілген рұқсат беру құжаттарының саны; әкімшілік кедергілерді қысқарту туралы жүргізілген жұмыс жөніндегі ақпарат (төмен деңгейге ауыстыру, рұқсат беру құжатын алып тастау, рұқсат беру құжатын беру мерзімін және оны беруге қойылатын талаптарды оңтайландыру) қамтылады. Ескертпе: мемлекеттік органның құзыретіне жататын барлық рұқсат беру құжаттары бойынша бір ортақ талдамалық жазба толтырылады;
Тармақша 2
2) мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі ақпаратқа талдамалық жазба, онда: өткен ұқсас кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларында жүргізілген ағымдағы ахуалды талдау нәтижелері; мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу нәтижелері бойынша сандық және сапалық көрсеткіштердің серпіні (төмендеу және ұлғаю); өткен кезеңмен салыстырғанда бақылау және қадағалау субъектісінің қызметі нәтижесінде адамның өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру тәуекелін, ықтималдығын төмендетуді қамтамасыз ететін мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігі; тексерілетін адал субъектілерді көтермелеу, бақылауды және қадағалауды бұзушыларға шоғырландыру негізінде мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жүргізілуіне байланысты кәсіпкерлік субъектілерінің заңнама талаптарын сақтауы үшін оларды ынталандыру жөніндегі шаралар туралы ақпарат; бақылау және қадағалау салаларында адам өмірінің және денсаулығының, қоршаған ортаның қауіпсіздігін, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін, мемлекеттің мүліктік мүдделерін сақтауды қамтамасыз ететін бақылаудың және қадағалаудың баламалы нысандарын енгізу және жетілдіру туралы ақпарат; мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылады;
Тармақша 3
3) ақпараттық құралдар жөніндегі ақпаратқа талдамалық жазба, онда: мыналарды: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ақпараттық құралдардың саны мен атауын; электрондық/қағаз форматқа бөлініп ұсынылған ақпараттың саны туралы мәліметтерді; ақпаратты басқа реттеуші мемлекеттік органға ұсынудың қайталануы туралы мәліметтерді; ақпараттық құралдарды оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды қоса алғанда, ұсынылған ақпаратты талдау қамтылады;
Тармақша 4
4) өзін-өзі реттеу ұйымдары жөніндегі ақпаратқа талдамалық жазба, онда: реттелетін саладағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың жұмыс істеуін талдау; өзін-өзі реттейтін ұйымдардың саны туралы және өзін-өзі реттеу енгізілген мемлекеттік басқару салалары немесе аялары туралы мәліметтер; өзін-өзі реттеуді енгізу жоспарланатын мемлекеттік басқару салалары немесе аялары; өзін-өзі реттеу институтын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылады;
Тармақша 5
5) реттеушілік әсерді талдау жөніндегі ақпаратқа талдамалық жазба, онда: реттеушілік әсерді талдау рәсімі жүргізілген талаптардың саны; оң және теріс қорытындылардың саны көрсетіле отырып, реттеушілік әсерді талдау рәсімдерінің сақталуы туралы алынған қорытындылардың саны; мыналарды: қайта қарауға жоспарланған талаптардың санын; қайта қаралған талаптардың санын; қайта қарау қорытындылары бойынша қабылданған шешімдер туралы мәліметтерді қоса алғанда, қолданыстағы реттегіш құралдарды қайта қарау жоспарының орындалуын талдау; мыналарды: өткізу орны мен уақытын көрсете отырып, қатысушылардың саны туралы ақпаратты; жаңа талаптарды орындаумен байланысты қаржылай пайдалар мен шығасыларды (монеталануын) талдауды; мемлекеттік органның реттеу қызметі саласындағы келесі жылға арналған болжамды реформалардың жоспарларын қоса алғанда, реттеушілік әсерге талдау жүргізу практикасын оқыту бойынша іс-шараларға қатысуды талдау қамтылады.
Тармақ 7
7. РӘТ жөніндегі есеп өңірлік маңызы бар актілердің жобаларын әзірлеушілердің, өңірлік палатаның және басқа мүдделі тұлғалардың осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы берілген қорытындылар туралы ақпараттан тұрады және талдамалық жазбамен сүйемелденеді.
Тармақ 8
8. Талдамалық жазба мыналарды қамтиды: теріс қорытындылар беру себептері, оның ішінде: қоғамдық талқылауларды өткізбеу; проблеманы және реттеу мақсатын дұрыс айқындамау; баламалы реттеу тәсілдерінің болмауы (тиімсіз баламалар); шығасылардың (монеталанудың) есебін жүргізбеу; баламалы реттеушілік әсерге талдау жүргізу туралы ақпаратты талдау (жалпы саны, кім жүргізді); мыналарды: қайта қарауға жоспарланған талаптардың санын; қайта қаралған талаптардың санын; қайта қарау қорытындылары бойынша қабылданған шешімдер туралы мәліметтерді қоса алғанда, қолданыстағы реттегіш құралдарды қайта қарау жоспарының орындалуын талдау; мына: өткізу орны мен уақытын көрсете отырып, қатысушылардың саны туралы ақпаратты қоса алғанда, реттеушілік әсерге талдау жүргізу практикасын оқыту бойынша іс-шараларға қатысуды талдау қамтылады.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган есептер және РӘТ жөніндегі есептер түскен кезден бастап оларды күнтізбелік 60 күн ішінде қарайды және нәтижелері бойынша жылдық есепті қалыптастырады.
Тармақ 10
10. Жылдық есепті қалыптастыру кезеңінде қажет болған кезде, бірақ осы Қағидалардың 9-тармағында айқындалған жылдық есепті қалыптастырудың мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей уәкілетті орган есептерді/РӘТ жөніндегі есептерді пысықтау үшін ескертулерді алған сәттен бастап оларды күнтізбелік 10 күн ішінде пысықтайтын тиісті реттеуші мемлекеттік органға/облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органына жолдайды.
Тармақ 11
11. Жылдық есеп оны Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда (бұдан әрі – ВАК) мақұлдау арқылы бекітіледі.
Тармақ 12
12. Уәкілетті орган қалыптастырған жылдық есеп есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін ВАК қарауына шығарылады. Жылдық есепті пысықтау бойынша ВАК ұсынымдары болған жағдайда уәкілетті орган күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей оған тиісті түзетулерді енгізеді, одан кейін ВАК қарауына қайта шығарады.
Тармақ 13
13. Жылдық есеп бекітілген сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Басқа 1. Рұқсат беру құжаттары жөніндегі ақпарат*
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидаларына 1-қосымша Нысан Рұқсат беру құжаттары жөніндегі ақпарат* 1. Рұқ­сат бе­ру құ­жа­ты­ның ата­уы Рұқ­сат бе­ру рә­сі­мі­нің та­лап­та­ры­на сәй­кес кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сіне неме­се же­ке тұл­ға­ға бе­рі­ле­тін құ­жат­тың то­лық ата­уы көр­се­ті­ле­ді. Мы­са­лы: (1) Тұқым ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­ле­рін ат­те­стат­тау ту­ра­лы ку­ә­лік; (2) Ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға ар­нал­ған ли­цен­зия; (3) Дә­рі­лік заттар­ға ар­нал­ған тір­кеу ку­ә­лі­гі 2. Рұқ­сат бе­ру құ­жа­ты қан­дай дең­гей­де бе­рі­ле­ді Ор­та­лық дең­гей­де ____ Ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­ның аумақ­тық бө­лім­ше­сі ____ Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган _____ Мем­ле­кет­тік ор­ган­ға ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты ұй­ым фи­ли­а­лы (аумақ­тық бө­лім­ше­сі) ___ 3. Рұқ­сат бе­ру құ­жа­ты ен­гі­зі­л­ген күн Рұқ­сат бе­ру құ­жа­тын бе­ру рә­сі­мін бел­гі­лей­тін соң­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­нің қа­был­дан­ған кү­ні. Рә­сім­де­гі өзге­рі­стер­ді бел­гі­лей­тін нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­нің қа­был­дан­ған кү­ні көр­се­тіл­мей­ді 4. Өті­ніш бер­ген кез­ден ба­стап рұқ­сат бе­ру құ­жа­тын бе­ру­дің ең ұзақ мер­зім­де­рі заң­на­ма­да көз­дел­ген бе Жо­қ____ Иә____ Күн­дер са­ны­____ Жұ­мыс күн­де­рі пай­да­ла­ны­ла ма ___ күн­тіз­бе­лік күн­дер ___ 5. Рұқ­сат бе­ру құ­жа­ты бе­рі­ле­тін ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар­дың ата­уы мен бап нө­мі­рі Оған сәй­кес рұқ­сат бе­ру құ­жа­ты ен­гі­зі­л­ген ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың то­лық ата­уы жа­зы­ла­ды, рұқ­сат бе­ру құ­жа­тын ен­гі­зу­дің қа­жет­ті­лі­гін ай­қын­дай­тын ха­лы­қа­ра­лық шарт ба­бы­ның (бап­та­ры­ның) неме­се та­ра­уы­ның (та­ра­у­ла­ры­ның) нө­мі­рі және (неме­се) ата­уы жа­зы­ла­ды 6. Рұқ­сат бе­ру құ­жа­тын бер­ге­ні үшін тө­ле­ма­қы алы­на ма. Егер алын­са, оның мөл­ше­рін көр­се­ті­ңіз. Жо­қ____ Иә ____ ба­ға­сы­_____ тең­ге/ ай­лық eceп­тік көр­сет­кiш /өзге 7. Рұқ­сат бе­ру құ­жа­ты­ның ен­гі­зі­лу­і­мен ше­ші­лу­ге ти­іс про­бле­ма­ның неме­се бү­гін­гі таң­да ше­ші­ліп жа­тқан про­бле­ма­ның си­па­ты Рұқ­сат бе­ру құ­жа­ты ше­ше­тін неме­се ше­шу­ге ба­ғыт­тал­ған про­бле­ма­ны си­паттау Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да және нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­де де­кла­ра­ци­я­лан­ған рұқ­сат бе­ру құ­жа­тын ен­гі­зу мақ­сат­та­ры­мен сәй­кес ке­лу­ге ти­іс. Осы бө­лік­те про­бле­ма­ны си­паттау де­кла­ра­тив­ті бол­май, рұқ­сат­ты ен­гі­зу­дің (қол­да­ну­дың) де­кла­ра­ци­я­ла­на­тын мақ­са­ты мен рұқ­сат ар­қы­лы оған қол жет­кі­зу те­тікте­рі ара­сын­да­ғы се­беп-сал­дар­лық бай­ла­ны­сты көр­се­те­тін дәлел­ді жа­у­ап бе­ру­ге ти­іс 8. Рұқ­сат бе­ру құ­жа­ты­ның қол­да­ны­лу мер­зі­мі (қан­дай мер­зім­ге бе­рі­ле­ді) Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ге сәй­кес рұқ­сат бе­ру құ­жа­ты­ның қол­да­ны­луы­ның бар­лық ық­ти­мал мер­зі­мі көр­се­ті­ле­ді. Мы­са­лы, егер мем­ле­кет­тік ор­ган рұқ­сат бе­ру құ­жат­та­рын бір жы­л­ға неме­се 3 жы­л­ға неме­се 15 жы­л­ға бер­се, «1 жыл­дан 15 жы­л­ға дей­ін» де­ген бел­гі қой­ы­ла­ды. Егер рұқ­сат бе­ру құ­жа­ты­ның қол­да­ны­лу мер­зі­мі шек­тел­ме­ген бол­са, «шек­тел­ме­ген» де­ген бел­гі қой­ы­ла­ды 9. Осы­лар­дың негі­зін­де рұқ­сат бе­ру құ­жа­ты бе­рі­ле­тін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ко­дек­с­те­рі мен заң­да­ры­ның, Пре­зи­дент Жар­лық­та­ры­ның ата­уы, ба­бы­ның, тар­ма­ғы­ның және тар­мақ­ша­сы­ның нө­мі­рі, Үкі­мет қа­улы­ла­ры­ның, мем­ле­кет­тік ор­ган­дар бұй­рық­та­ры­ның неме­се бас­қа нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің ата­уы Оған сәй­кес рұқ­сат бе­ру құ­жа­ты ен­гі­зі­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның то­лық ата­уы, рұқ­сат бе­ру құ­жа­тын ен­гі­зу­дің қа­жет­ті­лі­гін ай­қын­дай­тын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы ба­бы­ның (бап­та­ры­ның) нө­мі­рі жа­зы­ла­ды 10. Есеп­ті ке­зең­де бе­рі­л­ген атал­ған түр­де­гі/кі­ші түр­де­гі рұқ­сат бе­ру құ­жат­та­ры­ның са­ны Бір рұқ­сат бе­ру құ­жа­ты­ның бе­рі­л­ген түр­ле­рі­нің/кі­ші түр­ле­рі­нің са­ны көр­се­ті­ле­ді 11. Есеп­ті ке­зең­де рұқ­сат бе­ру құ­жа­тын бе­ру­ден бас тар­ту са­ны Рұқ­сат бе­ру құ­жа­тын бе­ру­ден бас тар­ту са­ны көр­се­ті­ле­ді 12. Есеп­ті ке­зең­де рұқ­сат бе­ру құ­жа­тын бе­ру­ден бас тар­ту негіз­де­рі Рұқ­сат бе­ру құ­жа­тын бе­ру­ден бас тар­ту негіз­де­рі көр­се­ті­ле­ді 13. Есеп­ті ке­зең­де рұқ­сат бе­ру құ­жа­ты­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­лік­ті тек­се­ру­лер са­ны Рұқ­сат бе­ру құ­жа­ты­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­лік­ті тек­се­ру­лер са­ны көр­се­ті­ле­ді 14. Есеп­ті ке­зең­де рұқ­сат бе­ру құ­жа­ты­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­лік­ті тек­се­ру ке­зін­де анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар са­ны Рұқ­сат бе­ру құ­жа­ты­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­лік­ті тек­се­ру ке­зін­де анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар­дың са­ны көр­се­ті­ле­ді 15. Есеп­ті ке­зең­де рұқ­сат бе­ру құ­жа­ты­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­ікті тек­се­ру ке­зін­де анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар үшін са­лын­ған ай­ып­пұл санк­ци­я­ла­ры­ның са­ны және ай­ып­пұл­дар­дың жал­пы со­ма­сы Са­лын­ған ай­ып­пұл­дар­дың са­ны ____ Ай­ып­пұл­дар үшін алын­ған тө­лем­дер­дің жал­пы со­ма­сы­___­тең­ге 16. Рұқ­сат бе­ру құ­жа­тын бе­ру тәр­ті­бін бұ­зу ту­ра­лы бе­рі­л­ген ша­ғым­дар­дың са­ны және олар­дың нәти­же­ле­рі (қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған ша­ғым­дар бой­ын­ша жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ты­л­ған ла­у­а­зым­ды адам­дар­дың са­ны) Рас­тал­ған (қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған) ша­ғым­дар­дың са­ны және олар­дың нәти­же­ле­рі көр­се­ті­ле­ді (бе­рі­л­ген, тоқ­та­ты­л­ған, кү­ші жой­ы­л­ған, мер­зі­мі ұзар­ты­л­ған, қай­та ба­стал­ған және қол­да­ны­луын тоқ­та­тқан рұқ­сат­тар) 17. Есеп­ті ке­зең­де тоқ­та­ты­л­ған, қай­та ре­сім­дел­ген, кү­ші жой­ы­л­ған, мер­зі­мі ұзар­ты­л­ған, қай­та ба­стал­ған, қол­да­ны­луын тоқ­та­тқан және алып қой­ы­л­ған рұқ­сат бе­ру құ­жат­та­ры­ның са­ны Тоқ­та­ты­л­ған­дар­дың са­ны ___ Қай­та ре­сім­дел­ген­дер­дің са­ны ___ Кү­ші жой­ы­л­ған­дар­дың са­ны ___ Қай­та ба­стал­ған­дар­дың са­ны ___ Қол­да­ны­луы тоқ­та­ты­л­ған­дар­дың са­ны ___ Алып қой­ы­л­ған­дар­дың са­ны ___ 18. Әкім­ші­лік ке­дер­гі­лер­ді қы­сқар­ту (тө­мен дең­гей­ге ауы­сты­ру, рұқ­сат бе­ру құ­жа­тын алып та­стау, рұқ­сат бе­ру құ­жа­тын бе­ру мер­зім­де­рін, бе­ру­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ды оң­тай­лан­ды­ру) Рұқ­сат бе­ру құ­жа­тын бе­ру ке­зін­де әкім­ші­лік ке­дер­гі­лер­ді тө­мен­де­ту мүм­кін­ді­гі көр­се­ті­ле­ді. * Бұл нысан мемлекеттік органның құзыретіне жататын әрбір рұқсат беру құжатына бөлек толтырылады.
Басқа 2. Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын реттеуші мемлекеттік органның ақпараты
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидаларына 2-қосымша 1-нысан Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын реттеуші мемлекеттік органның ақпараты Р/с № Мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау са­ла­сы Кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі са­нат­тар бой­ын­ша бө­лі­ні­сте Кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­ріне қа­ты­сты ерекше тәр­тіп­пен жүр­гі­зі­л­ген тек­се­ру­лер­дің са­ны/Нәти­же­сін­де бұ­зу­шы­лық­тар анық­тал­ма­ған тек­се­ру­лер­дің са­ны Кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­ріне ба­ру ар­қы­лы жүр­гі­зі­л­ген про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау және қа­да­ға­лау са­ны/Нәти­же­сін­де бұ­зу­шы­лық­тар анық­тал­ма­ған, жүр­гі­зі­л­ген про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау және қа­да­ға­лау са­ны Кә­сіп­кер­лік ко­дек­стің 129-ба­бы­ның 4-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген негіз­дер бой­ын­ша жүр­гі­зі­л­ген тек­се­ру­лер­дің және Кә­сіп­кер­лік ко­дек­стің 141-ба­бы­ның 3-тар­ма­ғы­ның он бі­рін­ші бө­лі­гін­де көз­дел­ген негіз­дер бой­ын­ша жүр­гі­зі­л­ген про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау және қа­да­ға­лау са­ны (негіз­дер бө­лі­ні­сін­де көр­се­ті­ле­ді)/Нәти­же­сін­де бұ­зу­шы­лық­тар анық­тал­ма­ған, жүр­гі­зі­л­ген осын­дай тек­се­ру­лер­дің және про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау және қа­да­ға­лау са­ны 1 2 3 4 5 6 1 ша­ғын кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі 2 мик­ро­к­ә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі 3 ор­та кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі 4 ірі кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі 5 Бар­лы­ғы: кестенің жалғасы Кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­ріне қа­ты­сты жос­пар­дан тыс жүр­гі­зі­л­ген тек­се­ру­лер­дің са­ны*/Нәти­же­сін­де бұ­зу­шы­лық­тар анық­тал­ма­ған тек­се­ру­лер­дің са­ны Кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­ріне бар­май жүр­гі­зі­л­ген про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау және қа­да­ға­лау са­ны Кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­ріне қа­ты­сты тоқ­та­ты­л­ған/қай­та ба­стал­ған тек­се­ру­лер­дің және про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­ла­удың және қа­да­ға­ла­удың са­ны (са­лық тек­се­ру­ле­рін қо­с­па­ған­да) Про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау және қа­да­ға­лау мен тек­се­ру­лер нәти­же­ле­рі бой­ын­ша анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар­ды жою ту­ра­лы орын­дал­ған/орын­дал­ма­ған ұсы­ным­дар­дың, қо­ры­тын­ды­лар­дың, анық­та­ма­лар­дың, ха­бар­ла­ма­лар мен ұй­ға­рым­дар­дың са­ны Тек­се­ру­лер нәти­же­сі бой­ын­ша са­лын­ған әкім­ші­лік жа­за­лар са­ны және тек­се­ру­лер нәти­же­ле­рі бой­ын­ша са­лын­ған әкім­ші­лік ай­ып­пұл­дар со­ма­сы Тір­ке­уден бас тар­ты­л­ған тек­се­ру­лер­ді та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ак­ті­лер са­ны Ба­ру ар­қы­лы тек­се­ру­лер мен про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­ла­уды және қа­да­ға­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру және жүр­гі­зу тәр­ті­бі­нің бұ­зы­л­ға­ны үшін бе­рі­л­ген, қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған ша­ғым­дар­дың са­ны және олар­дың нәти­же­ле­рі (қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған ша­ғым­дар бой­ын­ша жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ты­л­ған ла­у­а­зым­ды адам­дар­дың са­ны) 7 8 9 10 11 12 13 2-нысан Р / с № Мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау са­ла­сы Тәу­е­кел­ді ба­ға­лау жүй­е­сі­нің бір­лес­кен бұй­рық­та­ры­ның (өл­шем­шар­ттар­дың және тек­се­ру па­рақ­та­ры­ның) бе­кі­ті­л­ген кү­ні және ата­уы, есеп­ті ке­зең­де тәу­е­кел­ді ба­ға­лау жүй­е­сі­нің бір­лес­кен бұй­рық­та­ры­на (өл­шем­шар­ттар­ға және тек­се­ру па­рақ­та­ры­на) өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зу (бар болған жағ­дай­да өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зу ту­ра­лы бұй­рық­тың нө­мі­рі мен кү­ні көр­се­тіл­сін) Есеп­ті ке­зең­де тек­се­ру па­рақ­та­ры та­лап­та­ры­ның аза­юы неме­се кө­бе­юі (негіз­де­ме­ле­рі­мен қо­са қы­сқар­ты­л­ған неме­се қо­сы­л­ған та­лап­тар са­ны) Өт­кен ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да адал кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің, сон­дай-ақ бұ­зу­шы­лар­дың аза­юы неме­се кө­бе­юі Мем­ле­кет­тік ба­қы­ла­уды және қа­да­ға­ла­уды жү­зе­ге асы­ру­ға уәкі­лет­ті­гі бар/ бе­кі­ті­л­ген мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ла­у­а­зым­ды адам­да­ры­ның са­ны/бір­лі­гі Апел­ля­ци­я­лық ко­мис­си­я­ның ша­ғым­ды қа­рау нәти­же­ле­рі бой­ын­ша шы­ға­ры­л­ған оң/те­ріс қо­ры­тын­ды­лар­дың са­ны (бар болған жағ­дай­да) 1. 2 3 4 5 6 7 2. 3. ... Реттеуші мемлекеттік органның есебі реттеуші мемлекеттік органның құзыретіне және 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 138 және 139-баптарына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау салалары бөлінісінде толтырылады және мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың әр саласын талдауға арналған. * Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспардан тыс жүргізілген тексерулер саны Кодекстің 144-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бөлінісінде ұсынылады.
Басқа 3. Ақпараттық құралдар жөніндегі мәліметтер
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидаларына 3-қосымша Нысан Ақпараттық құралдар жөніндегі мәліметтер Ақпараттық құралдарда құжаттарды, хабарламалар мен анықтамаларды, салық, қаржы және басқа есептілікті, басқа құжаттарды ұсыну, өнім құрамын декларациялау, банкроттық туралы деректерді жариялау, кәсіпорындар меншігінің өзгеруі және басқалар қамтылады. Р/с № Есеп­ті­лік­тің ата­уы Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­нің құ­ры­лым­дық эле­мен­тіне сі­л­те­ме Есеп­ті­лік­ті ұсы­ну ке­зең­ді­лі­гі Есеп­ті­лік­ті ұсы­ну ны­са­ны (эл.фор­мат/қа­ғаз) Есеп­ті­лік­ті ұсы­ну мақ­са­ты Есеп­ті­лік­ті ұсы­на­тын субъ­ект Есеп­ті­лік­ті оң­тай­лан­ды­ру мүм­кін­ді­гі 1 2 3 4 5 6 7 8 1 2 …
Басқа 4. Өзін-өзі реттеу ұйымдары жөніндегі ақпарат
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидаларына 4-қосымша Нысан Өзін-өзі реттеу ұйымдары жөніндегі ақпарат 1. Мін­дет­ті мү­ше­лік­ке (қа­ты­су­ға) негіз­дел­ген өзін-өзі рет­теу ен­гі­зі­л­ген және/неме­се ерік­ті мү­ше­лік­ке (қа­ты­су­ға) негіз­дел­ген өзін-өзі рет­теу ұй­ым­да­ры қыз­мет ете­тін рет­теу са­ла­ла­ры 2. Тал­да­на­тын са­ла­лар­да­ғы өзін-өзі рет­теу ұй­ым­да­ры­ның (мін­дет­ті және ерік­ті мү­ше­лік­ке негіз­дел­ген) са­ны 3. Әр­бір өзін-өзі рет­теу ұй­ы­мын­да­ғы мү­ше­лер­дің са­нын көр­се­те оты­рып, өзін-өзі рет­теу ұй­ым­да­ры­ның ата­уы, сон­дай-ақ олар­дың қыз­мет тү­рі 4. Рет­те­у­ші мем­ле­кет­тік ор­ган­дар орын­дай­тын, мін­дет­ті мү­ше­лік­ке (қа­ты­су­ға) негіз­дел­ген өзін-өзі рет­те­у­ге бе­рі­луі мүм­кін функ­ци­я­лар­дың тіз­бе­сі 5. Өзін-өзі рет­теу ұй­ым­да­ры­ның «Өзін-өзі рет­теу ту­ра­лы» 2015 жы­л­ғы 12 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес ке­лі­сі­л­ген стан­дарт­та­ры мен қа­ғи­да­ла­ры­ның бо­луы 6. Мін­дет­ті қа­ты­су­ға (мү­ше­лік­ке) негіз­дел­ген өзін-өзі рет­теу ен­гі­зі­луі мүм­кін әле­ует­ті қыз­мет са­ла­ла­ры­ның неме­се түр­ле­рі­нің ата­уы 7. Мін­дет­ті мү­ше­лік­ке негіз­дел­ген өзін-өзі рет­теу ұй­ым­да­ры­на есеп­ті жы­лы түс­кен ша­ғым­дар­дың са­ны, ша­ғым­дар­ды қа­рау нәти­же­ле­рі бой­ын­ша өзін-өзі рет­теу ұй­ым­да­ры­нан өн­ді­ріп алын­ған за­лал­дың мөл­ше­рі ______ мың тең­ге
Басқа 5. Реттеушілік әсерді талдау жөніндегі ақпарат*
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидаларына 5-қосымша Нысан Реттеушілік әсерді талдау жөніндегі ақпарат* 1. Реттегіш құралдың және (немесе) реттеуді қатаңдатудың атауы 2. Оның шеңберінде реттегіш құрал және (немесе) реттеуді қатаңдату енгізілген құжаттың атауы 3. Өңірлік маңызы бар актілердің жобаларын қоспағанда, реттеушілік әсерді талдау рәсімдерінің сақталуы туралы алынған қорытындылардың саны (қорытындылардың, оның ішінде оң қорытындылардың жалпы саны көрсетіледі) 3.1. Теріс қорытынды алу негіздемелері (бағандар әрбір қорытындыға қатысты толтырылады) Қоғамдық талқылаудың болмауы Шығасылар есебінің (монеталануының) болмауы Баламалы реттеу тәсілдерінің болмауы Өзге 1. 2. 3. …. Барлығы 4. Реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізу туралы ақпарат (кім және қашан жүргізді) 5. ВАК-тың жаңа реттегіш құралды енгізу немесе реттеуді қатаңдатуды қарау нәтижелері туралы ақпарат (хаттаманың күні мен нөмірі) 6. Реттегіш құрал немесе реттеуді қатаңдату қолданысқа енгізілген күн 7. Енгізілетін реттегіш құралдан немесе реттеуді қатаңдатудан шығасылардың есебі (монеталануы) 8. Қайта қарау жоспарын орындау щеңберінде жүргізілген реттеушілік әсерді талдау Жоқ ___ Ия ___ * Әрбір талапқа толтырылады. _______________
Басқа 6. Өңірлік маңызы бар актілердің жобаларын әзірлеушілердің, өңірлік палатаның және басқа мүдделі тұлғалардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы берілген қорытындылар туралы ақпарат
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидаларына 6-қосымша Нысан Өңірлік маңызы бар актілердің жобаларын әзірлеушілердің, өңірлік палатаның және басқа мүдделі тұлғалардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы берілген қорытындылар туралы ақпарат 1. Реттеушілік әсерді талдау рәсімдерін сақтау туралы берілген қорытындылар саны (оң және теріс қорытындылардың санын көрсете отырып) 2. Реттегіш құралды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды жоспарлау кезінде реттеушілік әсерді талдау рәсімдерінің сақталуы туралы берілген қорытындылардың саны (оң және теріс қорытындылардың санын көрсете отырып) 3. Қайта қарау жоспарын орындау шеңберінде реттеушілік әсерді талдау рәсімдерінің сақталуы туралы берілген қорытындылардың саны (оң және теріс қорытындылардың санын көрсете отырып) 4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі жанындағы ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөніндегі консультативтік-кеңесші орган мақұлдаған реттегіш құралдардың немесе реттеуді қатаңдату саны (хаттама күні мен нөмірі) 5. Реттегіш құрал немесе реттеуді қатаңдату қолданысқа енгізілген күн