О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1178 «Об утверждении Правил установления изъятий из национального режима при осуществлении государственных закупок» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1178 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына және 39-бабының 3-тармағына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1178 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 85-86, 618-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларында: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды екі жылдан аспайтын мерзімге белгілеуге құқылы.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастау: 1) конституциялық құрылыс негіздерін қорғауға; 2) елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; 3) ішкі нарықты қорғауға; 4) ұлттық экономиканы дамытуға; 5) отандық тауар өндірушілерді қолдауға белгіленуі мүмкін.»; 8-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын; көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшаның реттік нөмірі 6-жолы алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.