О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1181 «Об утверждении перечня отдельных видов товаров, работ, услуг, закупаемых у общественных объединений инвалидов Республики Казахстан и организаций, созданных общественными объединениями инвалидов Республики Казахстан, производящих и (или) поставляющих товары, выполняющих работы, оказывающих услуги, и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 85-86, 620-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 866 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысымен бекітілген Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Өндірілетін тауарлар:
Тармақша 1
1) төсек жаймаларының барлық атаулары, көрпе, матрастар, жамылғы, әртүрлі жастықтар, сүлгі, майлықтар, жастық тыстары, матрасқа арналған тыстар, жаялықтар;
Тармақша 2
2) мақтадан жасалған күртеше, мақтадан жасалған жылы шалбар, жылуды сақтайтын костюм, жылы шолақ комбинезон, жылы кеудеше, жылы күртеше, бүркемеленген далалық костюм, шалбар;
Тармақша 3
3) мақта-матадан жасалған жұмыс костюмі, мақта-матадан жасалған далалық костюм, бүркемеленген далалық күртеше, дәнекерлеуші костюмі, аккумуляторшы костюмі, жұмыс комбинезоны;
Тармақша 4
4) аспаз костюмі, наубайшы костюмі, түрлі қалпақтар;
Тармақша 5
5) түрлі халаттар, түрлі алжапқыштар, бірегей нысанды киім, сигналдық кеудеше, хирургиялық костюмдер, мақта-матадан жасалған бахилалар, өндірістік және шаруашылық персоналдың нысанды киімі, көрпе;
Тармақша 6
6) әртүрлі пижамалар, ерлердің іш киімдері, трусилер, шылғаулар, әртүрлі ішкі жейделер, әртүрлі жейделер;
Тармақша 7
7) түрлі үшкіл орамалдар, беторамал, жаға астары, қолғаптар;
Тармақша 8
8) перделер, шымылдықтар, түрлі қаптар;
Тармақша 9
9) құжат тігілетін папкалар, конверттер, қағазға арналған папкалар, сызғыштар;
Тармақша 10
10) орайтын қораптар, архив қораптары;
Тармақша 11
11) ағаш бұйымдар;
Тармақша 12
12) жиһаз.
Тармақ 2
2. Өндірілетін және (немесе) берілетін тауарлар:
Тармақша 1
1) тифлотехникалық құралдар;
Тармақша 2
2) жүріп-тұруға арналған арнайы құралдар;
Тармақша 3
3) міндетті гигиеналық құралдар.
Тармақ 3
3. Орындалатын жұмыстар: көгалдандыру.
Тармақ 4
4. Көрсетілетін қызметтер:
Тармақша 1
1) мүгедектерге арналған оңалту техникасын (балдақтар, таяқтар, жасанды ағаш аяқтар, көтергіш құрылғылар мен механизмдер, телерадиоаппаратура) жеткізу, құрастыру, жөндеу және оған қызмет көрсету;
Тармақша 2
2) мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған көлік құралдарын жөндеу және қызмет көрсету;
Тармақша 3
3) мүгедектердің демалысын және санаторий-курорттық емдеуді ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) орын-жайлар мен аумақтарды жинау, клинингтік қызметтер;
Тармақша 5
5) абаттандыру, көгалдандыру;
Тармақша 6
6) полиграфиялық көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 7
7) кір жуу қызметтері.