О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий» и от 24 ноября 2023 года № 1041 «Об определении перечня лиц, для которых не требуются разрешения местных исполнительных органов на привлечение иностранной рабочей силы для осуществления трудовой деятельности» Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 және «Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау туралы» 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1041 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысында: 1-тармақтың 1) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді; көрсетілген қаулыда 8-қосымшада: реттік нөмірі 1-жолдағы 6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: « 6) Қазақстан Республикасының чемпионаттарында, Қазақстан Республикасы спартакиадаларында, жасөспірімдердің жастар ойындарында, Қазақстан Республикасының Паралимпиада ойындарында: бірінші орынға екінші орынға үшінші орынға ЛА-дан 1,5 % ЛА-дан 1 % ЛА-дан 0,5 % республикалық жоғары спорт шеберлігі мектептерінен басқа 7) Қазақстан Республикасының чемпионаттарында (жастар мен жасөспірімдер арасында) бірінші орынға ЛА-дан 1 % республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарынан, спорт колледждерінен және жоғары спорт шеберлігі мектептерінен басқа »; реттік нөмірі 2-жолдағы 6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: « 6) Қазақстан Республикасының чемпионаттарында, Қазақстан Республикасы Спартакиадаларында, жасөспірімдердің жастар ойындарында, Қазақстан Республикасы Паралимпиада ойындарында: бірінші орынға екінші орынға үшінші орынға ЛА-дан 15 % ЛА-дан 10 % ЛА-дан 5 % республикалық жоғары спорт шеберлігі мектептерінен басқа 7) Қазақстан Республикасының чемпионаттарында (жастар мен жасөспірімдер арасында) бірінші орынға ЛА-дан 10 % республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарынан, спорт колледждерінен және жоғары спорт шеберлігі мектептерінен басқа »; көрсетілген қаулыда 18-қосымшада: реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 11. Құрметті атағы үшін үстемеақы Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының «Халық» деген құрметті атағы бар және мәдениет саласындағы еңбегі үшін Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған қызметкерлерге; Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының «Еңбек сіңірген» құрметті атағы бар және Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған қызметкерлерге БЛА-дан 100 % БЛА-дан 30 % «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес »; көрсетілген қаулыда 20-қосымшада: 1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) Қазақстан Республикасының Құрылтайы, Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді органдары депутаттарының өкілеттіктерін тұрақты негізде жүзеге асырған;»;
Тармақша 2
2) «Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1041 қаулысында: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесінде: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Мынадай шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар:».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.