О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий» Қолданыста
Басқа 0
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 8-қосымшада:
реттік нөмірі 1-жолдағы 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«
7)
республика чемпионаттарында (жастар мен жасөспірімдер арасында) бірінші орынға
ЛА-дан 1 %
Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарынан, спорт колледждерінен және жоғары спорт шеберлігі мектептерінен басқа
»;
реттік нөмірі 2-жолдағы 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«
7)
республика чемпионаттарында (жастар мен жасөспірімдер арасында)
бірінші орынға
ЛА-дан 10 %
Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарынан, спорт колледждерінен және жоғары спорт шеберлігі мектептерінен басқа
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын:
«
7.
Біліктілік тестінен өткен және спорттық даярлықтың ұлттық стандарттары бойынша оқу – жаттығу процесін іске асыратын балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң, олимпиадалық резервтiң мамандандырылған балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң, мамандандырылған балалар- жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң жаттықтырушы-оқытушыларына
Жаттықтырушы-оқытушылық шеберлік санаты үшін қосымша ақы
ЛА-дан 30 %
Көрсетілген қосымша ақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Аталған қосымша ақы лауазымдық айлықақыға нақты жүктемені ескере отырып белгіленеді, бірақ нормативтік оқу жүктемесінен аспайды.
».
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.