О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1200 «Об утверждении Правил осуществления государственных закупок с применением особого порядка» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 89-90, 636-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар): Қағидалардың бүкіл мәтіні бойынша: «сәттен» деген сөз «күннен» деген сөзбен ауыстырылсын; «әкесінің аты» деген сөз «әкесінің аты (бар болса)» деген сөздермен ауыстырылсын; «келіп түскен» деген сөздер «тіркелген» деген сөзбен ауыстырылсын; «Т.А.Ә.» деген сөздер «Т.А.Ә. (бар болса)» деген сөздермен ауыстырылсын; 15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік сатып алу осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес өткізілген жағдайда конкурстық құжаттаманы ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе оның міндетін атқаратын адам не тапсырыс берушінің жауапты хатшысы не жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамы не оның міндетін атқаратын адам бекітеді.»; мынадай мазмұндағы 15-1 және 15-2-тармақтармен толықтырылсын: «15-1. Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде техникалық ерекшеліктің орнына конкурстық құжаттамада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама қамтылуы тиіс. 15-2. Шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін тапсырыс берушіге қажетті материалдық және еңбек ресурстары конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетіледі. Құрылыс (жаңа құрылыс, бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу), техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы және қала құрылысы жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсат (лицензия) әлеуетті өнім берушінің материалдық және еңбек ресурстарын иеленетінін растайтын құжат болып табылады.»; 31-тармақта: бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «31. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтiнiм беруінің соңғы күніне дейiн кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда:»; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Конкурс тәсiлiмен қайтадан мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ конкурсқа қатысуға өтiнiм берудің соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк он күн қалғанда осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға мiндеттi.»; 41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «41. Конкурсқа қатысуға өтінім әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген талаптар мен шарттарға келісімін, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің өзі туралы Заңның 6-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулерге сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға келісімін білдіру нысаны болып табылады.»; 42-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Әлеуетті өнім берушінің – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның өтінімінде жеке куәліктің көшірмесі болуы тиіс. Бұл ретте, дара кәсіпкер ретінде тіркеудің бар болуы туралы ақпаратты тапсырыс беруші қажет болған жағдайда www.kgd.gov.kz сайтындағы «Электрондық сервис/салық төлеушілерді іздеу» қосымша парағынан алады.»; 49-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Әлеуетті өнім берушінің толық атауын және пошталық мекенжайын көрсетпей берілген конкурсқа қатысуға өтінімі бар конверт тіркелмейді және ашылмайды.»; 69-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «69. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру не рұқсат беру туралы шешім қабылдайды (техникалық сипаттамалары мен ерекшелігі күрделі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді күрделі мемлекеттік сатып алу жүргізілген жағдайда, мұндай өтінімдер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде қаралады). Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттама осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес ресiмделедi, оған конкурстық комиссияның төрағасы мен отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні қол қояды және әр парағын дәйектейді. Сараптамалық қорытынды не сарапшының (сараптау комиссиясы мүшесiнiң) ерекше пiкiрi бар болса, конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға қоса беруге болады.»; 77-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «77. Заңды тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші, егер:»; 1) тармақшада: бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (жолданған) электрондық құжаттың қағаз көшірмесін, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* нотариат куәландырған көшірмесінің немесе анықтаманың не егер заңды тұлға қызметін үлгілік жарғының негізінде жүзеге асырса, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариат куәландырған көшірмесінің берілмеуі.»; сегізінші және тоғызыншы абзацтар алып тасталсын; оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «конкурстық өтінімдері бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтердің ұсынылмауы;»; он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «конкурстық өтінімде ұсынылған құжаттар бойынша дұрыс емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған;»; 2) тармақшада: бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «әлеуетті өнім берушінің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары неғұрлым үздік техникалық ерекшеліктерді беру жағдайларын қоспағанда*, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін ерекшелікті ұсынуы. *Ескертпе: тауарлар негізгі (орнатылған) жабдықты үстеме жасақтау, жаңғырту және үстеме жарақтандыру, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз ету үшін сатып алынған жағдайда ерекшелік қолданылмайды;»; мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын: «жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың шарттарымен келісу туралы хатты ұсынбау;»; 78-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «78. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші, егер:»; 1) тармақшада: екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «жеке куәліктің көшірмесін ұсынбау. Бұл ретте, дара кәсіпкер ретінде тіркеудің бар болуы туралы ақпаратты тапсырыс беруші қажет болған жағдайда www.kgd.gov.kz сайтындағы «Электрондық сервис/салық төлеушілерді іздеу» қосымша парағынан алады;»; алтыншы және жетінші абзацтар алып тасталсын; сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «конкурстық өтінімдері бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтердің ұсынылмауы;»; 2) тармақшада: төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «әлеуетті өнім берушінің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары неғұрлым үздік техникалық ерекшеліктерді беру жағдайларын қоспағанда*, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін ерекшелікті ұсынуы. *Ескертпе: тауарлар негізгі (орнатылған) жабдықты үстеме жасақтау, жаңғырту және үстеме жарақтандыру, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз ету үшін сатып алынған жағдайда ерекшелік қолданылмайды;»; мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын: «жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың шарттарымен келісу туралы хатты ұсынбау;»; 83-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру не рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.»; мынадай мазмұндағы 85-1 және 85-2-тармақтармен толықтырылсын: «85-1. Әлеуетті өнім берушілер алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген мерзімнен кешіктірмей сәйкес келтірілген конкурстық өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде ұсынады. Конкурстық өтінімнің соңғы беті қолмен және мөрмен (егер мұндай бар болса) расталады. 85-2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімі бар тиісінше ресімделген конверттерді қабылдайды және мәліметтерді конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізеді.»; 86-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Конкурсқа қатысуға өтінімдерді осы Қағидалардың 84-тармағында көзделген біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сұрату жіберуіне және өзге де әрекеттер жасауына жол берілмейді.»; 87-тармақтың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіргеннен кейін, егер:»; 88-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «88. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді қайта қарау нәтижелері бойынша күнтізбелік 10 күн ішінде:»; 96-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Бірдей бағаларды көрсеткен бірнеше әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде конкурстық баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарынан бұрын келіп түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.»; 99-тармақта: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) сатып алуды ұйымдастырушының сұрау салуында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін ұсынылған конкурстық өтінімдер олардың ұсынылуына қарай хронологиялық тәртіппен конкурстық өтінімдері бар конверттерді тіркеу журналына енгізуге жатады. Әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы көрсетілмей ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімі бар конверт тіркелмейді және ашылмайды;»; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі, егер: ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса; әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының талаптарымен келіспесе не өзгертуді және (немесе) маңызды талаптармен толықтыруды ұсынса; әлеуетті өнім беруші біреуден артық конкурстық баға ұсынысын ұсынса; әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді, техникалық ерекшелікті, конкурстық баға ұсынысын қол және мөр (бар болса) қоймай ұсынса; әлеуетті өнім беруші техникалық ерекшелік ұсынбаса не техникалық, сапалық және функционалдық сипаттамалары неғұрлым үздік техникалық ерекшелікті ұсынған жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелік ұсынса, қабылданбай қайтарылуға жатады; конкурстық өтінімдерді өзге негіздемелер бойынша қабылдамай қайтаруға жол берілмейді;»; мынадай мазмұндағы 101-1 және 101-2-тармақтармен толықтырылсын: «101-1. Әлеуетті өнім берушінің ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыстарға, құрылыспен байланысты емес жұмыстарға арналған конкурсқа қатысуға өтінімінің бағасы конкурсқа бөлінген бағадан қырық пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік болып танылады. 102-1. Әлеуетті өнім берушінің объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптау жөніндегі жұмысқа арналған конкурсқа қатысуға өтінімінің бағасы уәкілетті орган бекіткен Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларына сәйкес белгіленген бағадан төмен болмауға тиіс.»; 104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «104. Осы Қағидалардың 103-тармағында көзделген көрсетілетін қызметті қоспағанда, егер әлеуетті өнім берушінің көрсетілетін қызметтерге арналған конкурсқа қатысуға өтінімінің бағасы конкурсқа (лотқа) бөлінген бағадан елу пайыздан астам төмен болған жағдайда, демпингтік деп танылады.»; мынадай мазмұндағы 104-1-тармақпен толықтырылсын: «104-1. Конкурстық өтінімнің демпингтік бағасын айқындау тәртібі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшеріне дейін мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайларға қолданылмайды.»; 106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «106. Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылса, тапсырыс беруші күнтізбелік он бес күн ішінде мынадай: 1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы; 2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы; 3) мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.»; мынадай мазмұндағы 15-кіші бөліммен толықтырылсын: «15. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері 106-1. Заңның 39-бабы 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер) жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін өнім берушіні таңдау өлшемшарттарын қолдана отырып, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер қолданады. 106-2. Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдері мен мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, Заңға және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. 106-3. Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілер ұсынған өтінімдерді бағалау үшін өлшемшарттарды көздейді. Балдарды есептеу осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес өнім берушіні таңдау өлшемшарттары бойынша жүзеге асырылады. 106-4. Ұйымдастырушы осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінім беретін соңғы күнге дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн қалғанда әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізілген әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылатыны туралы хабарлама жібереді. 106-5. Конкурстық комиссия Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысуға өтінімдерді конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде (техникалық сипаттамалары мен ерекшелігі күрделі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді күрделі мемлекеттік сатып алуды жүргізген жағдайда мұндай өтінімдер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде қаралады) қарайды. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша: 1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар деп таниды; 2) өлшемшарттар бойынша есептеу нәтижесінде конкурсқа қатысушылар жинаған, оның ішінде конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген кезде балдардың санын бағалайды және салыстырады; 3) конкурстық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары балдар санын бағалау және салыстыру жүргізілген күні конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға конкурс тәсілімен жүргізілген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың нәтижелерін жариялайды және қатысушыларға конкурс жеңімпазын хабарлайды. 106-6. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуына алдын ала рұқсат беру немесе рұқсат беру туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттама осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес ресiмделедi, оған конкурстық комиссияның төрағасы мен отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні қол қояды және әр парағын дәйектейді. Сараптамалық қорытынды не сарапшының (сараптау комиссиясы мүшесiнiң) ерекше пiкiрi болған жағдайда, конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға қоса беруге болады. Әлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болған жағдайда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресімделмейді. Конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген, алдын ала рұқсат беру хаттамасына қол қойылған күннен бастап жеті жұмыс күнінен аз болмайтын мерзімде біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы беріледі. Заңның 6-бабын бұзған әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия: 1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар деп таниды; 2) өлшемшарттар бойынша есептеу нәтижесінде конкурсқа қатысушылар жинаған, оның ішінде конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген кезде балдардың санын бағалайды және салыстырады; 3) конкурстық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары балдар санын бағалау және салыстыру өткізілген күні конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға конкурс тәсілімен өткізілген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың нәтижелерін жариялайды және қатысушыларға конкурс жеңімпазын хабарлайды. 106-7. Конкурстық комиссияның хатшысы: 1) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысушылардың балдар санын бағалау және салыстыру жөніндегі отырысы өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 12-1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама жасайды және оған отырысқа қатысып отырған конкурстық комиссияның барлық мүшелерінің, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысының қол қоюын және әрбір парағын дәйектеуін қамтамасыз етеді; 2) өзі туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген, конкурсқа қатысуға өтінім берген кез келген әлеуетті өнім берушінің талап етуі бойынша осындай жазбаша сұрау салуды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өткізілген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтеусіз негізде осындай әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдеріне жібереді не ұсынады; 3) конкурс тәсілімен өткізілген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге көрсетілген хаттаманың көшірмесін ұсынуды қамтамасыз етеді. 106-8. Балдар саны тең болған жағдайда өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерінен бұрын тіркелген конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады. 106-9. Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде: 1) әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімдері жүзеге асырылмайды; 2) Заңның 26-бабының талаптары қолданылмайды. 106-10. Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін және неғұрлым көп балл санын жинаған әлеуетті өнім беруші Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып танылады. 106-11. Қағидалардың осы кіші бөлімінде өзгеше көзделмесе, Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі Заңға және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.»; 107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «107. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші Заңның 39-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында және 3-тармағында белгіленген жағдайларда қабылдайды.»; 108-тармақтың бірінші бөлігінде: 6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «6) әлеуеттi өнiм берушi ұсынған, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Қағидалардың 105-тармағының 2) және 4) тармақшаларының негізінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн, оның бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға ұсынатын бағасының негiздемесін растайтын құжаттарды тапсырыс берушінің және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының қарауы; 7) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеуі;»; 8) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Заңның 39-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін әзірлеуі және тапсырыс берушінің бекітуі талап етілмейді. Мұндай жағдайда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі, сондай-ақ өтпеді деп танылған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың конкурстық құжаттамасында көзделген тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің шарттары, орны мен мерзімі және оларға ақы төлеу шарттары қолданылады.»; 109-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «109. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қажет болған жағдайда сарапшыны не сараптау комиссиясын тартады. Сарапшыны не сараптау комиссиясын тарту осы Қағидалардың 24 және 25-тармақтарында белгіленген шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.»; 114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «114. Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету туралы ұсынысты қабылдаған жағдайда әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға біліктілік талаптарына сәйкестігін, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу процесіне байланысты шектеулердің жоқтығын растайтын құжаттарды, ұсынылып отырған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өзінің жазбаша келісімін, сондай-ақ жеткізілетін тауарлар, орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын бағаны оның негіздемесімен қоса береді. Баға негіздемесінде әлеуеттi өнiм берушiнiң тасымалдауға, сақтандыруға, кеден бажын, салықтарды (ҚҚС-сыз), төлемдер мен алымдарды, жиынтықтаушы бөлшектер мен мiндеттi қосалқы бөлшектер құнын, пайдаланудың бастапқы мерзiмi iшiнде бiр өлшем бiрлiгiне қызмет көрсетуге арналған барлық шығыстарды, басқа да шығыстарды қоса алғанда, жеткізу ұсынылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер құнының есебі қамтылуға тиіс. Заңның 29-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы негізінде мемлекеттік сатып алу бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылған жағдайда әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы талап етілмейді. Егер функционалдық және басқа да сипаттамалары анағұрлым үздік тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсынылса, сондай-ақ анағұрлым үздік технологиялық шешімдер және (немесе) жұмыстарды үздік материалдардан орындау ұсынылса, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ұсынған техникалық ерекшелікке сәйкес болмауына жол беріледі.»; 118 және 119-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «118. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындысы шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес үлгі шартқа сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының екі данасын өнім берушіге жібереді, оған тапсырыс беруші қол қоюға және тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі әр парағын дәйектеуге тиіс. 119. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қоймаса, жеңімпаз мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге жібереді, оған екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қоюға тиіс.»; 128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «128. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырыс беруші шарттық міндеттемелерді өнім берушінің орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт бұзылған жағдайда өнім берушіге қайтармайды. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету тиiстi бюджет, мемлекеттiк кәсiпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар кірісінің есебіне жатқызылады.»; 130-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «130. Мемлекеттік сатып алу жеңімпазымен жасалған жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартта жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлермен не мемлекеттік сатып алу жеңімпазы конкурсқа қатысуға өтінімінде көрсеткен қызметтерді көрсету бойынша бірлесіп орындаушылармен жасалған шарттардың көшірмелерін тапсырыс берушіге ұсыну туралы талап қамтылды.»; көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу жөніндегі осы конкурс (лот) үшін бөлінген сома ____ теңгені құрайды.»; 12-тармақта: 2) тармақшада: екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «құқық қабілеттілікті (заңды тұлғалар үшін) растайтын нотариат куәландырған құжаттар, жеке куәліктің көшірмесі (жеке тұлға үшін). Бұл ретте дара кәсіпкер ретінде тіркеудің бар болуы жөніндегі ақпаратты тапсырыс беруші қажет болған кезде www.kgd.gov.kz сайтындағы «Электрондық сервис/салық төлеушілерді іздеу» қосымша парағынан алады;»; сегізінші абзац алып тасталсын; оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен бірге өткізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының бір жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір не бірнеше резидент банктерінің банк кепілдігі түрінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді беру арқылы төлем қабілеттілігі туралы біліктілік талабына сәйкестігін растауға құқылы;»; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету мерзімін және (немесе) көлемін сипаттай отырып, тауарға қызмет көрсетудің, тауарды пайдалануға арналған шығыстардың сапасына кепiлдiк берудің, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету шарттарының техникалық ерекшелiгі. Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім беруші белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама шарттарымен келісу туралы хат ұсынады;»; мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім беруші белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама шарттарымен келісетіні туралы хат ұсынады.»; 26-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын; 32-тармақтың бірінші бөлігінің сегізінші абзацындағы «жағдайларда, енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) конкурсқа бөлінген соманың кемінде бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайларда, енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.»; 40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «40. Қажет болған кезде конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына қатысады.»; 42-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) ең төмен баға негізінде конкурстың жеңімпазын айқындайды.»; 47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «47. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде Заңның талаптарына сәйкес Жұмыстарды (тауарларды/көрсетiлетiн қызметтердi) мемлекеттiк сатып алу туралы үлгi шарт негiзiнде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына тапсырыс беруші қол қояды және өнім берушіге жібереді. Бұл ретте шарт бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ күнтізбелік он бес күннен аз болмауға тиіс.»; Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаның 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Осы конкурстық өтінім конкурстық өтінімдер ашылған күннен бастап ___күн ішінде қолданылады.»; Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаның 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Осы конкурстық өтінім конкурстық өтінімдер ашылған күннен бастап ___күн ішінде қолданылады.»; Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаның 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Соңғы он жыл ішінде әлеуеттi өнiм берушi көрсеткен, конкурста сатып алынатындарға ұқсас қызметтердің (бар болса) көлемі, теңгемен______________, растайтын құжаттардың көшірмелерімен қоса. Көр­сетiл­ген қыз­мет­тер­дiң ата­уы Тап­сы­рыс бе­ру­шiлер­дiң ата­уы мен олар­дың те­ле­фон­да­ры­ның нө­мiр­лерi Қыз­мет көр­се­ту ор­ны және жы­лы Шар­ттың құ­ны, тең­ге (көр­сет­пе­у­ге бо­ла­ды) »; Үлгілік конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаның 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Соңғы он жыл ішінде әлеуеттi өнiм берушi жеткізген (өндірген), конкурста сатып алынатындарға ұқсас тауарлардың (бар болса) көлемі, теңгемен______________, растайтын құжаттардың көшірмелерімен қоса. Та­у­ар­дың ата­уы Тап­сы­рыс бе­ру­ші­лер­дің ата­уы және олар­дың те­ле­фон­да­ры­ның нө­мір­ле­рі Та­у­ар жет­кі­зу ор­ны мен кү­ні Шар­ттың құ­ны, тең­ге (көр­сет­пе­у­ге бо­ла­ды) »; Үлгілік конкурстық құжаттамаға 11-қосымша алып тасталсын; Үлгілік конкурстық құжаттамаға 13-қосымшада: әлеуетті өнім берушінің бағалар кестесінің реттік нөмірі 7-жолы мынадай редакцияда жазылсын: « 7 Ба­ға­сы, бар­лы­ғы =__________5-жол х 6-жол, әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің та­сы­мал­да­у­ға, сақ­тан­ды­ру­ға, ке­ден­дік баж­дар­ды тө­ле­у­ге, са­лық­тар­ды (ҚҚС-сыз), тө­лем­дер мен алым­дар­ды тө­ле­у­ге жұм­са­ған бар­лық шы­ғы­ста­рын, жиын­тық­та­у­шы бөл­шек­тер мен мін­дет­ті қо­сал­қы бөл­шек­тер­дің, пай­да­ла­ну­дың ба­стап­қы мер­зі­мін­де өл­шем бір­лі­гіне қыз­мет көр­се­ту құ­нын, бас­қа шы­ғы­стар­ды қо­сқан­да »; реттік нөмірі 8-жол алып тасталсын; ескертпе мынадай редакцияда жазылсын: «Ескертпе: «бағасы, барлығы» деген жолды конкурстық комиссия әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық шығындарын ескере отырып айқындалған және қайта қарауға жатпайды деп қарайды.»; Үлгілік конкурстық құжаттамаға 14-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын; көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшаның 22-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «22. Қызметтерді көрсетуді Өнім беруші кестеге сәйкес жүзеге асыруға тиіс.»; көрсетілген Қағидаларға 10-қосымша осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; көрсетілген Қағидаларға 12-қосымшаның 7-тармағының бірінші бөлігі алып тасталсын; осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес 12-1-қосымшамен толықтырылсын; көрсетілген Қағидаларға 13-қосымша мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Екінші жеңімпаздың (әрбір лот бойынша) атауы, орналасқан орны және бағасы: _________________________.»; осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес 14-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың _______ жылға арналған жылдық жоспары/Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың _______ жылға арналған алдын ала жылдық жоспары (көрсетілген мәндердің біреуін таңдау керек)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 910 қаулысына 1-қосымша Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың _______ жылға арналған жылдық жоспары/Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың _______ жылға арналған алдын ала жылдық жоспары (көрсетілген мәндердің біреуін таңдау керек) Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің БСН Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер үшін Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ата­уы (мем­ле­кет­тік тіл­де) Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ата­уы (орыс ті­лін­де) Қар­жы жы­лы ММ ко­ды қор 1 2 3 4 5 6 Бекітемін: ________________________________ (тапсырыс берушінің толық атауын және оның лауазымды адамының Тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсету керек) Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспары Р/с № Жос­пар тар­ма­ғы­ның ти­пі Ұй­ым­да­сты­ру­шы­ның БСН Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер үшін Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ның әкім­ші­сі Бағ­дар­ла­ма Кі­ші бағ­дар­ла­ма Ерекше­лік Қар­жы­лан­ды­ру кө­зі 1 2 3 4 5 6 7 8 кестенің жалғасы Са­тып алу ны­са­на­сы­ның тү­рі Са­тып алы­на­тын та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің мем­ле­кет­тік тіл­де­гі ата­уы Са­тып алы­на­тын та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің орыс ті­лін­де­гі ата­уы Та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің мем­ле­кет­тік тіл­де қы­сқа­ша си­патта­ма­сы (си­па­ты) Та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің орыс ті­лін­де­гі қы­сқа­ша си­патта­ма­сы (си­па­ты) 9 10 11 12 13 кестенің жалғасы Қо­сым­ша си­патта­ма (мем­ле­кет­тік тіл­де)* Қо­сым­ша си­патта­ма (орыс ті­лін­де)* Са­тып алу тә­сі­лі Өл­шем бір­лі­гі Са­ны, кө­ле­мі Бір бір­лі­гі үшін ба­ға­сы**, тең­ге Са­тып алу үшін бе­кі­ті­л­ген жал­пы со­ма­сы **, тең­ге 14 15 16 17 18 19 20 кестенің жалғасы Үш жыл­дық ке­зең­нің бі­рін­ші жы­лы­на бе­кі­ті­л­ген со­ма Үш жыл­дық ке­зең­нің екін­ші жы­лы­на ар­нал­ған бо­лжам­ды со­ма **, тең­ге Үш жыл­дық ке­зең­нің үшін­ші жы­лы­на ар­нал­ған бо­лжам­ды со­ма **, тең­ге Мем­ле­кет­тік са­тып алу­ды жү­зе­ге асы­ру­дың жос­пар­лан­ған мер­зі­мі (ай) Та­у­ар­ды жет­кі­зу, жұ­мыстар­ды орын­дау, қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мер­зі­мі Та­у­ар­лар­ды жет­кі­зу, жұ­мыстар­ды орын­дау, қыз­мет­тер­ді көр­се­ту ор­ны (ӘАБК сәй­кес ел­ді ме­кен­нің ко­ды) Аван­стық төлем­нің мөл­ше­рі, % 21 22 23 24 25 26 27 * толтыру міндетті емес ** 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер соманы ҚҚС есепке алмай көрсетеді. Бұл талап 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алуға тапсырыс берушілер болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар мен дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар немесе олармен үлестес заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
Басқа 2. Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) техникалық ерекшелігі (әрбір лотқа жеке беріледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 910 қаулысына 2-қосымша Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) техникалық ерекшелігі (әрбір лотқа жеке беріледі) Конкурстың № __________________________________________________ Конкурстың атауы ______________________________________________ Лоттың № ______________________________________________________ Лоттың атауы __________________________________________________ Техникалық ерекшелікте Қазақстан Республикасының ұлттық немесе үкіметтік емес стандарттарын көрсете отырып, қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) толық сипаты және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалары беріледі. Бұл ретте техникалық ерекшеліктер Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс. Қажет болған жағдайда техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі. Жобалау-сметалық құжаттама талап етілетін жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде техникалық ерекшеліктердің орнына конкурстық құжаттамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс. Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмысты мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде оларды әзірлеу туралы техникалық тапсырмада есептеу мен жобалау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұлттық және үкіметтік емес стандарттарына (бар болса) сәйкес келетін материалдар мен жабдықтарды қолдану туралы талаптар көрсетілуге тиіс. Тауарларға, көрсетілетін қызметтерге техникалық ерекшелікте функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының сипатталуы функционалдық шектерді, техникалық сипаттама параметрлерін, тауардың мақсатын және тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің пайдаланылу талаптарын қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуге тиіс. Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте тауарларды тапсырыс берушіге жеткізу кезінде қажетті ілеспе көрсетілетін қызметтер (монтаждау, ретке келтіру, оқыту, тауарларды тексеру және сынақтан өткізу және тағы басқа) мен олар көрсетілетін орын, тауардың шыққан жылы, кепілдік мерзімі көрсетіледі. Көрсетілу сапасы осындай қызметтерді тікелей көрсететін қызметкердің біліктілігіне байланысты қызметтер сатып алынған жағдайда, техникалық ерекшелікте қызметкерге қойылатын, оған жүктелетін міндеттерді орындау үшін қажетті оның кәсіптік даярлық деңгейі мен бейінін, жұмыс өтілін айқындайтын талаптардың сипаты беріледі.
Басқа 3. Біліктілігі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші жұмыстарды сатып алу кезінде толтырады)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 910 қаулысына 3-қосымша Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 7-қосымша Біліктілігі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші жұмыстарды сатып алу кезінде толтырады) Конкурстың № ________________________________________________ Конкурстың атауы _____________________________________________ Лоттың № ____________________________________________________ Лоттың атауы _________________________________________________ 1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәліметтер: Атауы _____________________________________________________ БСН/ЖСН/СЖН/ТЕН____________________________________________ 2. Әлеуетті өнім беруші соңғы он бес жыл ішінде орындаған, конкурста сатып алынатындарға ұқсас (осындай) жұмыс көлемі, растаушы құжаттардың* көшірмелері (болған жағдайда толтырылады) қоса беріледі. Жұ­мыстың ата­уы Жұ­мыс орын­да­ла­тын жер (объ­ек­ті­нің ор­на­лас­қан же­рі) Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ата­уы Жұ­мыс аяқ­та­ла­тын жыл, ай Рас­та­у­шы құ­жат­тың ата­уы, кү­ні және нө­мі­рі Шар­ттың құ­ны, тең­ге 3. Әлеуетті өнім беруші растаушы құжаттардың көшірмелермен қоса, жұмыстарды орындау үшін қажетті, конкурстық құжаттамада көзделген жабдықтың (механизмдер, машиналар) не ұқсас (қосымша) жабдықтың (механизмдер, машиналар) бар екендігі туралы мәліметтерді көрсетеді**. Р/с № Жаб­дық­тың (ме­ха­низмдер­дің, ма­ши­на­лар­дың) ата­уы Қол­да бар бір­лік­тер­дің са­ны Жай-күйі (жа­ңа, жақ­сы, на­шар) Мен­шік­ті (мен­шік құқы­ғын рас­та­у­шы құ­жат­тар­ды қо­са бе­ру), жал­ға алын­ған (кім­нен және жал­ға бе­ру­ші­нің мен­шік құқы­ғын рас­та­у­шы құ­жат­тар қо­са бе­рі­ле­ді) Рас­та­у­шы құ­жат­тың ата­уы, кү­ні мен нө­мі­рі 4. Растаушы құжаттардың көшірмелерімен қоса, еңбек ресурстары туралы мәліметтер**. Р/с № Жұ­мыс­кер­лер­дің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) (же­ке ку­ә­лі­гі­нің кө­шір­ме­сі қо­са бе­рі­ле­ді) Ла­у­а­зы­мы Аза­мат­тығы Бі­лі­мі ту­ра­лы құ­жат бой­ын­ша бі­лік­ті­лі­гі (бі­лі­мі ту­ра­лы құ­жат­тың кө­шір­ме­сі қо­са бе­рі­ле­ді) 1 2 3 ... Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын Ескертпе: *егер конкурстың нысанасы құрылыс болса, орындалған жұмыстар және объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің көшірмесі жұмыс тәжірибесін растау құжаты болып табылады; егер конкурстың нысанасы жұмыстың өзге түрі болса, орындалған жұмыстар актілерінің және шот-фактуралардың көшірмесі жұмыс тәжірибесін растау құжаты болып табылады; егер конкурстың нысанасы жаңа құрылыс болып табылса, жаңа объектілерді салудағы жұмыс тәжірибесі ғана ескеріледі; егер конкурстың нысанасы кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жасақтау және қайта жаңғырту болып табылса, онда күрделі жөндеуді қоспағанда, объектілерді салудағы, бар объектілерді кеңейтудегі, жаңғыртудағы, техникалық қайта жасақтаудағы және қайта жаңғыртудағы жұмыс тәжірибесі ескеріледі; егер конкурстың нысанасы күрделі жөндеу болып табылса, онда жаңа объектілерді салудағы, бар объектілерді кеңейтудегі, жаңғыртудағы, техникалық қайта жасақтаудағы және қайта жаңғыртудағы жұмыс тәжірибесі ескеріледі. Құрылыс саласындағы жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес айқындалған құрылыс объектілерінің функционалдық мақсаты және салалық тиесілілігі мен олардың техникалық және (немесе) технологиялық күрделілігі ескеріледі. **Растаушы құжаттардың көшірмелерін ұсыну конкурстық құжаттамада көрсету көзделген мәліметтер бойынша ғана міндетті. Егер конкурстық құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарын иелену бөлігінде талаптар көзделмесе, растау құжаттарының көшірмелері ұсынылмайды.
Басқа 4. Әлеуеттi өнiм берушi бағаларының кестесi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 910 қаулысына 4-қосымша Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 14-қосымша Әлеуеттi өнiм берушi бағаларының кестесi Лот № Та­у­ар­дың, жұ­мыстың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы Маз­мұ­ны Қы­сқа­ша си­патта­ма­сы Шы­ға­ры­л­ған елі (жұ­мыстар мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді са­тып ала­тын кез­де алып та­стау ке­рек) Дай­ын­да­у­шы за­уыт (жұ­мыстар мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дi са­тып ала­тын кез­де алып та­ста­ла­ды) Өл­шем бір­лі­гі ___________ ИН­КО­ТЕРМС 2000 ___________ шар­тта­рын­да бiр­лiк­тің ба­ға­сы (ме­же­лі пунк­ті) Са­ны (кө­ле­мі) Ба­ға­сы, бар­лы­ғы =__________7-жол х 8-жол, әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің та­сы­мал­да­у­ға, сақ­тан­ды­ру­ға, ке­ден­дік баж­дар­ды тө­ле­у­ге, са­лық­тар­ды (ҚҚС-сыз), тө­лем­дер мен алым­дар­ды тө­ле­у­ге жұм­са­ған бар­лық шы­ғы­ста­рын, жиын­тық­та­у­шы бөл­шек­тер мен мін­дет­ті қо­сал­қы бөл­шек­тер­дің, пай­да­ла­ну­дың ба­стап­қы мер­зі­мін­де өл­шем бір­лі­гіне қыз­мет көр­се­ту құ­нын, бас­қа шы­ғы­стар­ды қо­сқан­да Бiз сiздердiң конкурстық құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызбен келiсемiз. ________________ ______________________________________ (Қолы) (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Мөр орны (бар болса) Ескертпе: «бағасы, барлық» деген жолды конкурстық комиссия әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық шығындарын есепке ала отырып айқындалған және қайта қарауға жатпайды деп қарайды.
Басқа 5. Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша үлгі конкурстық құжаттама
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 910 қаулысына 5-қосымша Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 2-1-қосымша Бекітемін _______________________________ (Тапсырыс берушінің толық атауын және оның осы конкурстық құжаттаманы бекіткен лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі) Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша үлгі конкурстық құжаттама _________________________________________________________________________________ (конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауы) Тапсырыс беруші _________________________________________________________________ (тапсырыс берушінің толық атауы, орналасқан жері, БСК, банктік деректемелері) Тапсырыс берушінің өкілі __________________________________________________________ (Тапсырыс берушінің өкілі – лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), байланыс телефондарын және бар болса, электрондық поштасының мекенжайы) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы___________________________________________ (толық атауы, орналасқан жері, БСК, банктік деректемелері) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі__________________ ________________ (Лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі, лауазымы, байланыс телефондары және бар болса, электрондық поштаның мекенжайы) Конкурстық құжаттаманың құны ____________________________________________________ (конкурстық құжаттаманың құны теңгемен көрсетіледі, егер конкурстық құжаттаманы бергені үшін ақы алу көзделмеген болса, онда бұл тармақты мынадай редакцияда жазу қажет: «Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады»).
Тарау 1
Тармақ 1
1. Конкурс өнім берушіні (лерді) таңдау мақсатында өткізіледі (көрсетілетін қызметтердің атауы көрсетіледі).
Тармақ 2
2. Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша осы конкурс (лот) үшін бөлінген сома___________ теңгені құрайды (көрсетілетін қызметтерді лоттарға бөлген жағдайда сома әрбір лот үшін бөлек көрсетіледі).
Тармақ 3
3. Осы конкурстық құжаттамада қамтылады:
Тармақша 1
1) лот нөмірін, өлшем бірлігін, санын, қызмет көрсету шарттарын, көрсету мерзімі мен орнын, төлем шарттарын және сатып алу үшін бөлінген соманы көрсете отырып, үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын қызметтердің тізбесі;
Тармақша 2
2) бар болса, ұлттық стандартты немесе Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандартты көрсете отырып, ал қажет болған кезде үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын қызметтердің сипаттамасы және талап етілетін техникалық, сапалық және функционалдық сипаттамалары, техникалық ерекшеліктері;
Тармақша 3
3) үлгілік конкурстық құжаттамаға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға өтінімдер;
Тармақша 4
4) үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес қызметтер көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер қамтылады.
Тармақ 4
4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса төменде көрсетілген нысандардың бірінде қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді:
Тармақша 1
1) мынадай банк шотында __________________ (тапсырыс берушінің не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотының толық деректемелері көрсетіледі) орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасы;
Тармақша 2
2) үлгілік конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес банк кепілдігі.
Тармақ 5
5. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімнің өзінің қолданылу мерзімінен кем болмайды.
Тарау 2
Тармақ 6
6. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші қажет болған жағдайда конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы 20__ жылғы «__» __________, _____ сағат ___ минуттан кешіктірмей жазбаша сұрау салумен жүгінеді. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салулары мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберіледі: (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының пошталық мекенжайы, сұрау салуларды қабылдау жүргізілетін бөлімше мен бөлменің нөмірі көрсетіледі).
Тармақ 7
7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұрау салудың кімнен келіп түскенін көрсетпестен, олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жібереді.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 20__ «__» __________, _____ сағат ___ минуттан кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасымен немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрау салуына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекіту сияқты тәртіппен ресімделеді. Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесі ұсынылған барлық әлеуетті өнім берушілерге өтеусіз негізде жібереді. Бұл ретте, әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді есепке алуы үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімін кемінде күнтізбелік он күн мерзімге ұзартады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін ___________ (кездесуді өткізу орны, күні мен уақыты көрсетіледі) кездесу өткізеді.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесу хаттамасын жасайды, онда көздерін көрсетпей, әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы ұсынылған сұрау салулары, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген пошта деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.
Тарау 3
Тарау 1
Тармақ 11
11. Конкурсқа қатысуға өтінім конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуге келісім білдіру нысаны болып табылады.
Тармақ 12
12. Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес әлеуетті өнім беруші толтырған және қол қойған конкурсқа қатысуға өтінімде мыналар қамтылуы тиіс:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім беруші өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттардың тізбесі: құқық қабілеттілігін растайтын нотариат куәландырған құжаттар (заңды тұлғалар үшін), жеке куәліктің көшірмесі (жеке тұлға үшін). Бұл ретте, дара кәсіпкер ретінде тіркеудің бар екені туралы ақпаратты тапсырыс беруші қажет болған кезде www.kgd.gov.kz сайтындағы «Электрондық сервистер/салық төлеушілерді іздеу» бөлімінен алады: заңды тұлға қызметті үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынады, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері қазақ және (немесе) орыс тiлдерiндегі аудармасымен сауда тiзiлiмiнен нотариат куәландырған, заңдастырылған үзiндiні қоса ұсынады; Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген), олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі рұқсаттар (хабарламалар) (мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшiрмелерiн ұсынады); сатып алынатын тауарларды өндіруге, өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын патенттерінің, куәліктерінің, сертификаттарының, басқа құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариат куәландырған көшірмесі (егер заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асырса, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариат куәландырған көшірмесі); құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтер қамтылған құрылтай құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаса) нотариат куәландырған үзіндіні не конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілген, акция ұстаушылардың тізілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және куәландырылған үзіндінің түпнұсқасы; конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде алынған салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы мәліметтер; әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен бірге өткізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше резидент банктерінің банк кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз етуді беру арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растауға құқылы; мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге береді;
Тармақша 1
1) үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiгi туралы мәлiметтер;
Тармақша 2
2) үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық ерекшелік;
Тармақша 3
3) конкурсқа қатысуға өтінімді банк кепілдігі не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңда белгіленген мөлшерде қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 14-қосымшаға сәйкес қызмет көрсетушілерді таңдау өлшемшарттарын растайтын құжаттар;
Тармақша 5
5) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.
Тармақ 13
13. Қызметтерді бірлесіп орындаушыларды тартуға жол берілмейді.
Тарау 2
Тармақ 14
14. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, беттерін нөмірлеп береді және соңғы бетін өзінің қолын қойып, мөрмен (егер бар болса) куәландырады. Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, беттері нөмірленіп, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (егер бар болса) куәландырылған түрде) және конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.
Тармақ 15
15. Конкурсқа қатысуға өтінім басып шығарылуға немесе өшірілмейтін сиямен жазылуға және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюға және мөрімен бекітуге (егер бар болса) тиіс.
Тармақ 16
16. Әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімде жолдар арасында ешқандай қыстырмалар, өшірулер немесе қосымша жазулар болмауға тиіс.
Тармақ 17
17. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке салып желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы (егер ол «кешіккен» болып жарияланатын болса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпай қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «(конкурстың атауы көрсетіледі) сатып алу жөніндегі конкурс» және «(конкурсқа қатысуға өтінім ашылатын күн мен уақыты көрсетіледі) дейін ашпаңыз».
Тарау 3
Тармақ 18
18. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық пошталық мекенжайы, бөлме нөмірі, конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау мен тіркеуге жауапты адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсету керек) мекенжайы бойынша тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып, (конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталатын күні мен уақыты көрсетіледі) қоса алғандағы мерзімге дейін береді.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін алған конкурсқа қатысуға өтінімдердің барлығы ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушіге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдерінің жеке өздеріне қайтарылады.
Тармақ 20
20. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы, ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда – конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.
Тармақ 21
21. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылдауға және тіркелуге жатпайды.
Тарау 4
Тармақ 22
22. Әлеуетті өнім берушінің өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтаруға құқықтарын жоғалтпай, конкурстық өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуіне немесе қайтарып алуына болады. Өзгерістер енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуға, желімделуге және ұсынылуға тиіс. Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін нысандағы өтініш түрінде ресімделеді, оған әлеуетті өнім берушінің қолы қойылады және мөрмен (егер бар болса) бекітіледі. Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін алса, жарамды болып табылады.
Тармақ 23
23. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге, сол сияқты оларды қайтарып алуға жол берілмейді.
Тармақ 24
24. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, қажет болған жағдайда, нақты уақыт кезеңіне өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілерге сұрау салу жібереді. Әлеуетті өнім беруші мыналарға:
Тармақша 1
1) өзінің конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға;
Тармақша 2
2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі өткеннен кейін өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алуға құқығын жоғалтпай, осындай сұрау салуды қабылдамауға құқылы.
Тармақ 25
25. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптау комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу бойынша міндеттемелерді көтермейді.
Тарау 5
Тармақ 26
26. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды конкурстық комиссия келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жүргізеді (конкурс өткізілетіні туралы хабарландыруда (хабарламада) көрсетілген конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу және конкурстық комиссияның отырысы өткізілетін күні, уақыты және орны көрсетіледі). Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді берудің соңғы мерзімі мен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу арасындағы кезең екі сағаттан аспайды. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері салынған конверттер ашылуға жатады. Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға бiр ғана өтiнiм берілсе, осы конкурсқа қатысуға өтiнiм де ашылады және қаралады.
Тармақ 27
27. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына тіркелуге тиіс (тіркелетін орны, күні және уақыты көрсетіледі, бұл уақыт конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашатын уақыттан бұрын болуға тиіс, ал тіркеу орны конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі өткізілетін орынмен бірдей болуға тиіс). Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдерінің конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімінің аудиожазбасы мен бейнетүсірілімін пайдалануына жол берілмейді.
Тармақ 28
28. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.
Тармақ 29
29. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:
Тармақша 1
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде бір тұлға әрекет еткен жағдайларда ол туралы мәліметтер осы конкурстық құжаттамада көрсетілген конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды: конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы; конкурстық құжаттама көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілер саны; әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларының бар не жоқ екені, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізуі; конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар не жоқ екені, сондай-ақ себептері; белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінім берген, тиісті тіркеу журналында тіркелген әлеуетті өнім берушілер туралы хабардар етеді;
Тармақша 2
2) конкурстық комиссия төрағасы не конкурстық комиссия мүшелерінің арасынан төраға анықтаған тұлға: конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;
Тармақша 3
3) конкурстық комиссияның хатшысы: тиісті конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді; әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін алуға болатын мерзім туралы хабардар етеді. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу бойынша отырысының хаттамасына отырысқа қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерiнің бәрі, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды және әр парағын дәйектейді. Көрсетілген конкурстық комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушілерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне, ал болмағандарға – олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салу алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде беріледі.
Тарау 6
Тармақ 30
30. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.
Тармақ 31
31. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі. Егер конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық комиссия оны конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп қарайды.
Тармақ 32
32. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушіні мынадай:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім берушінің және ол тартқан көрсетілетін қызметтерді бірлесіп орындаушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) әлеуетті өнім беруші ұсынбаған;
Тармақша 2
2) әлеуетті өнім беруші өзі тартқан бірлесіп орындаушының біліктілік талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ сәйкессіздігін растау үшін ұсынған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;
Тармақша 3
3) біліктілік талаптары жөнінде дұрыс емес ақпаратты ұсыну фактісі анықталған жағдайларда біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды. Әлеуеттi өнiм берушiнi Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берiлмейдi. Өтінімді қамтамасыз ету соманың бір пайызынан астам мөлшерде енгізілген жағдайда конкурстық комиссия енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп таниды.
Тармақ 33
33. Конкурстық комиссия мынадай:
Тармақша 1
1) банк кепілдігі түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болған;
Тармақша 2
2) конкурстық комиссияға: конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны; қатысу үшiн банк кепілдігі түрінде берілген өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың атауын; банк кепілдігі түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) өтiнiмдi қамтамасыз ету сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын; конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны; пайдасына конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны айқындауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген жағдайларда, енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды. Өзге негіздер бойынша конкурсқа қатысуға өтінімге енгізілген қамтамасыз етуді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.
Тармақ 34
34. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер:
Тармақша 1
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;
Тармақша 2
2) Заңның 6-бабының және Заңның 6-бабы 1-тармағының 7), 8), 9) және 10) тармақшаларының талаптарын бұзса;
Тармақша 3
3) оның конкурсқа қатысуға өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы деп танылмайды). Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда: конкурс қорытындылары туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдамау негіздемесі көрсетіледі; Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.
Тармақ 35
35. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылдайды (техникалық сипаттамалары мен ерекшелігі күрделі көрсетілетін қызметтерді күрделі мемлекеттік сатып алуды өткізген жағдайда, мұндай өтінімдер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде қаралады). Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттама Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 10-қосымшаға сәйкес ресiмделедi, оған конкурстық комиссияның төрағасы мен отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні қол қояды. Сараптамалық қорытынды не сарапшының (сараптау комиссиясы мүшесiнiң) ерекше пiкiрi бар болса, конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға қоса берілуі мүмкiн. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы әлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болған жағдайда ресімделмейді.
Тармақ 36
36. Біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілер анықталған жағдайда конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген, алдын ала рұқсат беру хаттамасына қол қойылған күннен бастап кемінде жеті жұмыс күні болуға тиіс мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімдерін біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді. Заңның 6-бабын бұзған әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы берілмейді.
Тармақ 37
37. Конкурстық комиссия өлшемшарттар бойынша есептеу нәтижелері бойынша, оның ішінде конкурсқа қатысуға бір өтінім берілгенде конкурсқа қатысушылар жинаған балдар санын бағалайды және салыстырады.
Тармақ 38
38. Өнім берушіні таңдау өлшемшарттары бойынша балдарды есептеу Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 14-қосымшаға сәйкес есептеледі.
Тармақ 39
39. Әлеуетті өнім беруші өнім берушіні таңдау өлшемшарттарын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда конкурстық комиссия оларды бағалау үшін тиісті балдарды есептемейді.
Тармақ 40
40. Балдар саны тең болған кезде өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерінен бұрын түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.
Тармақ 41
41. Өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысуға балдарды бағалау және санын салыстыру нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:
Тармақша 1
1) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін, конкурсқа қатысуға жіберілетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар деп таниды;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысуға бір өтінім жіберілген жағдайларды қоспағанда, өлшемшарттар жөнінде есептеу нәтижелері бойынша конкурсқа қатысушылар жинаған балдарды бағалайды және олардың санын салыстырады;
Тармақша 3
3) конкурстық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының орынбасары конкурстық комиссия отырысына қатысып отырған тұлғаларға конкурс тәсілімен өткізілген қызметтерді мемлекеттік сатып алу нәтижелерін жариялайды және қатысушыларға конкурс жеңімпазын жариялайды.
Тармақ 42
42. Конкурстық комиссияның хатшысы:
Тармақша 1
1) конкурстық комиссияның біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына әлеуетті өнім берушілерді айқындау және конкурсқа қатысушылардың балдарын бағалау және салыстыру жөніндегі отырысы өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 12-1-қосымшаға сәйкес Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың жобасын жасайды және оған отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелерінің, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысының қол қоюын және әрбір парағын дәйектеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген, конкурсқа қатысуға өтінім берген кез келген әлеуетті өнім берушінің талап етуі бойынша осындай жазбаша сұрау салуды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осындай әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдеріне өткізілген көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтеусіз негізде жібереді не ұсынады;
Тармақша 3
3) өткізілген көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге көрсетілген хаттаманың көшірмесін ұсынуды қамтамасыз етеді.
Тарау 7. 7. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару
7. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару
Тармақ 43
43. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге мынадай:
Тармақша 1
1) осы әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған;
Тармақша 2
2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған (аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды);
Тармақша 3
3) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және конкурс жеңiмпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзген;
Тармақша 4
4) әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi өткен жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.
Тармақ 44
44. Егер:
Тармақша 1
1) әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдi керi қайтарып алған не өзгертсе және (немесе) толықтырса;
Тармақша 2
2) конкурс жеңiмпазы деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
Тармақша 3
3) конкурс жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгiленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтармайды.
Тарау 8. 8. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт
8. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт
Тармақ 45
45. Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде тапсырыс беруші Заңның талаптарына сәйкес және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы үлгiлік шарт негiзiнде көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасына қол қояды және өнім берушіге жібереді.
Тармақ 46
46. Өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім берушіге қайтарады. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады.
Тармақ 47
47. Заңның 43-бабының 14, 15 және 16-тармақтарында көзделген жағдайларда шартта оны бiр қаржы жылынан артық мерзiмге жасасу туралы ережелер қамтылады.
Тармақ 48
48. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтиды.
Тармақ 49
49. Отандық тауар өндірушілермен және отандық қызметтерді жеткізушілермен шарт алдын ала ақы төлеуді және қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеуді қамтуы тиіс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.
Тармақ 50
50. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаған немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда, мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған болып танылады.
Тармақ 51
51. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) ол енгiзген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi ұстап қалады және осындай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгiнедi;
Тармақша 2
2) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруы арқылы келтірілген залалдарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Басқа 6. Банк кепілдігі (мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету нысаны)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 910 қаулысына 6-қосымша Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымша Банк кепілдігі (мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету нысаны) Банктің атауы:____________________________________________________________ (банктің атауы мен деректемелері) Кімге: ___________________________________________________________________ (тапсырыс берушінің атауы мен деректемелері) Кепілді міндеттеме № _____________ ___ жылғы «___» _______ (орналасқан жері) «Өнім беруші» __________________ (өнім берушінің атауы)_____________________ (тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы) жеткізуге (орындауға, көрсетуге) _____ жылғы __________ ___ № ___ мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) жасасқанын (жасасатынын) және Сіз Шартта Өнім беруші жалпы сомасы________________________________ теңгеге банк кепілдігі түрінде оның орындалуын қамтамасыз етеді деп көздегеніңізді назарға ала отырып, ___________________________________________________________________ (банктің атауы) жоғарыда көрсетілген Шарт бойынша кепілгер болып табылатынымызды және Сіздің төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағанын немесе тиісінше орындамағанын жазбаша растауды алғаннан кейін Сізге _______________________________ (сомасы цифрмен және жазумен) тең соманы төлеуге өзімізге кері қайтарылмайтын міндеттеме аламыз. Осы кепілді міндеттеме қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданыста болады. Осы кепілді міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. Кепілгерлердің қолы/электронды-цифрлық, күні және мекенжайы, қолтаңбасы, мөрі (қағаз жеткізгіште) (Банктің (банк филиалының) атынан оның бірінші басшысы немесе оның орынбасары және банктің бас бухгалтері).
Басқа 7. Конкурсқа қатысуға рұқсат берудің алдын ала хаттамасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 910 қаулысына 7-қосымша Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 10-қосымша Конкурсқа қатысуға рұқсат берудің алдын ала хаттамасы Конкурстың № _______________________________________________________ Конкурстың атауы____________________________________________________ Лоттың № ___________________________________________________________ Лоттың атауы________________________________________________________ Конкурстық комиссияның құрамы: Р/с № Т.А.Ә. (бар бол­са) Ұй­ым­да­ғы ла­у­а­зы­мы Ко­мис­си­яда­ғы рөлi Конкурсқа қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат: Р/с № Өнім бе­ру­ші­нің ата­уы Де­ректе­ме­лерi Өті­нім бе­рі­л­ген кү­ні мен уа­қы­ты Конкурстық комиссия мүшелерінің алдын ала дауыс беру нәтижелері: Р/с № Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің ата­уы (әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­лер тіз­бе­сі) Т.А.Ә. (бар бол­са), ла­у­а­зы­мы, ко­мис­си­яда­ғы рө­лі Ко­мис­сия мү­ше­сі­нің ше­ші­мі № лот бой­ын­ша кон­кур­стық құ­жат­та­ма та­лап­та­ры мен бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­меу се­беп­те­рі­нің то­лық си­патта­ма­сы № лот бой­ын­ша қа­ра­май қай­та­ру се­беп­те­рі­нің негіз­де­ме­сі № лот бой­ын­ша бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры мен кон­кур­стық құ­жат­та­ма та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ті­рі­луі қа­жет әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің өті­ні­мін­де­гі құ­жат­тар тіз­бе­сі Конкурсқа қатысуға қабылданбаған өтінімдер: Р/с № Өнім бе­ру­ші­нің ата­уы БСН (ЖСН) / СЖН / ТБН Қа­был­дан­бау се­бе­бі Біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер: Р/с № Өнім бе­ру­ші­нің ата­уы БСН (ЖСН) / СЖН / ТБН Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді алдын ала қарау нәтижелері бойынша былай деп ШЕШТІ: Р/с № Өнім бе­ру­ші­нің ата­уы БСН (ЖСН) / СЖН / ТБН Де­ректе­ме­ле­рі Кон­кур­стық ко­мис­си­я­ның ше­ші­мі Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін берудің соңғы күні мен уақыты: алдын ала рұқсат беру хаттамасына қол қойылған күннен бастап кемінде 7 жұмыс күні.
Басқа 8. жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсiлiмен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 910 қаулысына 8-қосымша Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 12-1-қосымша _____________________________сатып алу жөніндегі Қарулы Күштердің (конкурстың атауы) жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсiлiмен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама ________________________________________________________________________________ (Орналасқан жері) (Уақыты мен күні) 1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:_________________________________________ (конкурстық комиссия құрамын атап көрсетіледі) ______________________________________ мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс (сатып алынатын көрсетілетін қызметтер қысқаша сипаттау керек) 2. Әрбір лот бойынша сатып алу үшін теңгемен бөлінген сома (сома көрсетіледі). 3. Мынадай өтінімдер конкурсқа қатысуға жіберілді: _____________________________________________________________________________(конкурсқа жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдер көрсетіледі) 4. Конкурсқа қатысушылардың өнім берушісін таңдау өлшемшарттары бойынша балдарды есептеу___________________________________________________________________________ (конкурсқа әрбір қатысушының балдар саны көрсетіледі) Конкурстық комиссия бағалау және салыстыру нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп шешті: 1) _______________________________________________________________________________ (конкурсқа қатысушының атауы мен орналасқан жері, сондай-ақ ол жеңімпаз деп танылған шарттар көрсетіледі) конкурсқа қатысушының конкурстық өтінімі жеңімпаз деп танылсын немесе _________________ (конкурстың атауы) мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс өтпеді деп танылсын. (Егер конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын қарау, бағалау және салыстыру кезінде конкурс жеңімпазы анықталмаса немесе барлық конкурстық баға ұсыныстары қабылданбаса, тиісті себебі көрсетіледі) 2) Тапсырыс беруші (тапсырыс берушілер) ___________________________________________ (әрбір тапсырыс берушінің атауы және орналасқан жері атап көрсетіледі) ____________ жылға дейінгі мерзімде_____________________________ (кіммен) мемлекеттік сатып (конкурс жеңімпазының атауы көрсетіледі) алу туралы шарт жасассын. 3) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оның көшірмесін тапсырыс берушіге (тапсырыс берушілерге) жібереді. Осы шешімге дауыс бергендер: Жақтап дауыс бергендер ______ (конкурстық комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)); Қарсы дауыс бергендер ______ (конкурстық комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)). Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының қолдары.
Басқа 9. Көрсетілетін қызметтің өнім берушісін таңдау өлшемшарттары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 910 қаулысына 9-қосымша Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 14-қосымша Көрсетілетін қызметтің өнім берушісін таңдау өлшемшарттары Р/с № Өл­шем­шар­ттар Бал­дар Рас­та­у­шы құ­жат 1 2 3 4 5 1. Ет­тен жа­са­ла­тын та­мақ өнім­де­рін өн­ді­ру­дің және/неме­се қай­та өң­де­удің бар-жо­ғы Жоқ (0 балл) Мен­ші­гін­де бар – 3 балл 1. Объ­ек­ті­нің тех­ни­ка­лық пас­пор­ты (кө­шір­ме). 2. Объ­ек­ті­нің мен­шік ие­сі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (кө­шір­ме). 3. Нор­ма­да қол­да­ны­ла­тын өнім­ге та­у­ар­дың шы­ғу те­гі­нің қол­да­ны­с­та­ғы сер­ти­фи­ка­ты. Жал­ға ал­ған – 1 балл 1. ҚР әді­лет ор­ган­да­рын­да тір­кел­ген жал­ға бе­ру шар­ты (кө­шір­ме). 2. Объ­ек­ті­нің тех­ни­ка­лық пас­пор­ты (кө­шір­ме). 3. Объ­ек­ті­нің мен­шік ие­сі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (кө­шір­ме). 4. Нор­ма­да қол­да­ны­ла­тын өнім­ге та­у­ар­дың шы­ғу те­гі­нің қол­да­ны­с­та­ғы сер­ти­фи­ка­ты. 2. Сүт өнім­де­рі та­ғам­да­рын өн­ді­ру­дің және/неме­се қай­та өң­де­удің бар-жо­ғы Жоқ (0 балл) Мен­ші­гін­де бар – 3 балл 1. Объ­ек­ті­нің тех­ни­ка­лық пас­пор­ты (кө­шір­ме) 2. Объ­ек­ті­нің мен­шік ие­сі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (кө­шір­ме). 3. Нор­ма­да қол­да­ны­ла­тын өнім­ге та­у­ар­дың шы­ғу те­гі­нің қол­да­ны­с­та­ғы сер­ти­фи­ка­ты. Жал­ға ал­ған – 1 балл 1. ҚР әді­лет ор­ган­да­рын­да тір­кел­ген жал­ға бе­ру шар­ты (кө­шір­ме). 2.Объ­ек­ті­нің тех­ни­ка­лық пас­пор­ты (кө­шір­ме). 3. Объ­ек­ті­нің мен­шік ие­сі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (кө­шір­ме). 4. Нор­ма­да қол­да­ны­ла­тын өнім­ге та­у­ар­дың шы­ғу те­гі­нің қол­да­ны­с­та­ғы сер­ти­фи­ка­ты. 1 2 3 4 5 3. Нан-то­қаш өнім­де­рі өн­ді­рі­сі­нің бар-жо­ғы Жоқ (0 балл) Мен­ші­гін­де бар – 3 балл 1. Объ­ек­ті­нің тех­ни­ка­лық пас­пор­ты (кө­шір­ме) 2. Объ­ек­ті­нің мен­шік ие­сі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (кө­шір­ме). 3. Нор­ма­да қол­да­ны­ла­тын өнім­ге та­у­ар­дың шы­ғу те­гі­нің қол­да­ны­с­та­ғы сер­ти­фи­ка­ты. Жал­ға ал­ған – 1 балл 1. ҚР әді­лет ор­ган­да­рын­да тір­кел­ген жал­ға бе­ру шар­ты (кө­шір­ме). 2.Объ­ек­ті­нің тех­ни­ка­лық пас­пор­ты (кө­шір­ме). 3. Объ­ек­ті­нің мен­шік ие­сі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (кө­шір­ме). 4. Нор­ма­да қол­да­ны­ла­тын өнім­ге та­у­ар­дың шы­ғу те­гі­нің қол­да­ны­с­та­ғы сер­ти­фи­ка­ты. 4. Өзі­нің же­міс-кө­кө­ніс өнім­де­рін өсі­ру неме­се же­міс-кө­кө­ніс өнім­де­рін өсі­ре­тін отан­дық өн­ді­ру­ші­мен ке­лі­сім­шар­ттар­дың бар-жо­ғы Жоқ (0 балл) Мен­ші­гін­де бар – 3 балл 1. 29-СХ есеп­тің ста­ти­сти­ка­лық ны­са­ны неме­се өт­кен жы­л­ғы А-005 ны­са­ны Жал­ға ал­ған – 1 балл 1. Отан­дық өн­ді­ру­ші­мен жа­сас­қан шарт (кө­шір­ме). 2. 29-СХ есеп­тің ста­ти­сти­ка­лық ны­са­ны неме­се отан­дық өн­ді­ру­ші­лер­дің өт­кен жы­л­ғы А-005 ны­са­ны 5. Өзі­нің ірі қа­ра ма­лын өсі­ру неме­се отан­дық ірі қа­ра мал өн­ді­ру­ші­лер­мен ке­лі­сім­шар­ттар­дың бар-жо­ғы Жоқ (0 балл) Мен­ші­гін­де бар– 3 балл 1. 29-СХ есеп­тің ста­ти­сти­ка­лық ны­са­ны неме­се өт­кен жы­л­ғы А-008 ны­са­ны Жал­ға ал­ған – 1 балл 1. Объ­ек­ті­нің тех­ни­ка­лық пас­пор­ты (кө­шір­ме). 2. 24-СХ есеп­тің ста­ти­сти­ка­лық ны­са­ны неме­се отан­дық өн­ді­ру­ші­лер­дің өт­кен жы­л­ғы А-008 ны­са­ны 6. Кө­кө­ніс қой­ма­ла­ры­ның бар-жо­ғы Жоқ (0 балл) Мен­ші­гін­де бар – 3 балл 1. Объ­ек­ті­нің тех­ни­ка­лық пас­пор­ты (кө­шір­ме). 2. Объ­ек­ті­нің мен­шік ие­сі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (кө­шір­ме). 3. ҚР әді­лет ор­ган­да­рын­да тір­кел­ген жал­ға бе­ру шар­ты (кө­шір­ме). Шарт бар – 1 балл 1. Объ­ек­ті­нің тех­ни­ка­лық пас­пор­ты (кө­шір­ме). 2. Объ­ек­ті­нің мен­шік ие­сі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (кө­шір­ме). 3. ҚР әді­лет ор­ган­да­рын­да тір­кел­ген жал­ға бе­ру шар­ты (кө­шір­ме). 7. Азық-тү­лік сақ­та­у­ға ар­нал­ған қой­ма үй-жай­ла­ры­ның бар-жо­ғы Жоқ (0 балл) Мен­ші­гін­де бар – 3 балл 1. Объ­ек­ті­нің тех­ни­ка­лық пас­пор­ты (кө­шір­ме). 2. Объ­ек­ті­нің мен­шік ие­сі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (кө­шір­ме). Шарт бар – 1 балл 1. Объ­ек­ті­нің тех­ни­ка­лық пас­пор­ты (кө­шір­ме). 1 2 3 4 5 2. Объ­ек­ті­нің мен­шік ие­сі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (кө­шір­ме). 3. ҚР әді­лет ор­ган­да­рын­да тір­кел­ген жал­ға бе­ру шар­ты (кө­шір­ме). 8. Мы­на­дай түр­лер бой­ын­ша азық-тү­лік жет­кізу­ге ар­нал­ған ар­найы ав­то­кө­лік­тің бар-жо­ғы*: 1. ре­фри­же­ра­тор, 2. нау­бай­ха­на өні­мін жет­кі­зу үшін ма­ши­на, 3. изо­тер­ми­я­лық ша­на­ғы бар ма­ши­на Бол­мауы­на жол бе­ріл­мей­ді (0 балл бол­ма­ған кез­де са­ны 50 адам­нан кем әс­ке­ри бө­лім­дер үшін) Бо­луы, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның са­ны­на қа­ра­ма­стан (мен­ші­гін­де бар - ав­то­кө­лік­тің әр­бір тү­ріне 1 балл­дан, жал­ға ал­ған –ав­то­кө­лік­тің әр­бір тү­ріне 0,5 балл­дан) 1. Кө­лік құ­ра­лын неме­се жал­ға бе­ру шар­тын тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік. 9. Бө­лім­ше­лер ор­на­лас­қан орын­дар­да қо­ғам­дық та­мақ­тан­ды­ру объ­ек­ті­сі­нің бар-жо­ғы (ҚР ҰҚК Ше­ка­ра қыз­ме­ті­нің бө­лім­ше­ле­рі үшін ға­на қол­да­ны­ла­ды) Жоқ (0 балл) (мен­ші­гін­де бар - 3 балл; жал­ға ал­ған - 1 балл) бар 1. Объ­ек­ті­нің тех­ни­ка­лық пас­пор­ты (кө­шір­ме). 2. Объ­ек­ті­нің мен­шік ие­сі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (кө­шір­ме). 3. ҚР әді­лет ор­ган­да­рын­да тір­кел­ген жал­ға бе­ру шар­ты (кө­шір­ме). 10. Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің ти­іс­ті об­лы­стың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның ау­ма­ғын­да, қыз­мет көр­се­ту ор­ны бой­ын­ша аумақ­тық әді­лет ор­га­нын­да тір­ке­лу­і­нің бар-жо­ғы Жоқ (0 балл) (3 балл) бар Заң­ды тұл­ға­ны тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік және же­ке ку­ә­лік­тің кө­шір­ме­сі (же­ке тұл­ға үшін). Бұл рет­те, да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де тір­ке­удің бар бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты тап­сы­рыс бе­ру­ші қа­жет болған жағ­дай­да www.​kgd.​gov.​kz сай­тын­да­ғы «Элек­трон­дық сер­вис/са­лық тө­ле­у­ші­лер­ді із­деу» қо­сым­ша па­ра­ғы­нан ала­ды. 11. Әр­бір лот­қа бө­лек бі­лік­ті ас­паз­да­ры­ның бар-жо­ғы * Бол­мау­ға жол бе­ріл­мей­ді Бар (3 раз­ряд­ты ас­паз - 1 балл; 4 раз­ряд­ты ас­паз - 2 балл; 5 раз­ряд­ты ас­паз - 3 балл), (бі­рақ тех­ни­ка­лық ерекше­лік­те бел­гі­лен­ген ас­паз­дар са­ны­нан ар­тық емес) 1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сін­де көз­дел­ген ең­бек шар­ты неме­се бас­қа да құ­жат­тар (кө­шір­ме). 2. Ар­найы бі­лі­мін және раз­ряд бе­рі­л­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тар (кө­шір­ме). 1 2 3 4 5 12. Әр­бір лот­қа бө­лек бі­лік­ті тех­но­лог­тар­дың бар-жо­ғы (тех­ни­ка­лық ерекше­лік­те та­лап­тар болған жағ­дай­да) Жоқ (0 балл) Бар (1 тех­но­лог - 3 балл) (бі­рақ тех­ни­ка­лық ерекше­лік­те бел­гі­лен­ген тех­но­лог са­ны­нан көп емес) 1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сін­де көз­дел­ген ең­бек шар­ты неме­се бас­қа да құ­жат­тар (кө­шір­ме). 2. Ар­найы бі­лі­мін рас­тай­тын ди­плом (құ­жат) (кө­шір­ме). 13. Әр­бір лот­қа бө­лек «Қо­ғам­дық та­мақ­тан­ды­ру тех­но­ло­ги­я­сы» ма­манды­ғы бой­ын­ша тех­но­лог бі­лік­ті­лі­гі бар өн­ді­ріс мең­ге­ру­ші­сі­нің бар-жо­ғы (тех­ни­ка­лық ерекше­лік­те та­лап­тар болған жағ­дай­да) Жоқ (0 балл) Бар (1 өн­ді­ріс мең­ге­ру­ші­сі - 3 балл) (бі­рақ тех­ни­ка­лық ерекше­лік­те бел­гі­лен­ген өн­ді­ріс мең­ге­ру­ші­ле­рі са­ны­нан ар­тық емес) 1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сін­де көз­дел­ген ең­бек шар­ты неме­се бас­қа да құ­жат­тар (кө­шір­ме). 2. Ар­найы бі­лі­мін рас­тай­тын ди­плом (құ­жат) (кө­шір­ме). 14. Ұқсас қыз­мет­тер­ді көр­се­ту на­ры­ғын­да­ғы жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі Жоқ (0 балл) Бар (Қа­ру­лы Кү­ш­тер­дің же­ке құ­ра­мын, бас­қа әс­кер­лер мен әс­ке­ри құ­ра­лым­дар­ды та­мақ­тан­ды­ру қыз­ме­тін көр­се­ту – әр­бір жұ­мыс іс­те­ген жы­л­ға 0,5 балл­дан, бі­рақ 5 балл­дан ар­тық емес), (қо­ғам­дық та­мақ­тан­ды­ру қыз­мет­те­рін көр­се­ту - әр­бір жұ­мыс іс­те­ген жы­л­ға 0,3 балл­дан, бі­рақ 3 балл­дан ар­тық емес) 1. Орын­дал­ған жұ­мыстар ак­ті­сі (әр­бір жыл үшін) (кө­шір­ме). 2. Шот-фак­ту­ра (әр­бір жыл үшін) (кө­шір­ме). Ескертпе * осы өлшемшарттар бойынша растайтын құжаттардың болмауы әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің автоматты түрде қаралмай қайтарылуына әкеп соқтырады.