О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1200 «Об утверждении Правил осуществления государственных закупок с применением особого порядка» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1.«Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында: 5-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын: «Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Заңның 7-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын бірнеше заңды тұлғаның, ведомстволар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың арасынан олар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындай алады.»; 106-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы Қағидалардың 105-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайларда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары ашылмайды.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.