О внесении изменения и дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 19-3/297 «Об утверждении Перечня особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками водоснабжения» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-3/297 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-3/297 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11332 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелердің тізбесінде: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 25-1-жолмен толтырылсын: « 25-1. Терісаққан топтық су құбыры »; реттік нөмірі 163-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 163. «Ағадыр» оқшау су құбыры »; мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 163-1, 163-2, 163-3, 163-4, 163-5, 163-6, 163-7, 163-8, 163-9-жолдармен толықтырылсын: « 163-1. «Донғал» оқшау су құбыры 163-2. «Тағалы» оқшау су құбыры 163-3. «Дария» оқшау су құбыры 163-4. «Сейфулин кенті (с.Жарық)» оқшау су құбыры 163-5. «Босаға» оқшау су құбыры 163-6. «Қарамұрын» оқшау су құбыры 163-7. «ЛПЗ-811шм (с.Байғара)» оқшау су құбыры 163-8. «Киік» оқшау су құбыры 163-9. «Мойынты» оқшау су құбыры ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ________________Ж. Қасымбек 2017 жыл «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ______________Б. Сұлтанов 2017 жыл «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі ______________Қ. Бозымбаев 2017 жыл