О внесении изменения в решение маслихата от 31 июля 2015 года № 420 "Об утверждении Правил содержания животных на территории населенных пунктов Костанайской области" Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2015 жылғы 31 шілдедегі № 420 «Қостанай облысының елді мекендері аумағында жануарларды асырау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актiлер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 420 «Қостанай облысының елді мекендері аумағында жануарларды асырау қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5870 тіркелген, 2015 жылғы 22 қыркүйекте «Костанайские новости» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-2-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Қостанай облысы әкімдігінің
ветеринария басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ Б. Қайыпбай
2016 жылғы «27» маусым