Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 31 марта 2016 года № 5-НҚ «Об утверждении процедурных стандартов внешнего государственного аудита и финансового контроля»

Қаулы · № 20-НҚ · қабылданған 31.12.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/31-2016-no-5-ekb-109643/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 31 марта 2016 года № 5-НҚ «Об утверждении процедурных стандартов внешнего государственного аудита и финансового контроля» Қолданыста Қаулы ·№ 20-НҚ ·31.12.2016
31.12.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 31 марта 2016 года № 5-НҚ «Об утверждении процедурных стандартов внешнего государственного аудита и финансового контроля»

Қолданыста Қаулы ·№ 20-НҚ · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 31 марта 2016 года № 5-НҚ «Об утверждении процедурных стандартов внешнего государственного аудита и финансового контроля»
Атауы (қаз.)
«Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
20-НҚ
Қабылданған күні
31.12.2016
Көрсетілген редакция
31.12.2016 109643_157243.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014762
ЭКБ идентификаторы
109643
Редакция идентификаторы
109643_157243
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:30

0 «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 тіркелген, 2016 жылы 11 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы нормативтік қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 100. Тиімділік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;
2) осы нормативтік қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 200. Сәйкестік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;
3) осы нормативтік қаулыға 3-қосымшаға сәйкес 600. Мемлекеттік аудитті жүргізуге аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды тарту бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;
4) осы нормативтік қаулыға 4-қосымшаға сәйкес 700. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;
5) осы нормативтік қаулыға 5-қосымшаға сәйкес 750. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;
6) осы нормативтік қаулыға 6-қосымшаға сәйкес 900. Республикалық бюджеттің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;
7) осы нормативтік қаулыға 7-қосымшаға сәйкес 901. Республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;
8) осы нормативтік қаулыға 8-қосымшаға сәйкес 902. Мәслихаттарға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;
9) осы нормативтік қаулыға 9-қосымшаға сәйкес 1000. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының өз жұмысы туралы ақпарат ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты бекітілсін;
10) осы нормативтік қаулыға 10-қосымшаға сәйкес 1001. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты бекітілсін.»;
осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес 10-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

3 3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.

4 4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Республикалық бюджеттің атқарылуын

бақылау жөніндегі есеп комитетінің
2016 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 20-НҚ нормативтік қаулысына қосымша
Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитетінің
2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ
нормативтік қаулысына 10-қосымша
1001. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының (бұдан әрі – мемлекеттік аудит органдары) қызметіне бағалау жүргізудің мақсатын, міндеттерін, бағыттары мен өлшемшарттарын, оған қойылатын рәсімдік талаптарды айқындайды.

2 2. Стандарт «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 4-тармағының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді.

3 3. Стандарттың мақсаты мемлекеттік аудит органдары қол жеткізген нәтижелердің деңгейін өлшеу, олардың жұмыс сапасы мен нәтижелілігін арттыру болып табылады.

4 4. Стандарттың міндеті мемлекеттік аудит органдарының қызметін бағалауды жүзеге асыруға және жүргізілген бағалаудың (бұдан әрі – Бағалау) нәтижелерін ресімдеуге қойылатын рәсімдік талаптарға бірыңғай тәсілді белгілеу болып табылады.

5

5. Бағалау облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметтерінің Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 9-НҚ бірлескен нормативтік қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 589 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12577 болып тіркелген) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимыл қағидаларына сәйкес ұсынатын есептік ақпаратына жүргізген талдауды және олардың жұмыс тиімділігін бағалауды ескере отырып, олардың ақпараты негізінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетін (бұдан әрі – Есеп комитеті) қоспағанда, барлық мемлекеттік аудит органдарына қатысты жартыжылдық және жыл қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
Ақпараттың толықтығы мен анықтығын мемлекеттік аудит органдарының басшылары қамтамасыз етеді.

6 6. Тексеру комиссиялары қызметінің нәтижелері бойынша олардың қызметіне рейтингілік бағалау жүзеге асырылады.

7

7. Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган Заңның 14-бабына сәйкес жүргізетін ішкі аудит қызметтерінің жүргізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі есептік ақпаратын талдау, ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау негізінде жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Мемлекеттік аудит органдарының қызметін бағалаудың бағыттары мен өлшемшарттары

8 8. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның бағалауы мынадай бағыттар:

1 1) Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және оның орындалуы;

2 2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу;

3 3) камералдық бақылау жүргізу;

4 4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуы;

5 5) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің жауаптылығы;

6 6) өзге де бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

9 9. «Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және оның орындалуы» бағытының өлшемшарттары:

1 1) Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінің жобасын қалыптастыру;

2 2) жоспардан тыс аудит;

3 3) Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне өзгерістер енгізу;

4 4) Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінің орындалуы болып табылады.

10 10. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу» бағытының өлшемшарттары:

1 1) ішкі аудит жүргізу кезінде (камералдық бақылауды қоспағанда) мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің бұзушылықтарын анықтау;

2 2) бұзушылықтар сомасын бюджетке өтеу (камералдық бақылауды қоспағанда);

3 3) бұзушылықтарды қалпына келтіру және есеп бойынша көрсету (камералдық бақылауды қоспағанда);

4 4) басқа мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар бойынша шығарылған қаулыларды қоспағанда, әкімшілік айыппұлдардың сомаларын бюджет кірісіне өндіріп алу (камералдық бақылауды қоспағанда);

5 5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің материалдары бойынша талап қоюларды соттардың қанағаттандыруы;

6 6) бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін нормативтік құқықтық актілерге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілеріне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды енгізу және қабылдау;

7 7) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдар мен тапсырмалардың (орындау мерзімі келгендерінің) жалпы санына шаққанда орындалған ұсынымдар мен тапсырмалардың үлесі болып табылады.

11 11. «Камералдық бақылау жүргізу» бағытының өлшемшарттары:

1 1) камералдық бақылау бойынша хабарламалардың орындалуы;

2 2) камералдық бақылау хабарламаларына қарсылықтарды қарау нәтижелері болып табылады.

12

12. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуы» бағытының өлшемшарты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің және Есеп комитетінің орталық аппараты анықтаған аудит материалдарының Заңның 8-бабында көзделген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмеуі болып табылады.

13 13. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің жауаптылығы» бағытының өлшемшарттары:

1 1) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту;

2 2) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің құқыққа қайшы іс-қимылдарына өтініш жасау жағдайларын растау болып табылады.

14 14. «Өзге де бағыттар» бағытының өлшемшарттары:

1 1) ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізу;

2 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындамау, сапасыз орындау немесе уақтылы орындамау болып табылады.

15 15. Тексеру комиссияларын бағалау мынадай бағыттар:

1 1) Мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің орындалуы;

2 2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу;

3 3) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуы;

4 4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің жауаптылығы;

5 5) өзге да бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

16 16. «Мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің орындалуы» бағытының өлшемшарты Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінің орындалуы болып табылады.

17 17. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу» бағытының өлшемшарттары:

1 1) мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі;

2 2) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдар мен тапсырмалардың (орындау мерзімі келгендерінің) жалпы санына шаққанда орындалған ұсынымдар мен тапсырмалардың үлесі;

3 3) ұсынымдардың жалпы санына шаққанда заңнамадағы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілеріндегі олқылықтар мен қайшылықтарды жоюға бағытталған ұсынымдар;

4 4) мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту болып табылады.

18 18. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуы» бағытының өлшемшарты Заңның 8-бабында көзделген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес емес деп танылған құжаттардың бар болуы болып табылады.

19 19. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің жауаптылығы» бағытының өлшемшарты тексеру комиссияларының қызметкерлерін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту болып табылады.

20 20. «Өзге да бағыттар» бағытының өлшемшарттары:

1 1) тексеру комиссияларының өзінің жұмысы туралы Есеп комитетіне ұсынатын ақпараттың қойылатын талаптарға сәйкестігі;

2 2) ақпараттың Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша бірыңғай дерекқорға (Есеп комитетінің интеграцияланған ақпараттық жүйесіне) берілуі болып табылады.

3 3-тарау. Мемлекеттік аудит органдарының қызметіне бағалау жүргізу тәртібі

21 21. Мемлекеттік аудит органдарының қызметін бағалау ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның қызметін осы Стандартқа 1-қосымшаға сай, тексеру комиссияларының қызметін осы Стандартқа 2-қосымшаға сай бағалау бағыттарына және өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

22 22. Өлшемшарттар бойынша бағалау қызметтің белгіленген оң және теріс көрсеткіштеріне сәйкес жүргізіледі. Көтермеленетін балдар қосылатын және төмендететін балдар алынатын бағалаудың базалық деңгейі 60 балл болып табылады.

23 23. Бағалау жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше мынадай тиісті баға шығарады:

80 балл және одан жоғары – тиімді;
70балдан 80 балға дейін – қанағаттанарлық;
70 балдан кем – тиімсіз.

24 24. Бағалау мыналарды:

1 1) осы Стандартқа 3-қосымшаға сай нысан бойынша толтырылатын мемлекеттік аудит органдарының қызметін бағалау бағыттары мен өлшемшарттары бойынша бағалаудың салыстырмалы кестесін;

2 2) мемлекеттік аудит органдары бөлінісінде бағалаудың барлық бағыттары бойынша жинақталған ақпаратты қамтиды.

25

25. Бағыттар, өлшемшарттар және көрсеткіштер бойынша бағалауды айқындау мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары ақпаратты растайтын құжаттарымен бірге Есеп комитетіне бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 20 шілдеден кешіктірмей, екінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 20 қаңтардан кешіктірмей жібереді. Есеп комитетінің бекітілген бағыттар, өлшемшарттар және көрсеткіштер бойынша бағалауға жауапты құрылымдық бөлімшелері алынған ақпарат және қолда бар мәліметтер негізінде бағалау жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге жинақтау үшін бағалау нәтижелерін бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 5 тамыздан кешіктірмей, екінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 5 ақпаннан кешіктірмей жібереді.

26 26. Мемлекеттік аудит органдарының қызметін бағалау нәтижелері мемлекеттік аудит органдарына танысу үшін бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 25 тамыздан кешіктірмей, екінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 25 ақпаннан кешіктірмей жіберіледі.

27

27. Мемлекеттік аудит органының қызметін бағалауға қарсылықтар болған кезде мемлекеттік аудит органы оларды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде растайтын құжаттарымен бірге Есеп комитетіне жібереді. Қарсылықтар растайтын құжаттары болған кезде оларды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қаралады.

28 28. Мемлекеттік аудит органының қызметін бағалауға қарсылықтар қабылданған жағдайда, Есеп комитеті тиісті түзетулер енгізіп, мемлекеттік аудит органына қарсылықтарды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жібереді.

29 29. Мемлекеттік аудит органдарының қызметін бағалаудың түпкілікті қорытындылары Есеп комитетінің Төрағасына бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 20 қыркүйектен кешіктірмей, екінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 20 наурыздан кешіктірмей ұсынылады.

30 30. Мемлекетік аудит органдырының қызметін жылдық бағалау есепті жылдың екі жартыжылдығы үшін бағалаудың орташа мәні болып табылады және Есеп комитетінің Төрағасына 20 наурыздан кешіктірмей ұсынылады.

31 31. Мемлекеттік аудит органдарының қызметін бағалаудың қорытындылары Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің отырысына шығарылуы мүмкін.

1 Мемлекеттік аудит және қаржылық

бақылау органдарының қызметіне
бағалау жүргізу бойынша сыртқы
мемлекеттік аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік стандартына
1-қосымша
Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның қызметін бағалаудың бағыттары мен өлшемшарттары

Ба­ғыт­тар бой­ын­ша ба­ға­ла­удың өл­шем­шар­тта­ры
Көр­сет­кіш­тер
Бал­дар
1-ба­ғыт: Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­ле­рі­нің ти­іс­ті жы­л­ға ар­нал­ған тіз­бе­сін қа­лып­та­сты­ру және оның орын­да­луы
1.1.
Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­ле­рі­нің ти­іс­ті жы­л­ға ар­нал­ған тіз­бе­сі­нің жо­ба­сын қа­лып­та­сты­ру
Есеп ко­ми­те­ті­мен мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­ле­рі тіз­бе­ле­рі­нің жо­ба­ла­ры­мен ал­мас­қан­нан кей­ін іш­кі мем­ле­кет­тік аудит жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­ле­рі­нің тіз­бе­сі жо­ба­сын­да қай­та­ла­ну фак­ті­ле­рі­нің бо­луы:
1-2 фак­ті;
-1
3-5 фак­ті;
-3
5 фак­ті­ден астам
-5
1.2.
Жос­пар­дан тыс аудит
Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­ле­рі­нің жал­пы са­ны­на шақ­қан­да жос­пар­дан тыс аудит объ­ек­ті­ле­рі са­ны­ның үлес сал­ма­ғы:
10-нан ба­стап 20 пай­ыз­ға дей­ін;
-1
20-дан ба­стап 30 пай­ыз­ға дей­ін;
-3
30 пай­ы­здан ба­стап және одан астам
-5
1.3.
Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­ле­рі­нің ти­іс­ті жы­л­ға ар­нал­ған тіз­бе­сіне өзге­рі­стер ен­гі­зу
Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­ле­рі­нің тіз­бе­сіне ен­гі­зі­л­ген өзге­рі­стер са­ны (мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­ле­рі­нің ата­уы; аудит­тің ти­пі, тек­се­ру­дің тү­рі, мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­ле­рін мем­ле­кет­тік аудит­пен қам­ту ке­зе­ңі, бюд­жет­тің дең­гейі, бюд­жет қа­ра­жа­тын, мем­ле­кет ак­тив­те­рін мем­ле­кет­тік аудит­пен қам­ту со­ма­сы):
1-ден 5-ке дей­ін;
-1
5-тен 10-ға дей­ін;
-3
10-нан ба­стап және одан астам
-5
1.4.
Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­ле­рі­нің ти­іс­ті жы­л­ға ар­нал­ған тіз­бе­сі­нің орын­да­луы
Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­ле­рі­нің тіз­бе­сіне сәй­кес мем­ле­кет­тік аудит жүр­гі­зу ке­зін­де қай­та­ла­ну фак­ті­ле­рі­нің бол­мауы
10
Есеп ко­ми­те­ті­нің 2015 жы­л­ғы 28 қа­ра­ша­да­ғы №9-НҚ нор­ма­тив­тік қа­улы­сы­мен және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 27 қа­ра­ша­да­ғы №589 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 12577 бо­лып тір­кел­ген) Мем­ле­кет­тік аудит және қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның өза­ра іс-қи­мыл қа­ғи­да­ла­рын бұ­зу нәти­же­сін­де мем­ле­кет­тік аудит жүр­гі­зу­дің қай­та­ла­ну фак­ті­ле­рі­нің бо­луы
мем­ле­кет­тік аудит жүр­гі­зу­дің қай­та­ла­нуы­ның 1 фак­ті­сі­нің бо­луы;
-1
мем­ле­кет­тік аудит жүр­гі­зу­дің қай­та­ла­нуы­ның 2-ден 3-ке дей­ін­гі фак­ті­ле­рі­нің бо­луы;
-3
мем­ле­кет­тік аудит жүр­гі­зу­дің қай­та­ла­нуы­ның 3-тен астам фак­ті­ле­рі­нің бо­луы;
-5
2-ба­ғыт: мем­ле­кет­тік аудит және қар­жы­лық ба­қы­лау жүр­гі­зу
2.1.
Іш­кі аудит жүр­гі­зу ке­зін­де (ка­ме­рал­дық ба­қы­ла­уды қо­с­па­ған­да) мем­ле­кет­тік са­тып алу рә­сім­де­рі­нің бұ­зу­шы­лық­та­рын анық­тау
Іш­кі аудит­пен қам­ты­л­ған мем­ле­кет­тік са­тып алу­дың жал­пы со­ма­сы­на шақ­қан­да мем­ле­кет­тік са­тып алу рә­сім­де­рін бұ­зу­шы­лық­тың анық­тал­ған со­ма­сы­ның үлес сал­ма­ғы:
0%-дан ба­стап 50%-ға дей­ін;
1
50%-дан ба­стап 60%-ға дей­ін;
2
60%-дан ба­стап 70%-ға дей­ін;
3
70% -дан ба­стап 80%-ға дей­ін;
4
80%-дан жо­ға­ры
5
2.2.
Бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сын бюд­жет­ке өтеу (ка­ме­рал­дық ба­қы­ла­уды қо­с­па­ған­да)
Бюд­жет­ке өте­у­ге жа­та­тын бұ­зу­шы­лық­тар­дың жал­пы со­ма­сы­на шақ­қан­да есеп­ті ке­зең­де бюд­жет­ке өтел­ген бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­ла­ры­ның үлес сал­ма­ғы:
0%-дан ба­стап 10%-ға дей­ін;
1
10%-дан ба­стап 20%-ға дей­ін;
2
20%-дан ба­стап 30%-ға дей­ін;
3
30%-дан ба­стап 40%-ға дей­ін;
4
40%-дан ба­стап 50%-ға дей­ін;
5
50%-дан ба­стап 60%-ға дей­ін;
6
60%-дан ба­стап 70%-ға дей­ін;
7
70%-дан ба­стап 80%-ға дей­ін;
8
80%-дан ба­стап 90%-ға дей­ін;
9
90%-дан ба­стап 100%-ға дей­ін
10
2.3.
Бұ­зу­шы­лық­тар­ды қал­пы­на кел­ті­ру және есеп бой­ын­ша көр­се­ту (ка­ме­рал­дық ба­қы­ла­уды қо­с­па­ған­да)
Қал­пы­на кел­ті­ру­ге жа­та­тын бұ­зу­шы­лық­тар­дың жал­пы со­ма­сы­на шақ­қан­да есеп­ті ке­зең­де қал­пы­на кел­ті­рі­л­ген және есеп бой­ын­ша көр­се­ті­л­ген бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы­ның үлес сал­ма­ғы:
0%-дан ба­стап 50%-ға дей­ін;
0
50%-дан ба­стап 60%-ға дей­ін;
1
60%-дан ба­стап 70%-ға дей­ін;
2
70%-дан ба­стап 80%-ға дей­ін;
3
80%-дан ба­стап 90%-ға дей­ін;
4
90%-дан 100%-ға дей­ін
5
2.4.
Бас­қа мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дан ке­ліп түс­кен ма­те­ри­ал­дар бой­ын­ша шы­ға­ры­л­ған қа­улы­лар­ды қо­с­па­ған­да, әкім­ші­лік ай­ып­пұл­дар­дың со­ма­ла­рын бюд­жет кі­рі­сіне өн­ді­ріп алу (ка­ме­рал­дық ба­қы­ла­уды қо­с­па­ған­да)
Бас­қа мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дан (Құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­нан, Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің ат­қа­ры­луын ба­қы­лау жө­нін­де­гі есеп ко­ми­те­ті­нен, Тек­се­ру ко­мис­си­я­ла­ры­нан, Іш­кі аудит қыз­мет­те­рі­нен) ке­ліп түс­кен ма­те­ри­ал­дар бой­ын­ша шы­ға­ры­л­ған қа­улы­лар­ды қо­с­па­ған­да, есеп­ті ке­зең­де са­лын­ған ай­ып­пұл­дар­дың жал­пы со­ма­сы­на шақ­қан­да бюд­жет кі­рі­сіне өн­ді­ріп алын­ған әкім­ші­лік ай­ып­пұл­дар со­ма­сы­ның үлес сал­ма­ғы:
50%-ға дей­ін
0
50%-дан ба­стап 60%-ға дей­ін
1
60%-дан ба­стап 70%-ға дей­ін
2
70%-дан ба­стап 80%-ға дей­ін
3
80%-дан ба­стап 90%-ға дей­ін
4
90%-дан ба­стап 100%-ға дей­ін
5
2.5.
Іш­кі мем­ле­кет­тік аудит жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның және оның аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі­нің ма­те­ри­ал­да­ры бой­ын­ша та­лап қо­ю­лар­ды сот­тар­дың қа­на­ғат­тан­ды­руы
Іш­кі мем­ле­кет­тік аудит жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның және оның аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі­нің ма­те­ри­ал­да­ры бой­ын­ша сот­тар қа­на­ғат­тан­дыр­ған та­лап қо­ю­лар­дың үлес сал­ма­ғы:
0%-дан ба­стап 20%-ға дей­ін;
1
20%-дан ба­стап 40%-ға дей­ін;
2
40%-дан ба­стап 60%-ға дей­ін;
3
60%-дан ба­стап 80%-ға дей­ін;
4
80%-дан ба­стап 100%-ға дей­ін
5
2.6.
Бюд­жет қа­ра­жа­тын, мем­ле­кет пен ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор субъ­ек­ті­ле­рі­нің ак­тив­те­рін бас­қа­ру­дың және пай­да­ла­ну­дың ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру үшін нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ге, ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор субъ­ек­ті­ле­рі­нің ак­ті­ле­ріне өзге­рі­стер ен­гі­зу бой­ын­ша ұсы­ны­стар­ды ен­гі­зу және қа­был­дау
Бюд­жет қа­ра­жа­тын, мем­ле­кет пен ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор субъ­ек­ті­ле­рі­нің ак­тив­те­рін бас­қа­ру­дың және пай­да­ла­ну­дың ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру үшін нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ге, ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор субъ­ек­ті­ле­рі­нің ак­ті­ле­ріне өзге­рі­стер ен­гі­зу бой­ын­ша ен­гі­зі­л­ген және қа­был­дан­ған ұсы­ны­стар­дың са­ны:
әр­бір ұсы­ныс үшін 1 балл қо­сы­ла­ды
әр­бір ұсы­ныс үшін
1 балл
2.7.
Мем­ле­кет­тік аудит және
са­рап­та­ма­лық-тал­дау іс-ша­ра­ла­ры­ның қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша қа­был­дан­ған ұсы­ным­дар мен тап­сыр­ма­лар­дың (орын­дау мер­зі­мі кел­ген­де­рі­нің) жал­пы са­ны­на шақ­қан­да орын­дал­ған ұсы­ным­дар мен тап­сыр­ма­лар­дың үле­сі
Мем­ле­кет­тік аудит және са­рап­та­ма­лық-тал­дау іс-ша­ра­ла­ры­ның қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша қа­был­дан­ған ұсы­ным­дар мен тап­сыр­ма­лар­дың орын­дал­ған тар­мақ­та­ры­ның үле­сі:
70-тен ба­стап 80 пай­ыз­ға дей­ін;
3
80-нен ба­стап 90 пай­ыз­ға дей­ін;
5
90 пай­ы­здан ба­стап және одан астам;
10
70 пай­ы­здан кем
-5
3-ба­ғыт: ка­ме­рал­дық ба­қы­лау жүр­гі­зу
3.1.
Ка­ме­рал­дық ба­қы­лау бой­ын­ша ха­бар­ла­ма­лар­дың орын­да­луы
Ка­ме­рал­дық ба­қы­лау бой­ын­ша орын­дал­ған ха­бар­ла­ма­лар­дың үлес сал­ма­ғы:
60%-ға дей­ін
1
60%-дан ба­стап 70%-ға дей­ін;
2
70%-дан ба­стап 80%-ға дей­ін;
3
80%-дан ба­стап 90%-ға дей­ін;
4
90%-дан ба­стап 100%-ға дей­ін
5
3.2.
Ка­ме­рал­дық ба­қы­лау ха­бар­ла­ма­ла­ры­на қар­сы­лық­тар­ды қа­рау нәти­же­ле­рі
Ка­ме­рал­дық ба­қы­лау объ­ек­ті­ле­рі­нің пай­да­сы­на ше­ші­л­ген ха­бар­ла­ма­лар­ға қар­сы­лық­тар­ды қа­рау нәти­же­ле­рі бой­ын­ша қо­ры­тын­ды­лар­дың үлес сал­ма­ғы:
10%-ға дей­ін;
5
10%-дан ба­стап 30%-ға дей­ін;
4
30%-дан ба­стап 50%-ға дей­ін;
3
50%-дан ба­стап 70%-ға дей­ін;
2
70%-дан ба­стап және одан жо­ға­ры
1
4-ба­ғыт: мем­ле­кет­тік аудит және қар­жы­лық ба­қы­лау стан­дарт­та­ры­ның сақ­та­луы
4.1.
Іш­кі мем­ле­кет­тік аудит жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның және Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің ат­қа­ры­луын ба­қы­лау жө­нін­де­гі есеп ко­ми­те­ті­нің ор­та­лық ап­па­ра­ты анық­та­ған аудит ма­те­ри­ал­да­ры­ның Мем­ле­кет­тік аудит және қар­жы­лық ба­қы­лау стан­дарт­та­ры­на сәй­кес емес деп та­ны­луы
Іш­кі мем­ле­кет­тік аудит жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган және оның аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі жүр­гіз­ген ауди­тор­лық іс-ша­ра­лар­дың жал­пы са­ны­на шақ­қан­да іш­кі мем­ле­кет­тік аудит жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның және Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің ат­қа­ры­луын ба­қы­лау жө­нін­де­гі есеп ко­ми­те­ті­нің ор­та­лық ап­па­ра­ты анық­та­ған аудит ма­те­ри­ал­да­ры­ның Мем­ле­кет­тік аудит және қар­жы­лық ба­қы­лау стан­дарт­та­ры­на сәй­кес емес деп та­ны­л­ған­да­ры­ның са­ны:
1 ма­те­ри­ал;
-3
2-ден 3-ке дей­ін­гі ма­те­ри­ал;
-4
4 ма­те­ри­ал­дан ба­стап және одан астам
-5
5-ба­ғыт: мем­ле­кет­тік аудит және қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры қыз­мет­кер­ле­рі­нің жа­у­ап­ты­лы­ғы
5.1.
Іш­кі мем­ле­кет­тік аудит жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның және оның аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі қыз­мет­кер­ле­рін тәр­тіп­тік, әкім­ші­лік және қыл­мыстық жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ту
Есеп­ті ке­зең­де уәкі­лет­ті ор­ган­дар және іш­кі мем­ле­кет­тік аудит жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның өзі және оның аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі анық­та­ған сы­бай­лас жем­қор­лық құқық бұ­зу­шы­лық­тар­ды және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке кір кел­ті­ре­тін те­ріс қы­лық­тар­ды жа­са­ға­ны үшін сот үкім­де­рі­нің есеп­ті ке­зең­де заң­ды кү­шіне ен­ген­де­рі бой­ын­ша іш­кі мем­ле­кет­тік аудит жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның және оның аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі қыз­мет­кер­ле­рін тәр­тіп­тік, әкім­ші­лік және қыл­мыстық жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ту жағ­дай­ла­ры­ның са­ны:
- әр­бір жағ­дай үшін 10 бал­ды ше­ге­ріп та­стау.
әр­бір жағ­дай үшін - 10 балл
5.2.
Іш­кі мем­ле­кет­тік аудит жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның және оның аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі қыз­мет­кер­ле­рі­нің құқық­қа қай­шы іс-қи­мыл­да­ры­на өті­ніш жа­сау жағ­дай­ла­рын рас­тау
Іш­кі мем­ле­кет­тік аудит жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның және оның аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі қыз­мет­кер­ле­рі­нің құқық­қа қай­шы іс-қи­мыл­да­ры­на өті­ніш жа­са­удың рас­тал­ған жағ­дай­ла­ры­ның са­ны:
- әр­бір жағ­дай үшін 5 бал­ды ше­ге­ріп та­стау.
әр­бір жағ­дай үшін - 5 балл
6-ба­ғыт: Өзге де ба­ғыт­тар
6.1.
Іш­кі аудит қыз­мет­те­рі жұ­мысы­ның ти­ім­ді­лі­гіне ба­ға­лау жүр­гі­зу
Іш­кі аудит қыз­мет­те­рі жұ­мысы­ның ти­ім­ді­лі­гіне ба­ға­ла­уды уақ­ты­лы жүр­гі­зу
5
Іш­кі аудит қыз­мет­те­рі жұ­мысы­ның ти­ім­ді­лі­гіне ба­ға­лау жүр­гі­зу­дің бе­кі­ті­л­ген нор­ма­тив­тік құқық­тық және құқық­тық ак­ті­лер­ге сәй­кес кел­меу фак­ті­ле­рі­нің бо­луы:
1-2 фак­ті;
-1
3-4 фак­ті;
-3
5 және одан астам фак­ті
-5
6.2.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің, тап­сыр­ма­ла­рын, же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың өті­ніш­те­рін орын­да­мау, са­па­сыз орын­дау неме­се уақ­ты­лы орын­да­мау
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің, же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың орын­дал­ма­ған, са­па­сыз орын­дал­ған неме­се уақ­ты­лы орын­дал­ма­ған тап­сыр­ма­ла­ры­ның, өті­ніш­те­рі­нің са­ны:
- әр­бір жағ­дай үшін 3 бал­ды ше­ге­ріп та­стау.
әр­бір жағ­дай үшін
- 3 балл

2 Мемлекеттік аудит және қаржылық

бақылау органдарының қызметіне
бағалау жүргізу бойынша сыртқы
мемлекеттік аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік стандартына
2-қосымша
Тексеру комиссияларының қызметін бағалаудың бағыттары мен өлшемшарттары

Ба­ғыт­тар бой­ын­ша ба­ға­ла­удың өл­шем­шар­тта­ры
Көр­сет­кіш­тер
Бал­дар
1.
1-ба­ғыт: Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­ле­рі тіз­бе­сі­нің орын­да­луы
1.1.
Мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­ле­рі­нің ти­іс­ті жы­л­ға ар­нал­ған тіз­бе­сі­нің орын­да­луы
Мем­ле­кет­тік аудит жүр­гі­зу­дің қай­та­ла­ну фак­ті­ле­рі­нің бол­мауы
10
Есеп ко­ми­те­ті­нің 2015 жы­л­ғы 28 қа­ра­ша­да­ғы №9-НҚ нор­ма­тив­тік қа­улы­сы­мен және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 27 қа­ра­ша­да­ғы №589 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 12577 бо­лып тір­кел­ген) Мем­ле­кет­тік аудит және қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның өза­ра іс-қи­мыл қа­ғи­да­ла­рын бұ­зу нәти­же­сін­де мем­ле­кет­тік аудит жүр­гі­зу­дің қай­та­ла­ну фак­ті­ле­рі­нің бо­луы
мем­ле­кет­тік аудит жүр­гі­зу­дің қай­та­ла­нуы­ның 1 фак­ті­сі­нің бо­луы;
-1
мем­ле­кет­тік аудит жүр­гі­зу­дің қай­та­ла­нуы­ның 2-ден 3-ке дей­ін­гі фак­ті­ле­рі­нің бо­луы;
-3
мем­ле­кет­тік аудит жүр­гі­зу­дің қай­та­ла­нуы­ның 3-тен астам фак­ті­ле­рі­нің бо­луы;
-5
2.
2-ба­ғыт: мем­ле­кет­тік аудит және қар­жы­лық ба­қы­лау жүр­гі­зу
2.1.
Мем­ле­кет­тік аудит­пен қам­ты­л­ған қа­ра­жат кө­ле­мі
Ал­дың­ғы жыл­дың ұқсас ке­зе­ңі­мен са­лы­стыр­ған­да мем­ле­кет­тік аудит­пен қам­ты­л­ған қа­ра­жат кө­ле­мі­нің ұл­ға­юы
10
Ал­дың­ғы жыл­дың ұқсас ке­зе­ңі­мен са­лы­стыр­ған­да мем­ле­кет­тік аудит­пен қам­ты­л­ған қа­ра­жат кө­ле­мі­нің аза­юы
-5
2.2.
Мем­ле­кет­тік аудит және
са­рап­та­ма­лық-тал­дау іс-ша­ра­ла­ры­ның қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша қа­был­дан­ған ұсы­ным­дар мен тап­сыр­ма­лар­дың (орын­дау мер­зі­мі кел­ген­де­рі­нің) жал­пы са­ны­на шақ­қан­да орын­дал­ған ұсы­ным­дар мен тап­сыр­ма­лар­дың үле­сі
Мем­ле­кет­тік аудит­тің және са­рап­та­ма­лық-тал­дау іс-ша­ра­ла­ры­ның қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша қа­был­дан­ған ұсы­ным­дар мен тап­сыр­ма­лар­дың орын­дал­ған тар­мақ­та­ры­ның үле­сі:
70-тен 80 пай­ыз­ға дей­ін;
3
80-нен 90 пай­ыз­ға дей­ін;
5
90 пай­ы­здан ба­стап және одан астам;
10
70 пай­ы­здан кем
-5
2.3
Ұсы­ным­дар­дың жал­пы са­ны­на шақ­қан­да заң­на­ма­да­ғы, ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор субъ­ек­ті­ле­рі­нің ак­ті­ле­рін­де­гі ол­қы­лық­тар мен қай­шы­лық­тар­ды жо­ю­ға ба­ғыт­тал­ған ұсы­ным­дар
Ұсы­ным­дар­дың жал­пы са­ны­на шақ­қан­да заң­на­ма­да­ғы, ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор субъ­ек­ті­ле­рі­нің ак­ті­ле­рін­де­гі ол­қы­лық­тар мен қай­шы­лық­тар­ды жо­ю­ға ба­ғыт­тал­ған ұсы­ным­дар­дың үле­сі
20-дан 30 пай­ыз­ға дей­ін;
2
30-дан 40 пай­ыз­ға дей­ін;
3
40 пай­ы­здан ба­стап және одан астам
5
2.4.
Мем­ле­кет­тік аудит қо­ры­тындысы бой­ын­ша адам­дар­ды әкім­ші­лік жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ту
Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы іс­тер­ді қа­ра­у­ға уәкі­лет­ті ор­ган­дар­ға ти­іс­ті ауди­тор­лық дәлел­де­ме­ле­рі­мен ма­те­ри­ал­дар­ды жі­бе­ру қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік аудит ор­га­ны­ның әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы хат­та­ма­ны жа­сау қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша адам­дар­ды әкім­ші­лік жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ту
70-тен 80 пай­ыз­ға дей­ін;
3
80-нен 90 пай­ыз­ға дей­ін;
5
90 пай­ы­здан ба­стап және одан астам;
10
3.
3-ба­ғыт: мем­ле­кет­тік аудит және қар­жы­лық ба­қы­лау стан­дарт­та­ры­ның сақ­та­луы
3.1.
Мем­ле­кет­тік аудит және қар­жы­лық ба­қы­лау стан­дарт­та­ры­на сәй­кес емес деп та­ны­л­ған құ­жат­тар­дың бар бо­луы
Мем­ле­кет­тік аудит­тің қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша Мем­ле­кет­тік аудит және қар­жы­лық ба­қы­лау стан­дарт­та­ры­на сәй­кес емес деп та­ны­л­ған құ­жат­тар­дың бар бо­луы:
1 құ­жат;
-3
2-ден 3 құ­жат­қа дей­ін;
-4
4 құ­жат­тан ба­стап және одан астам
-5
4.
4-ба­ғыт: мем­ле­кет­тік аудит және қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры қыз­мет­кер­ле­рі­нің жа­у­ап­ты­лы­ғы
4.1.
Мем­ле­кет­тік аудит ор­ган­да­ры қыз­мет­кер­ле­рін жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ту
Мем­ле­кет­тік аудит ор­ган­да­ры қыз­мет­кер­ле­рін тәр­тіп­тік жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ту:
1-2 қыз­мет­кер;
-1
3-4 қыз­мет­кер;
-2
5 және одан астам қыз­мет­кер
-5
Мем­ле­кет­тік аудит ор­ган­да­ры қыз­мет­кер­ле­рін әкім­ші­лік жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ту:
1-2 қыз­мет­кер;
-1
3-4 қыз­мет­кер;
-2
5 және одан астам қыз­мет­кер
-5
Мем­ле­кет­тік аудит ор­ган­да­ры қыз­мет­кер­ле­рін қыл­мыстық жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ту
-10
5.
5-ба­ғыт: Өзге де ба­ғыт­тар
5.1.
Тек­се­ру ко­мис­си­я­ла­ры­ның өзі­нің жұ­мысы ту­ра­лы Есеп ко­ми­те­тіне ұсы­на­тын ақ­па­рат­тың қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі
Тек­се­ру ко­мис­си­я­ла­ры ұсы­на­тын ақ­па­рат­тың Об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, аста­на­ның тек­се­ру ко­мис­си­я­ла­ры­ның Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің ат­қа­ры­луын ба­қы­лау жө­нін­де­гі есеп ко­ми­те­тіне өзі­нің жұ­мысы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты ұсы­нуы бой­ын­ша сырт­қы мем­ле­кет­тік аудит­тің және қар­жы­лық ба­қы­ла­удың рә­сім­дік стан­дар­ты­на сәй­кест­і­гі
5
Тек­се­ру ко­мис­си­я­ла­ры ұсы­на­тын ақ­па­рат­тың Об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, аста­на­ның тек­се­ру ко­мис­си­я­ла­ры­ның Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің ат­қа­ры­луын ба­қы­лау жө­нін­де­гі есеп ко­ми­те­тіне өзі­нің жұ­мысы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты ұсы­нуы бой­ын­ша сырт­қы мем­ле­кет­тік аудит­тің және қар­жы­лық ба­қы­ла­удың рә­сім­дік стан­дар­ты­на сәй­кес­сіз­ді­гі
-5
5.2.
Ақ­па­рат­тың Мем­ле­кет­тік аудит және қар­жы­лық ба­қы­лау бой­ын­ша бі­рың­ғай де­рекқор­ға (Есеп ко­ми­те­ті­нің ин­те­гра­ци­я­лан­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­сіне) бе­рі­луі
Ақ­па­рат­тың Мем­ле­кет­тік аудит және қар­жы­лық ба­қы­лау бой­ын­ша бі­рың­ғай де­рекқор­ға (Есеп ко­ми­те­ті­нің ин­те­гра­ци­я­лан­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­сіне) уақ­ты­лы бе­ріл­ме­уі және (неме­се) то­лық бе­ріл­ме­уі:
25 фак­ті­ден астам;
-1
50 фак­ті­ден астам;
-3
100 фак­ті­ден астам
-5

3 Мемлекеттік аудит және қаржылық

бақылау органдарының қызметіне
бағалау жүргізу бойынша сыртқы
мемлекеттік аудиттің және қаржылық
бақылаудың рәсімдік стандартына
3-қосымша
Мемлекеттік аудит органдарының қызметін бағалаудың бағыттары мен өлшемшарттары бойынша бағалаудың салыстырмалы кестесі

Ба­ға­ла­удың ба­ғыт­та­ры мен өл­шем­шар­тта­ры
Мем­ле­кет­тік аудит ор­ган­да­ры бө­лі­ні­сін­де­гі ба­ға­лау нәти­же­ле­рі
ЖИЫ­НЫ

Қолданыстағы