О внесении дополнений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 31 марта 2016 года № 5-НҚ «Об утверждении процедурных стандартов внешнего государственного аудита и финансового контроля» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін: «1-тармақ: мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын: «13) осы нормативтік қаулыға 13-қосымшаға сәйкес 904. Республикалық бюджеттің жобасын оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты.»; осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес 13-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Жоғары аудиторлық палата аппаратының Талдау және бюджетті бағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы нормативтік қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының 2026 жылғы 23 маусымдағы № 8-НҚ Нормативтік қаулыға қосымша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына 13-қосымша
Тармақ 904. 904. Республикалық бюджеттің жобасын оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты
904. Республикалық бюджеттің жобасын оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Республикалық бюджеттің жобасын оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Рәсімдік стандарт) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) Қазақстан Республикасының Құрылтайына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберілетін республикалық бюджет туралы заң жобасына жыл сайынғы қорытындыны (бұдан әрі – Қорытынды) қалыптастыруына қағидаттар мен тәсілдерді айқындайды.
Тармақ 2
2. Рәсімдік стандарт Қазақстан Республикасының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 388 Жарлығымен бекітілген Республикалық бюджеттің жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Алдын ала бағалау жүргізу қағидалары) сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Осы Рәсімдік стандарт Жоғары аудиторлық палата аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне, мүшелеріне және тартылатын сарапшыларға қолданылады.
Тармақ 4
4. Осы Рәсімдік стандарттың негізгі қағидаттарына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) сенімділік – Жоғары аудиторлық палатаның Қазақстан Республикасының Құрылтайына ұсынатын Қорытындысындағы ақпараттың анықтығы және негізділігі;
Тармақша 2
2) толықтық және ашықтық – Қорытындыда мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары материалдарының көрсетілуі және оларды баяндаудың айқындығы;
Тармақша 3
3) уақтылық – анық ақпаратты жедел жинау, Қорытындыны белгіленген мерзімдерде дайындау және ұсыну;
Тармақша 4
4) салыстырмалылық – түрлі кезеңдегі есептік ақпаратты салыстыру мүмкіндігі.
Тарау 2
2-тарау. Қорытындыны дайындау және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Құрылтайына ұсыну
Тармақ 1
1-параграф. Қорытындыны қалыптастыру және оны ұсыну тәртібі
Тармақ 5
5. Қорытындыны қалыптастыру үшін:
Тармақша 1
1) тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы;
Тармақша 2
2) Алдын ала бағалау жүргізу қағидаларының 7-тармағына сәйкес материалдар мен ақпарат;
Тармақша 3
3) Жоғары аудиторлық палатаның, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдардың, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен басқа да мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің цифрлық жүйелерінің деректері;
Тармақша 4
4) Жоғары аудиторлық палатаның сұрау салуы бойынша ұсынылған ақпарат негіз болып табылады.
Тармақ 6
6. Талдау және бюджетті бағалауға жауапты құрылымдық бөлімше (бұдан әрі – Құрылымдық бөлімше) қажет болған жағдайда Алдын ала бағалау жүргізу қағидаларының 4-тармағында көрсетілген бюджет жобасын бағалау объектілеріне Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындыны дайындау жөніндегі жұмысты үйлестіруге жауапты мүшесінің қолы қойылған, осы Рәсімдік стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпаратты, мәліметтерді, құжаттаманы және материалдарды (дәлелдемелерді) ұсыну туралы талап жібереді. Бюджет жобасын бағалау объектілері талапты орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Құрылымдық бөлімшенің лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚтК) 803-бабына сәйкес ӘҚтК-де белгіленген мерзімдер шегінде ӘҚтК-нің 462-бабының үшінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды.
Тармақ 7
7. Қорытындыны дайындау жөніндегі жұмысты үйлестіру Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы бекітетін Жоғары аудиторлық палата мүшелерінің арасында міндеттердің бөлінуіне сәйкес Жоғары аудиторлық палатаның мүшесіне жүктеледі.
Тармақ 8
8. Қорытындыны әзірлеуді және қалыптастыруды Құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Бюджет жобасына бағалау жүргізу үшін республикалық бюджет жобасы шығыстарының бағыттарын іріктеу Алдын ала бағалау жүргізу қағидаларының 5 және 6-тармақтарының талаптары ескеріле отырып жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Республикалық бюджет шығыстарының бағыттары және Қорытындының бөлімдерін (кіші бөлімдерін) жетекшілік ететін бағыттар бойынша Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері мен аппараттың құрылымдық бөлімшелері арасында бөлу Жоғары аудиторлық палата Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 11
11. Қорытындының мемлекеттік тілде уақытылы әрі сапалы дайындалуын мемлекеттік тілді дамытуға жауапты құрылымдық бөлімше қамтамасыз етеді.
Тармақ 12
12. Құрылымдық бөлімше Қорытындыны қалыптастыруға қатысқан Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерімен және құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп республикалық бюджет жобасы Жоғары аудиторлық палатаға енгізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей Қорытынды жобасын қалыптастырып, оны Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасына қарауға жібереді.
Тармақ 13
13. Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындыны дайындауға және ұсынуға жауапты мүшесі Құрылымдық бөлімшемен бірлесіп республикалық бюджет жобасы Жоғары аудиторлық палатаға енгізілген күннен бастап күнтізбелік он жеті күннен кешіктірмей Қорытындының және оны бекіту туралы Жоғары аудиторлық палата қаулысының жобаларын Жоғары аудиторлық палатаның отырысына енгізеді.
Тармақ 14
14. Жоғары аудиторлық палатаның қаулысымен Қорытынды бекітілгеннен кейін Құрылымдық бөлімше Қорытындыны Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасының Құрылтайына жіберу үшін ілеспе хатты дайындап, Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасына қол қоюға ұсынуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 15
15. Жоғары аудиторлық палата Қорытынды бекітілгенге дейін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен бірге Қорытынды жобасын талқылайды. Талқылау Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындыны дайындауға және ұсынуға жауапты мүшесінің төрағалығымен өтеді.
Тармақ 16
16. Қорытынды Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасының Құрылтайына Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет жобасын Жоғары аудиторлық палатаға енгізген күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде жолданады.
Тармақ 17
17. Қорытындыда қамтылатын таратылуы шектелген ақпаратты жауапты орындаушылар қалыптастырады және Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысын ұйымдастыруға жауапты Жоғары аудиторлық палата аппаратының құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жібереді.
Тармақ 2
2-параграф. Қорытындының құрылымы мен мазмұны
Тармақ 18
18. Қорытындының үлгілік құрылымы: КІРІСПЕ I БӨЛІМ. Республикалық бюджет параметрлерін әлеуметтік-экономикалық даму болжамымен өзара байланыстыра отырып бағалау II БӨЛІМ. Республикалық бюджет шығыстарының негізгі бағыттарын бағалау III БӨЛІМ. Бюджет жобасы шығыстарының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарында айқындалған басымдықтарға сәйкестігін бағалау IV БӨЛІМ. Тұжырымдар мен ұсынымдар ҚОСЫМШАЛАР-ды қамтиды.
Тармақ 19
19. «Кіріспе» бөлімінде ақпаратты ұсынудың негізі мен мақсаты, қызметтің негізгі бағыттарының қысқаша мазмұны көрсетіледі.
Тармақ 20
20. «Республикалық бюджет параметрлерін әлеуметтік-экономикалық даму болжамымен өзара байланыстыра отырып бағалау» бөлімінде бюджет шығыстарының таңдалған бағыттарын бағалау үшін қажетті әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жекелеген көрсеткіштеріне шолу қамтылады.
Тармақ 21
21. «Республикалық бюджет шығыстарының негізгі бағыттарын бағалау» бөлімінде Жоғары аудиторлық палата Төрағасының тиісті бұйрығымен бекітілетін шығыстардың негізгі бағыттары бойынша бағалау қамтылады. Жоғары аудиторлық палата жыл сайын бюджет жобасына бағалау жүргізу үшін бюджеттік бағдарламаларды іріктеуді Жоғары аудиторлық палатаның өткен қаржы жылдарындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінде, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын бағалау және бюджет қаражатының басқарылу тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша қорытындыларда қамтылған ақпаратты ескере отырып жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. «Бюджет жобасы шығыстарының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарында айқындалған басымдықтарға сәйкестігін бағалау» бөлімінде Мемлекеттік органдардың даму жоспарлары мен бюджет жобасы шығыстарының жалпыұлттық басымдықтарға және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігін бағалау қамтылады.
Тармақ 23
23. «Тұжырымдар мен ұсынымдар» бөлімінде республикалық бюджетті жоспарлау кезінде анықталған проблемалар сипатталған әрі жүйеленген тұжырымдар және бағаланған бағыттар бойынша ұсынымдар қамтылады.
Тармақ 24
24. Қорытындының құрылымы, мазмұны мен көлемі есепті кезеңде өзекті және маңызды мәселелердің болуына, есепті жылы жүргізілген мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелеріне, сондай-ақ қалыптастырылатын ақпараттың ерекшелігіне қарай нақтылануы немесе ұлғайтылуы мүмкін.
Тармақ 3
3-параграф. Қорытындының ұсынылу нысаны
Тармақ 25
25. Қорытынды:
Тармақша 1
1) титулдық парақтан;
Тармақша 2
2) мазмұнынан;
Тармақша 3
3) негізгі мәтіннен;
Тармақша 4
4) қосымшалардан тұрады.
Тармақ 26
26. Титулдық парақта Қорытындының атауы, сондай-ақ оны дайындауға және ұсынуға жауапты мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.
Тармақ 27
27. Қорытынды мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырылады.
Тармақ 28
28. Қорытындының мәтіндік форматы мынадай талаптарға сәйкес ресімделеді: қаріп – Times New Roman; қаріп өлшемі – 14, кестедегі материалдарда – 8 – 12.
Тармақ 29
29. Қорытындыда сомалар миллиард, миллион және мың теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 4
4-параграф. Қорытындыны Қазақстан Республикасының Құрылтайында талқылау тәртібі
Тармақ 30
30. Құрылымдық бөлімше Қазақстан Республикасының Құрылтайында Қорытындыны таныстыру және негіздеу жұмысын үйлестіруді және ол үшін материалдар дайындауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 31
31. Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындыны дайындауға және ұсынуға жауапты мүшесі Қорытындыны Қазақстан Республикасының Құрылтайында таныстырады.
Тармақ 32
32. Қазақстан Республикасы Құрылтайының жұмыс топтары отырыстарының графигіне сәйкес бейінді комитеттерде Қорытындыны қарау кезінде олардың жұмысына Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындыны дайындауға және ұсынуға жауапты мүшесі не осы Рәсімдік стандарттың 9-тармағына сәйкес бекітілген бөлу негізінде Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері қатысады.
Тарау 3
3-тарау. Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындыда берілген ұсынымдарының орындалуы
Тармақ 33
33. Алдын ала бағалау жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше Қорытындыда қамтылған ұсынымдардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізеді.
Тармақ 34
34. Ұсынымдарды бақылаудан алу Алдын ала бағалау жүргізу қағидаларының 25-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынған ақпарат негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 904. Ақпаратты, мәліметтерді, құжаттаманы және материалдарды (дәлелдемелерді) ұсыну туралы талап
904. Республикалық бюджеттің жобасын оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына қосымша Ақпаратты, мәліметтерді, құжаттаманы және материалдарды (дәлелдемелерді) ұсыну туралы талап 1. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит туралы заң) 21-бабына, 37-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік аудит объектісінің басшысы, лауазымды және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына бюджет жобасын алдын ала бағалауды жүзеге асыру үшін қажет сұратылған құжаттар мен ақпаратты: _____________________________________________________________________ (бірінші басшы қол қоятын қажетті құжаттар мен ақпараттың тізбесін көрсету қажет) _____________ жылғы ____ дейінгі мерзімде беруге міндетті: (күнін көрсету); 2. Мемлекеттік аудит туралы заңның 21-бабы негізінде Жоғары аудиторлық палатаның заңды талаптарын орындамау немесе тиісінше орындамау ӘҚтК-нің 803-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау арқылы ӘҚтК-нің 462-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі ______________ аты-жөні, тегі