О внесении изменений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 31 марта 2016 года № 5-НҚ «Об утверждении процедурных стандартов внешнего государственного аудита и финансового контроля» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген 901. Республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Жоғары аудиторлық палата аппаратының Талдау және бюджетті бағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы нормативтік қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының 2026 жылғы 16 шілдедегі № 11-НҚ Нормативтік қаулыға қосымша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20___ жылғы «___» нормативтік қаулысына 7-қосымша 901. Республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Рәсімдік стандарт) Қазақстан Республикасы Үкіметінің есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) жыл сайынғы қорытындыны (бұдан әрі – Қорытынды) қалыптастыруына тәсілдерді айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Рәсімдік стандарттың күші Жоғары аудиторлық палатаның құрылымдық бөлімшелеріне және мүшелеріне қолданылады.
Тармақ 3
3. Рәсімдік стандарттың негізгі қағидаттарына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) сенімділік – Жоғары аудиторлық палатаның Қазақстан Республикасының Құрылтайына ұсынатын Қорытындысындағы ақпараттың анықтығы және негізділігі;
Тармақша 2
2) толықтық және ашықтық – Қорытындыда мемлекеттік аудит материалдарының және сараптамалық-талдау іс-шараларының көрсетілуі және оларды баяндаудың айқындығы;
Тармақша 3
3) уақтылық – анық ақпаратты жедел жинау, есеп пен ақпаратты белгіленген мерзімдерде дайындау және ұсыну.
Тармақша 4
4) салыстырмалылық – түрлі кезеңдегі есептік ақпаратты салыстыру мүмкіндігі; 5) жариялылық – құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның қамтамасыз етілуімен, Қорытындының Жоғары аудиторлық палатаның ресми интернет-ресурсында жариялануы. 4. Бюджеттің атқарылуын бағалау объектілері – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, бюджет қаражатын алушылар, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар болып табылады.
Тарау 2
2-тарау. Қазақстан Республикасының Құрылтайына Қорытындыны дайындау және ұсыну
Тармақ 1
1-параграф. Қорытындыны қалыптастыру және ұсыну тәртібі
Тармақ 5
5. Қорытындыны қалыптастыру үшін:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 121 және 122-баптарына сәйкес Жоғары аудиторлық палатаға бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмейтін мерзімде, Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Үкімет) есепті жылдан кейінгі жылдың 20 сәуірінен кешіктірмейтін мерзімде ұсынатын есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп;
Тармақша 2
2) Жоғары аудиторлық палатаның және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссияларының (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері, сондай-ақ алдын ала және ағымдағы бағалау қорытындылары;
Тармақша 3
3) Жоғары аудиторлық палатаның, Қаржы министрлігінің және басқа да уәкілетті органдардың цифрлық жүйелерінің деректері;
Тармақша 4
4) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, дербес білім беру ұйымдарының және бюджеттен тыс қорлардың есептері;
Тармақша 5
5) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептер, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың есептері;
Тармақша 6
6) есепті кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы статистикалық деректер, ақша-кредит саясатының, төлем балансының және еліміздің сыртқы борышының көрсеткіштері және құқық қорғау органдарының деректері;
Тармақша 7
7) Жоғары аудиторлық палатаның сұрау салуы бойынша ұсынылған ақпарат негіз болып табылады.
Тармақ 6
6. Талдауға және бюджетті бағалауға жауапты құрылымдық бөлімше (бұдан әрі - Құрылымдық бөлімше) қажет болған жағдайда осы Рәсімдік стандарттың 4-тармағына сәйкес бюджеттің атқарылуын бағалау объектілеріне Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындыны дайындау жөніндегі жұмысты үйлестіруге жауапты мүшесінің қолы қойылған, осы Рәсімдік стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпаратты, мәліметтерді, құжаттаманы және материалдарды (дәлелдемелерді) ұсыну туралы талапты жібереді.
Тармақ 7
7. Бюджет процесіне қатысушылар талаптарды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Құрылымдық бөлімшенің лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚтК) 803-бабына сәйкес ӘҚтК-нің 462-бабының үшінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы ӘҚтК-де белгіленген мерзімдер шегінде жасайды.
Тармақ 8
8. Жоғары аудиторлық палата қажет болған кезде тексеру комиссияларынан және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органнан мемлекеттік аудиттің тиісті материалдарын сұратады.
Тармақ 9
9. Қорытындыны дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіру Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы бекітетін Жоғары аудиторлық палата мүшелерінің арасында міндеттердің бөлінуіне сәйкес Жоғары аудиторлық палатаның мүшесіне жүктеледі.
Тармақ 10
10. Қорытындыны әзірлеуді және қалыптастыруды Құрылымдық бөлімше орындайды. Қорытынды бөлімдерінің (кіші бөлімдерінің) тақырыптары және олардың жетекшілік ететін бағыттар бойынша Жоғары аудиторлық палата мүшелері және құрылымдық бөлімшелері арасында бөлінуі Жоғары аудиторлық палата Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 11
11. Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері негізінде Қорытындыда көрсетілген деректердің анықтығын және өзекті болуын мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелер қамтамасыз етеді.
Тармақ 12
12. Қорытындыны мемлекеттік тілде дайындаудың уақтылығы мен сапасын мемлекеттік тілді дамытуға жауапты құрылымдық бөлімше қамтамасыз етеді.
Тармақ 13
13. Қорытындыны қалыптастыру үшін көрсеткіштердің нысандары мен тізбесін тиісті қаржы жылындағы есептің ерекшелігіне қарай жыл сайын Құрылымдық бөлімше жасайды.
Тармақ 14
14. Құрылымдық бөлімше Жоғары аудиторлық палатаның мүшелеріне және Қорытындыны қалыптастыруға қатысатын құрылымдық бөлімшелерге: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінде ұсынған; Үкіметтің есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 сәуірінде ұсынған Үкіметтің есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін жібереді.
Тармақ 15
15. Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерімен келісілгеннен кейін Қорытындының жобасы есепті кезеңнен кейінгі жылдың 5 мамырынан кешіктірмей Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасына қарау үшін жіберіледі.
Тармақ 16
16. Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындыны дайындауға және ұсынуға жауапты мүшесі Құрылымдық бөлімшемен бірлесіп есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 мамырынан кешіктірмей Қорытындының және оны мақұлдау туралы Жоғары аудиторлық палата қаулысының жобаларын Жоғары аудиторлық палатаның отырысына енгізеді.
Тармақ 17
17. Құрылымдық бөлімше есепті кезеңнен кейінгі жылдың 14 мамырынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Құрылтайына және Үкіметке жіберу үшін Жоғары аудиторлық палатаның қаулысымен бекітілген Қорытындымен бірге ілеспе хатты Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасына қол қоюға ұсынады.
Тармақ 18
18. Құпия режимде жүргізілген мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары туралы ақпаратты жауапты орындаушылар қалыптастырады және Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысын ұйымдастыруға жауапты Жоғары аудиторлық палатаның құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жібереді.
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасының Құрылтайында Қорытындыны таныстыру және бекіту үшін материалдарды дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіруді Құрылымдық бөлімше қамтамасыз етеді.
Тармақ 20
20. Қорытынды Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырысында бекітілгеннен кейін Құрылымдық бөлімше Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, он жұмыс күні ішінде Қорытындының негізгі ережелерін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялау және Жоғары аудиторлық палатаның интернет -ресурсына орналастыру үшін жібереді.
Тармақ 2
2-параграф. Қорытындының құрылымы мен мазмұны
Тармақ 21
21. Қорытынды Үкіметтің есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне беріледі.
Тармақ 22
22. Қорытындының үлгілік құрылымы: КІРІСПЕ І БӨЛІМ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫНЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ II БӨЛІМ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АТҚАРЫЛУЫ 2.1. Есепті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның орындалуын бағалау 2.2. Кіріс бөліктің жоспарлануын және атқарылуын бағалау 2.3. Шығыс бөліктің жоспарлануын және атқарылуын бағалау 2.4. Мемлекеттік қарыз алуды қоса алғанда, тапшылықты және оны қаржыландыру көздерін бағалау 2.5. Ұлттық қор қаражатының түсімдері және пайдаланылуы ІІІ БӨЛІМ. БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ, ОНЫҢ ІШІНДЕ БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕ ПАЙДАЛАНЫЛУ ТИІМДІЛІГІ 3.1. Орталық мемлекеттік органдарға бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бағалау 3.2. Мемлекеттік тапсырмалардың орындалуын бағалау 3.3. Бюджеттік инвестициялық жобалардың, оның ішінде мемлекеттік -жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу тиімділігін бағалау ІV БӨЛІМ. ӨҢІРЛЕРГЕ БӨЛІНГЕН БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ПАЙДАЛАНЫЛУ ТИІМДІЛІГІ V БӨЛІМ. КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР АКТИВТЕРІНІҢ ЖӘНЕ БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАРДЫҢ БАСҚАРЫЛУ ТИІМДІЛІГІ VІ БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК ЖОСПАРЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӨЗГЕ ДЕ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ VІІ БӨЛІМ. ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ БАҒАЛАУ VІІІ БӨЛІМ. ТҰЖЫРЫМДАР МЕН ҰСЫНЫМДАР ҚОСЫМША
Тармақ 23
23. «Кіріспе» бөлімінде ақпаратты ұсынудың негізі мен мақсаты, қызметтің негізгі бағыттары бойынша қысқаша мазмұны көрсетіледі.
Тармақ 24
24. «Республикалық бюджеттің атқарылуының макроэкономикалық жағдайлары» деген I бөлім:
Тармақша 1
1) республикалық бюджетті қалыптастыру үшін негіз болып табылатын Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының негізгі параметрлерінің орындалуын;
Тармақша 2
2) ағымдағы жағдайды талдауды және анықталған әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларының бюджет параметрлеріне ықпал етуін бағалауды;
Тармақша 3
3) есепті қаржы жылында мемлекеттік борыштың деңгейі мен құрылымын бағалау бойынша тиімділікке тақырыптық аудит жүргізілген жағдайда мемлекеттік борыштың деңгейі мен құрылымын бағалауды қамтиды.
Тармақ 25
25. «Республикалық бюджеттің параметрлерін жоспарлау және олардың атқарылуы» деген II бөлім:
Тармақша 1
1) бюджетке жүргізілген түзетулер санын және Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкестігін көрсете отырып, есепті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның орындалуын бағалауды;
Тармақша 2
2) республикалық бюджетке түсетін кірістер түсімдерінің болжамында көзделген көрсеткіштердің орындалуын ескере отырып, сондай-ақ есепті кезеңнің алдындағы жылмен салыстырғанда түсімдерді сыныптау бойынша республикалық бюджет кірістерінің атқарылуы туралы ақпаратты;
Тармақша 3
3) кедендік және салықтық әкімшілендірудің және жалпы салық-бюджет саясатының тиімділігін бағалауды;
Тармақша 4
4) бюджет қаражатының атқарылмау себептерін және қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында пайдаланылмайтын қалдықтардың пайда болуын көрсете отырып, резервтің пайдаланылуын қоса алғанда, негізгі экономикалық және функционалдық топтар бойынша бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуын бағалауды;
Тармақша 5
5) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары барысында бюджет қаражатын пайдалануға қатысты анықталған бұзушылықтар мен жүйелік кемшіліктерді талдауды;
Тармақша 6
6) аудиторлық және сараптамалық-талдау қызметінің нәтижелері бойынша анықталған Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы мен бюджеттік бағдарламалардың нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі есеп деректеріндегі алшақтықтарды (бар болса);
Тармақша 7
7) бюджет тапшылығы және оны қаржыландыру көздері туралы ақпаратты;
Тармақша 8
8) есепті қаржы жылында Ұлттық қордың түсімдерін және активтерінің пайдаланылуын бағалау бойынша тиімділікке тақырыптық аудит жүргізілген жағдайда Ұлттық қордың түсімдерін және активтерінің пайдаланылуын бағалауды қамтиды.
Тармақ 26
26. «Бюджет қаражатының, оның ішінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде пайдаланылу тиімділігі» деген ІІІ бөлімде:
Тармақша 1
1) орталық мемлекеттік органдардың республикалық бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін және олардың қызметін бағалау (әрбір мемлекеттік орган бөлінісінде), оның ішінде: - орталық мемлекеттік органдардың есепті қаржы жылындағы республикалық бюджетті атқаруын бағалау; - мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу бойынша және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін операциялық бағалау;
Тармақша 2
2) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары барысында бюджет қаражатын пайдалануға қатысты анықталған бұзушылықтар мен жүйелі кемшіліктерді талдау;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тапсырманың орындалуы туралы ақпаратты бағалау;
Тармақша 4
4) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелерді орындаудың тиімділігін бағалау;
Тармақша 5
5) заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді талдау қамтылады.
Тармақ 27
27. «Өңірлерге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігі» деген IV бөлім өңірлерде республикалық бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бағалауды, оның ішінде:
Тармақша 1
1) өңірлердің дамуын (бюджеттік қамтамасыз етілу, бөлінетін трансферттердің тиімділігі) талдауды;
Тармақша 2
2) өңірлер бөлінісінде мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды талдауды қамтиды.
Тармақ 28
28. «Квазимемлекеттік сектор активтерінің және бюджеттен тыс қорлардың басқарылу тиімділігі» деген V бөлім:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мүліктің басқарылу тиімділігін бағалауды, оның ішінде республикалық меншікті жекешелендіруден, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғаларының активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдерді талдауды;
Тармақша 2
2) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларын, іс-шаралары жоспарларын, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарын дамытудың ұзақ мерзімді стратегияларын бағалауды;
Тармақша 3
3) республикалық бюджет қаражатының және дербес ұйымдар активтерінің пайдаланылу тиімділігін бағалауды;
Тармақша 4
4) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері бойынша анықталған республикалық бюджет қаражатын пайдалану және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару кезіндегі бұзушылықтарды талдауды;
Тармақша 5
5) қаржы-шаруашылық қызметті және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен бюджетке түсетін түсімдерді талдауды;
Тармақша 6
6) тиісті бюджетке дивидендтер төленгеннен немесе аударымдардан кейін қалған таза кіріс қаражатының пайдаланылуы туралы ақпаратты талдауды;
Тармақша 7
7) бюджеттен тыс қорлар туралы ақпараты талдау қамтиды.
Тармақ 29
29. «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзге де құжаттарының іске асырылуы» деген VІ бөлім тұжырымдамалардың, ұлттық жобалардың, мемлекеттік бағдарламалардың, доктриналардың (стратегиялардың), кешенді жоспарлардың, Ұлттық инфрақұрылымдық жоспардың іске асырылуын бағалауды қамтиды.
Тармақ 30
30. «Шоғырландырылған қаржылық есептілікті бағалау» деген VII бөлім республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген жыл сайынғы аудиттің қорытындыларын қамтиды.
Тармақ 31
31. «Тұжырымдар мен ұсынымдар» деген VІІІ бөлімде әрбір бағаланған бағыт бөлінісінде, оның ішінде:
Тармақша 1
1) есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкестігіне (республикалық бюджеттің ақша және материалдық қаражатын басқарудың заңдылығы, дұрыстығы, тиімділігі мен үнемділігі туралы);
Тармақша 2
2) бюджеттік құжаттарда белгіленген ковенанттардың сақталуына;
Тармақша 3
3) жасалған операциялар бойынша жылдық есепте көрсетілген ақпараттың анықтығы мен толықтығына және бұзушылықтардың бар-жоғына;
Тармақша 4
4) республикалық бюджеттің атқарылу тиімділігін арттыруға, Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуына;
Тармақша 5
5) қаржы тәртібін нығайту жөніндегі шараларға;
Тармақша 6
6) мемлекеттік сектордағы қаржы қызметін республикалық бюджет қаражатын ұтымды және тиімді пайдалануға бағытталған басқаруды жетілдіру тетіктеріне қатысты республикалық бюджетті атқару кезінде анықталған проблемаларды сипаттайтын және жүйелендіретін тұжырымдар мен ұсынымдар;
Тармақша 7
7) Үкіметтің тиісті қаржы жылдарындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі бойынша берілген Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарының орындалуы туралы ақпарат қамтылады.
Тармақ 32
32. Қорытындыда қосымшаларда Жоғары аудиторлық палатаның, тексеру комиссияларының және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қызметінің негізгі нәтижелері көрсетіледі.
Тармақ 33
33. Қорытындының құрылымы, мазмұны мен көлемі есепті кезеңде өзекті және маңызды мәселелердің болуына, есепті жылдағы мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелеріне, сондай-ақ қалыптастырылатын ақпараттың ерекшелігіне қарай нақтылануы немесе кеңейтілуі мүмкін.
Тармақ 3
3-параграф. Қорытындыны ұсыну нысаны
Тармақ 34
34. Қорытынды: - титулдық парақтан; - мазмұнынан; - негізгі мәтіннен; - қосымшалардан тұрады.
Тармақ 35
35. Титулдық парақта Қорытындының атауы, сондай-ақ оны дайындауға және ұсынуға жауапты мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.
Тармақ 36
36. Қорытындыда сомалар миллиард немесе миллион теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 37
37. Қорытындының мәтіндік форматы мынадай талаптарға сәйкес ресімделеді: қаріп – Times New Roman; қаріп өлшемі – 14, кестедегі материалдарда – 8 – 12.
Тармақ 38
38. Қорытынды мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырылады.
Тармақ 4
4-параграф. Қорытындыны Қазақстан Республикасының Құрылтайында талқылау тәртібі
Тармақ 39
39. Қорытындыны Қазақстан Республикасының Құрылтайында таныстыруды Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы немесе оған уәкілетті адам жүзеге асырады.
Тармақ 40
40. Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындыны дайындауға және ұсынуға жауапты мүшесі Жоғары аудиторлық палата аппаратымен бірлесіп Жоғары аудиторлық палата Төрағасының сөйлейтін сөзінің тиісті жобаларын, оны Қазақстан Республикасының Құрылтайында таныстыруға қажетті слайдтар мен басқа да материалдарды қалыптастырады.
Тармақ 41
41. Бюджет кодексінің 123-бабының 2-тармағына сәйкес Қорытындыны талқылау кезінде Қазақстан Республикасының Құрылтайында Жоғары аудиторлық палата Төрағасының баяндамасы тыңдалады.
Тармақ 42
42. Қазақстан Республикасы Құрылтайының жұмыс топтары отырыстарының графигіне сәйкес бейінді комитеттерде Қорытындыны қарау кезінде олардың жұмысына мемлекеттік аудит учаскелерінің бөлінуі негізінде Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері қатысады.
Тарау 3
3-тарау. Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарының орындалуы
Тармақ 1
1-параграф. Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындыға берген ұсынымдарын орындау жөніндегі жол картасын әзірлеу және оны мониторингтеу тәртібі
Тармақ 43
43. Жоғары аудиторлық палатаның Қорытындыға берген ұсынымдарын орындау жөніндегі жол картасын (бұдан әрі - Жол картасы) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Жоғары аудиторлық палатамен келісу бойынша Үкіметтің 2025 жылғы 29 шілдедегі № 571 қаулысымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы Рәсімдік стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды.
Тармақ 44
44. Жол картасы Жоғары аудиторлық палатаға ұсынылған кезде Құрылымдық бөлімше оның он жұмыс күні ішінде келісілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 45
45. Жол картасы қабылданғаннан кейін Құрылымдық бөлімше бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынған ақпарат негізінде іс-шаралардың және көрсетілген ұсынымдардың іске асырылу мерзімдерін ескере отырып, оның орындалуын мониторингтеуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2-параграф. Жол картасының тармақтарын бақылаудан алу
Тармақ 46
46. Жол картасының тармақтарын бақылаудан алу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ұсынған ақпараты негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Басқа 1.1. Ақпаратты, мәліметтерді, құжаттаманы және материалдарды (дәлелдемелерді) беру туралы талап
901. Республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына 1-қосымша нысан Ақпаратты, мәліметтерді, құжаттаманы және материалдарды (дәлелдемелерді) беру туралы талап
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит туралы заң) 21-бабына, 37-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік аудит объектісінің басшысы, лауазымды, жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті сұратылатын құжаттар мен ақпаратты: __________________________________________________________________ (бірінші басшының қолы қойылған қажетті құжаттар мен ақпараттың тізбесін көрсету қажет) ______ жылғы _____________ дейінгі (күнін белгілеу) мерзімде ұсынуға міндетті;
Тармақ 2
2. Мемлекеттік аудит туралы заңның 21-бабы негізінде Жоғары аудиторлық палатаның заңды талаптарын орындамау немесе тиісінше орындамау ӘҚтК-нің 462-бабына сәйкес ӘҚтК-нің 803-бабы негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасай отырып, әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі _______________ Аты-жөні, тегі
Басқа 1.2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ______ жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне берілген Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарын орындау жөніндегі ЖОЛ КАРТАСЫ
901. Республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына 2-қосымша нысан Қазақстан Республикасы Үкіметінің ______ жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне берілген Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарын орындау жөніндегі ЖОЛ КАРТАСЫ № Бөлім ЖАП ұсынымының атауы Жауапты орындаушылар Орындау мерзімі Үкіметтің ұсынымның орындалуы туралы ақпараты қысқа мерзімді орта мерзімді ұзақ мерзімді 1 2 3 4 5 6 7 8