О внесении изменений в решение Жылыойского районного маслихата от 31 октября 2016 года № 6-3 «Об утверждении тарифов на сбор, вывоз, утилизацию и захоронение твердых бытовых отходов по Жылыойскому району» Күшін жойған
Басқа 0
Жылыой ауданы мәслихатының 2016 жылғы 31 қазандағы № 6-3 «Жылыой ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату және көму тарифтерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жылыой ауданы мәслихатының 2016 жылғы 31 қазандағы № 6-3 «Жылыой ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату және көму тарифтерін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3684 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
6
Емханалар
1 келіп кету
»;
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8
Санаторийлер
1 орын
»;
реттік нөмірі 25-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«
25
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
»;
реттік нөмірі 28-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«
28
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы
1 отыратын орын
».
Тармақ 2
2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экология, ауылшаруашылығы, агроөнеркәсіп, заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Т. Майлыбаев) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.