О внесении изменения в постановление акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 31 августа 2017 года № 179 «Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Тимирязевского района Северо-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 31 тамыздағы № 179 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 179 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4312 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшаның 9-тармағындағы «Комсомольское ауылы, Комсомольская және Ленина көшелердің қиылысы» деген сөздер «Комсомольское ауылы, Комсомольская және Абай көшелердің қиылысы» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.