О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 31 августа 2017 года № 290 «Об определении размера черты бедности» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 290 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 2–бабының 1-1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 290 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15766 болып тіркелген, 2017 жылғы 2 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1–тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегі: 1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жүгіну тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызы мөлшерінде, егер көрсетілген кезең үшін жергілікті атқарушы органдар есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен төмен болған жағдайда, онда кедейлік шегі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен болмайтын мөлшерде айқындалады. 2) 2019 жылғы 1 сәуірден бастап – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жүгіну тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы мөлшерінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен 70 пайыздан төмен болмайтын мөлшерде айқындалады.». 2-тармақтың 4-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: «4) осы бұйрықты облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқарламаларына ұсынуды;
Тармақша 5
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) 2) 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.