О внесении изменения в постановление акимата Костанайской области от 31 октября 2017 года № 532 «Об утверждении размеров выплат ежемесячного денежного содержания спортсменам, входящим в состав сборных команд Республики Казахстан по видам спорта (национальных сборных команд по видам спорта), их тренерам, а также спортсменам, выступающим в составах сборных команд Республики Казахстан (национальных сборных команд) по игровым видам спорта, их тренерам и руководителям клубных команд» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 532 «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлерін бекіту туралы» 2017 жылғы 31 қазандағы № 532 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7333 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлері
Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 19 шілдедегі № 299 қаулысына қосымша Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 532 қаулысына қосымша Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлері № Спорт түрлері, спорттың ойын түрлері бойынша жарыстардың жіктелуі Орын Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) спортшы жаттықтырушы клубтық команданың жетекшісі 1 Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары 1-орын 250 25 3 2-орын 220 22 3 3-орын 200 20 3 4-орын 180 18 3 5-орын 160 16 3 6-орын 140 14 3 лицензия 120 12 3 2 Олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаты (ересектер) 1-орын 150 15 3 2-орын 130 13 3 3-орын 120 12 3 3 Олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Азия ойындары (ересектер) 1-орын 120 12 3 2-орын 110 11 3 3-орын 100 10 3 4 Жасөспірімдердің Олимпиада ойындары, Дүниежүзілік Универсиада 1-орын 70 7 3 2-орын 50 5 3 3-орын 40 4 3 5 Олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем кубогы, Азия чемпионаты (ересектер) 1-орын 80 8 3 2-орын 70 7 3 3-орын 60 6 3 6 Олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша жастар, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 1-орын 70 7 3 2-орын 60 6 3 3-орын 50 5 3 7 Олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша жастар, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты, олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша әлем чемпионаты (ересектер) 1-орын 60 6 3 2-орын 50 5 3 3-орын 40 4 3 8 Олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты (ересектер) 1-орын 60 6 3 2-орын 30 3 3 3-орын 20 3 3 9 Олимпиадалық емес спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаты (ересектер) 1-орын 20 3 3