О внесении изменений и дополнения в совместный приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 октября 2018 года № 1517 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 31 октября 2018 года № 48 «Об утверждении проверочного листа за использованием товарного знака, знака обслуживания, наименования места происхождения товара или фирменного наименования» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 1517 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 48 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 1517 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 48 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17661 болып тіркелген) бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: бірлескен бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін, тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын тексеру парақтарын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мыналар бекітілсін: 1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерінің пайдаланылуын тексеру парағы; 2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын тексеру парағы.»; авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерінің пайдаланылуын тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне «Тексеру субьектілері мен обьектілерінің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Басқа 1. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерінің пайдаланылуын тексеру парағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қатысты
Исполняющий обязанности министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 января 2026 года № 7 и Министр юстиции Республики Казахстан от 29 января 2026 года № 102 Бірлескен бұйрыққа 1-қосымша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 1517 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 48 бірлескен бұйрығына 1-қосымша Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерінің пайдаланылуын тексеру парағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қатысты Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Тексеруді тағайындау туралы акт _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ №, күні Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Орналасқан жерінің мекенжайы № Талаптар тізбесі Талаптарға сәйкес келеді Талаптарға сәйкес келмейді 1 2 3 4 1 Авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға (қайта шығару, тарату, импортқа шығару, жария көрсету, туындыны жалпы жұрттың назарына арнап хабарлау, жария хабарлау, эфирде жариялау (оның ішінде эфирлік және кабельдік хабар тарату ретрансляция), кабель арқылы хабарлау, аудару, өңдеу, жалпы жұрттың назарына жеткізу) артормен авторлық құқық иесімен немесе құқықтарды ұжымдық басқару ұйымымен шарттың болуы Лауазымды адам (-дар) _________________________________________________ лауазымы қолы _________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Бақылау субъектісінің басшысы _________________________________________________ лауазымы қолы _________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Басқа 2. Тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын тексеру парағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жер атауын немесе фирмалық атауды пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қатысты
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 7 мен Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 102 Бірлескен бұйрыққа 2-қосымша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 1517 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 48 бірлескен бұйрығына 2-қосымша Тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын тексеру парағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жер атауын немесе фирмалық атауды пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қатысты Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Тексеруді тағайындау туралы акт _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ №, күні Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Орналасқан жерінің мекенжайы № Талаптар тізбесі Талаптарға сәйкес келеді Талаптарға сәйкес келмейді 1 2 3 4 1 Тауар таңбасын, қызмет көрсету белгісін, тауардың шыққан жерінің атауын немесе олармен шатастыру дәрежесіне дейін ұқсас белгілерді біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты пайдалану үшін иесімен (құқық иеленушімен) жасалған шарттың болуы. 2 Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тауар белгісіне айрықша құқық беру/ұсыну туралы тиісті жазбаша шарттарды тіркеудің болуы Лауазымды адам (-дар) _________________________________________________ лауазымы қолы _________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Бақылау субъектісінің басшысы _________________________________________________ лауазымы қолы _________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)