О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 31 мая 2018 года № 239 «Об утверждении Требований по развитию архитектуры «электронного правительства» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 239 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 239 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12880 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің цифрлық трансформация департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптар
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 2022 жылғы 31 қазандағы № 405/НҚ бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 239 бұйрығымен бекітілген «Электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптар
Тармақ 1
1. Осы «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Талаптарда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «электрондық үкіметтің» архитектурасы – тиісті салалар (аялар) бөлінісінде мемлекеттік басқарудың міндеттерін, функцияларын қоса алғанда, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің цифрлық нысандағы сипаттамасы;
Тармақша 2
2) «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы – «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға;
Тармақша 3
3) реинжиниринг – ұйым қызметінің тиімділігін, сапасын және нәтижелілігін арттыру мақсатында ағымдағы жұмыс процесін қайта өзгерту;
Тармақша 4
4) деректерді басқару – деректерді айқындауға, құруға, жинауға, жинақтауға, сақтауға, таратуға, жоюға, қолдауға, сондай-ақ олардың талдауын, сапасын, қолжетімділігін, қорғалуын қамтамасыз етуге байланысты процесс.
Тармақ 3
3. «Электрондық үкiметтiң» архитектурасын «электрондық үкімет» сервистік интеграторы дамытуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. «Электрондық үкімет» архитектурасын дамыту оны ағымдағы жай - күйден жоспарлы нысаналы жай-күйге - цифрлық мемлекетке біртіндеп көшірудің тұрақты серпінді процесі болып табылады.
Тармақ 5
5. «Электрондық үкімет» архитектурасының жоспарлы нысаналы жай-күйі мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгіленген басымдықтар негізге алына отырып айқындалады.
Тармақ 6
6. «Электрондық үкімет» архитектурасын дамытудың алғышарттары: Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері; мемлекеттік органдардың цифрлық трансформация стратегияларының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу; бизнес-процестерді реинжинирингтің мақсатты нұсқасына қол жеткізу; деректерді басқару; «электрондық үкімет» архитектурасын іске асыру мониторингінің нәтижелері.
Тармақ 7
7. «Электрондық үкімет» архитектурасын дамыту келесі түйінді талаптар негізінде жүзеге асырылады: цифрлық нысанда көрсетілген мемлекеттік органдардың қызметі мен құрлымы; ақпараттандыру саласындағы проблемаларды шешудің бірігей тәсілі (мемлекет азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандырады); мемлекеттік қызметтердің барлық жерде және белсенді болуы; деректерді цифрлық экожүйенің негізгі элементі ретінде пайдалану; ашық бағдарламалық кодтарға көшу (ақпараттандыру объектісін құруға және пайдалануға арналған шығындар мен оның жұмыс істеуінен алынған экономикалық тиімділік арасындағы ұтымды арақатынас); мемлекеттік қызметшілер озық технологиялар интеграторы ретінде; мемлекеттік органдар қызметінің айқындығы мен ашықтығы.