О внесении изменений в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 31 мая 2018 года № 29/154 «О повышении ставок земельного налога по Есильскому району» Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 29/154 «Есіл ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының «Есіл ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» 2018 жылғы 31 мамырдағы № 29/154 шешіміне (2018 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4755 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
«Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің (әрі қарай -Кодекс) 509-бабының 5-тармағына, 510-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
2-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап құқықтық қатынастарға қолданылады.