О внесении изменения в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 31 мая 2018 года № 29/154 «О повышении ставок земельного налога по Есильскому району» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Есіл ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 29/154 шешіміне өзгеріс енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының «Есіл ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» 2018 жылғы 31 мамырдағы № 29/154 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4755 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1 тармағы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап құқықтық қатынастарға таралады.